Показания к применению
Дәрілік препарат ересектерде және 15 жастан асқан балаларда қолданылады
- артралгияда
- невралгияда
- миалгияда
- ишиаста
- радикулитте.
Дәрілік препарат ересектерде және 15 жастан асқан балаларда қолданылады
- артралгияда
- невралгияда
- миалгияда
- ишиаста
- радикулитте.
Белсенді заттарға немесе препараттың қандай да бір қосымша затына жоғары сезімталдығы.
Ойық жаралар мен терінің басқа да аурулары.
Өкпенің жедел туберкулезі.
Ми мен коронарлық қан айналымының бұзылуы.
Ангиоспазм туындауына бейімділік.
Бүйрек пен бауыр функциясының ауыр бұзылулары.
15 жасқа дейінгі балалар.
Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары
Жақпамайды зақымданған теріге жағуға болмайды. Қатты тітіркенуді болғызбау үшін жақпамайдың көзге немесе шырышты қабықтарға тимеуін қадағалау қажет.
Жақпамай құрамында қосымша заттар ретінде цетостеарилді спирт бар, ол тері реакцияларын (мысалы, жанаспалы дерматит) туындатуы мүмкін.
Аллергиялық реакциялар туындағанда емдеуді тоқтату және теріден жақпамайды жуып тастау керек. Аллергиялық реакциялардың симптомдары емдеуді тоқтатқаннан кейін жоғалады.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Өзара әрекеттесулер зерттелмеген.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
15 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүкті әйелдерде дәрілік затты қолдану туралы жеткілікті деректер жоқ. Қауіпсіздігі туралы тиісті деректердің болмауына байланысты дәрілік препаратты жүктілік және бала емізу кезінде қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Дозалау режимі
Жақпамай сыртқа қолданылады. Тері бетінің көлеміне қарай ауыратын аймаққа кішкене аз мөлшерден 5-10 г (1-2 шай қасық) жақпамайды ауыру қарқынына қарай тәулігіне 1-2 реттен ауыру синдромы жойылғанға дейін жағады.
Егер жағдайы жақсармаса немесе Випросал В® жақпамайын қолданғаннан кейін нашарласа, дәрігерге қаралу керек.
Енгізу әдісі мен жолы
Сыртқа қолдануға арналған.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу ұзақтығы аурудың сипаты мен ауырлығына байланысты.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Артық дозалану жағдайлары жөнінде хабарланбаған.
Жақпамай шырышты қабықтарға тиген жағдайда қатты тітіркендіреді.
Жақпамайды кездейсоқ жұтып қойғанда дәрігерге жүгіну керек. Препараттың қаптамасын өзіңізбен бірге алып жүру ұсынылады.
Симптомдары: құсу және диарея. Жақпамады көп мөлшерде кездейсоқ жұтып қойғанда жүрек айну, құсу, іштің ауыруы және бас ауыруы, бас айналу, жылу/ыстықты сезіну, құрысулар, респираторлық депрессия және кома сияқты жедел улану симптомдары білінуі мүмкін.
Емі: симптоматикалық. Құстыртуға болмайды.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Дәрілік препаратты қолдану бойынша сұрақтар болған жағдайда емдеуші дәрігермен, фармацевтика қызметкерімен немесе медбикемен кеңесіңіз.
30 г, 50 г немесе 75 г препарат мойнында қорғаныш алюминий жарғақшасы және пластмассадан жасалған бұралатын бушонда жарғақшаны тесуге арналған конус сияқты тетігі бар, ішкі беті лакпен жабылған алюминий сықпаға салынады.
Сықпа медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге қораптық картоннан жасалған қорапшаға салынады.
Алғашқы ашуды бақылау үшін бумаға стикер салынуы мүмкін.
25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.
от