daribar logo
Каталог
search-icon
Город
Қаз
Аптекам
Консультация

Корзина

Актобе қаласындағы Aertal Таблеткалары 100 Мг №60 | Гедеон Рихтер ОАО

Актобе қаласындағы Aertal Таблеткалары 100 Мг №60 | Гедеон Рихтер ОАО

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Доставка или бронь на 24 часа

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage
Описание:

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, бір жағында «А» өрнекті жазуы және екінші жағы тегіс ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, диаметрі 8 мм жуық.

Международное наименование:

Ацеклофенак

Производитель:

Гедеон Рихтер ОАО

Страна производитель:

Венгрия

Действующее вещество:

қосымша заттар: глицерол дистеараты (I типі), натрий кроскармеллозасы, повидон, микрокристалды целлюлоза. қабықтың құрамы: Сепифильм 752 ақ: гидроксипропилметилцеллюлоза, микрокристалды целлюлоза, титанның қостотығы (Е 171), макрогол стеараты (I типі).

Дозировка активного вещества:

100 мг

Лекарственная форма:

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 100 мг

Количество в упаковке:

60 шт
...loading

Инструкция

Показания к применению

- остеоартрит, ревматоидты артрит, шорбуынданатын спондилоартрит және ауырумен қатар жүретін тірек-қимыл аппаратының басқа да ауруларында (мысалы, иық-жауырын периартриті және басқа да буыннан тыс ревматизм көріністері)

- әртүрлі этиологиядағы аурусынуды жою (белдің, тістің ауыруы және алғашқы дисменорея сияқты)

Противопоказания

ацеклофенак немесе препараттың қосымша компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

осыған ұқсас әсері бар препараттар (мысалы, ацетилсалицил қышқылы немесе басқа да қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер (ҚҚСП)) демікпе ұстамаларына, бронх түйілуіне, жедел ринитке немесе есекжемге түрткі болатын пациенттер; немесе егер осы заттарға аса жоғары сезімталдық бар болса

ҚҚСП қабылдау кезінде асқазан-ішек жолының тесілуі немесе қан кету жағдайлары болған пациенттер

анамнезінде жедел, қайталанатын немесе болжамды асқазан немесе он екі елі ішектің ойық жарасы немесе қан кету (ойық жара немесе қан кетудің екі немесе одан көп нақты және дәлелді көрінісі) бар пациенттер

жедел қан кету немесе қан кетулермен қатар жүретін аурулары (гемофилия немесе қан ұюдың бұзылуы) бар пациенттер

анықталған жүрек жеткіліксіздігі (Нью-Йорк кардиологиялық ассоциациясының (NYHA) шкаласы бойынша II-IV дәрежедегі функционалдық класс), жүректің ишемиялық ауруы, шеткері артерия аурулары немесе цереброваскулярлық аурулар.

бауыр немесе бүйрек функциясының ауыр бұзылуы

жүктілік және лактация кезеңі

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.

Взаимодействие

Варфаринді қоспағанда, препараттардың өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілмеген.

Ацеклофенак P450 цитохромының 2C9 изоэнзимі арқылы метаболизденеді және ацеклофенак сондай-ақ осы ферменттің тежегіші болуы мүмкін. Осылайша, фенитоин, циметидин, толбутамид, фенилбутазон, амиодарон, миконазол және сульфафеназолмен бір мезгілде қабылдау кезінде фармакокинетикалық өзара әрекеттесу болуы мүмкін. ҚҚСП тобындағы басқа заттар жағдайындағы сияқты, организмнен белсенді бүйрек секрециясы арқылы шығарылатын метотрексат және литий препараттары сияқты басқа препараттармен фармакокинетикалық өзара әрекеттесу қаупі де артады. Ацеклофенак плазма альбуминімен толық дерлік байланысады, демек ақуыздармен байланысатын басқа препараттармен ығыстыру типі бойынша өзара әрекеттесу мүмкіндігі бар. Ацеклофенакпен байланысты деректердің жеткіліксіздігіне орай, келесі ақпарат басқа ҚҚСП туралы қолдану тәжірибесіне негізделген.

Мыналармен бір мезгілде қолданбау керек:

Метотрексат: ҚҚСП метотрексаттың өзекшелік секрециясын тежейді; оның үстіне, метотрексат клиренсінің азаюына алып келетін аздаған метаболизмдік өзара әрекеттесуді байқауға болады. Сондықтан, метотрексаттың жоғары дозаларын қолданғанда ҚҚСП тағайындалмау керек.

Литий препараттары және дигоксин: кейбір ҚҚСП литий мен дигоксиннің бүйректік клиренсін тежейді, бұл екі заттың сарысудағы концентрациясын арттырады. Егер литий және дигоксин концентрацияларына жиі мониторинг жасалмаса, бірге қолданудан аулақ болу керек.

Антикоагулянттар: ҚҚСП тромбоциттер агрегациясын тежейді және асқазан-ішек жолының шырышты қабығын зақымдайды, бұл антикоагулянттар қабылдап жүрген пациенттерде антикоагулянттардың әсерін күшейтуі және асқазан-ішек жолынан қан кету қаупін арттыруы мүмкін. Егер пациенттің жай-күйіне тиянақты мониторинг жасалмаса, ацеклофенак пен кумариндік топтың ішуге арналған антикоагулянттарын, тиклопидин мен тромболитиктерді бірге қолданбау керек.

Антиагрегантты дәрілер және серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштерді (SSRIs) ҚҚСП-мен бірге қолданғанда асқазан-ішек жолынан қан кету қаупін арттыруы мүмкін.

Мына біріктірілімдер дозаны таңдауды және сақ болуды талап етеді:

Метотрексат: ҚҚСП мен метотрексаттың өзара әрекеттесуі, әсіресе, бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде, тіпті метотрексаттың төмен дозасында да болуы мүмкін екенін ескерген жөн. Бір мезгілде қолданғанда бүйрек функциясының көрсеткіштерін бақылау керек. Егер екі препарат, ҚҚСП мен метотрексат, 24 сағат ішінде қабылданса сақ болу керек, өйткені метотрексат концентрациясы жоғарылауы мүмкін, бұл осы препараттың уыттылығын арттырады.

Циклоспорин, такролимус: ҚҚСП циклоспоринмен немесе такролимуспен бір мезгілде қабылданғанда бүйректе простациклин синтезінің төмендеуі салдарынан жоғары нефроуыттылық қаупін ескеру керек. Сондықтан бір мезгілде қабылдағанда бүйрек функциясы көрсеткіштерін мұқият бақылау керек.

Басқа ҚҚСП: бір мезгілде ацетилсалицил қышқылын немесе ҚҚСП қабылдағанда жағымсыз құбылыстардың туындау жиілігі артуы мүмкін, сондықтан сақ болу керек.

Кортикостероидтар: асқазан-ішек жолынан ойық жараның немесе қан кетудің пайда болу қаупі артады.

Диуретиктер: ацеклофенак, басқа да ҚҚСП сияқты, диуретиктер белсенділігін тежеуі мүмкін, фуросемид пен буметанидтің диурездік әсерін және тиазидтердің гипертензияға қарсы әсерін азайта алады. Калий жинақтаушы диуретиктермен бірге қабылдау калий мөлшерін арттыруы мүмкін; демек, қан сарысуындағы калий мөлшерін ұдайы бақылау қажет.

Ацеклофенак бендрофлуметиазидпен бірге қолданғанда, басқа диуретиктермен өзара әрекеттесуін жоққа шығаруға болмаса да, артериялық қысымның бақылануына ықпал етпеген.

Гипотензиялық препараттар: ҚҚСП гипотензиялық препараттар әсерін де азайтуы мүмкін. АӨФ тежегіштерін немесе ангиотензин ІІ рецепторлары антагонистерін және ҚҚСП бірге қабылдау бүйрек функциясының бұзылуына әкелуі мүмкін. Бүйрек функциясының бұзылулары бар кейбір пациенттерде, мысалы, егде жастағы немесе сусызданған пациенттерде, әдетте, қайтымды сипатта болатын жедел бүйрек жеткіліксіздігінің пайда болу қаупі арта түседі. Сондықтан, ҚҚСП-мен бірге қолданғанда, әсіресе, егде жастағы пациенттерде сақ болу керек. Пациенттер сұйықтықтың қажетті мөлшерін ішуі және тиісінше бақылауда болуы (бірге қолданудың басында және ем барысында ұдайы бүйрек функциясын бақылау) тиіс.

Гипогликемиялық дәрілер: диклофенакты ішуге арналған гипогликемиялық дәрілермен олардың клиникалық әсеріне ықпал етпестен бірге қолдануға болады. Алайда препараттың гипогликемиялық және гипергликемиялық әсерлері жөнінде жекелеген хабарламалар бар. Осылайша, ацеклофенак қабылдағанда гипогликемияға әкеп соқтыратын препараттардың дозаларын түзету керек.

Зидовудин: ҚҚСП мен зидовудинді бір мезгілде қабылдағанда гематологиялық уыттылық қаупі артады. Зидовудин мен ибупрофен алатын гемофилиямен АИТВ(+) пациенттерде гемартроздар мен гематомалардың пайда болу қаупінің жоғарылауы жөнінде деректер бар.

Арнайы ескертулер

Бір мезгілде АЭРТАЛ® препаратын және циклооксигеназа-2 селективті тежегіштерін қамтитын басқа ҚҚСП қолданбау керек.

Асқазан-ішек жолына әсері

АІЖ-дағы өліммен аяқталатын қан кету, ойық жара немесе тесілу емделудің кез келген кезеңінде басқа ҚҚСП қабылданғанда қауіпті симптомдар болған кезде де, оларсыз да, анамнезінде АІЖ күрделі патологиялық жағдайлары болғанда да, олар болмағанда да байқалды. Ойық жара байқалған пациенттерде, әсіресе, егер ол егде жастағы пациенттерде қан құйылумен немесе тесілумен қатар жүрсе, ҚҚСП дозасын арттырумен асқазан-ішектен қан кету, асқазанның немесе ішекте ойық жараның түзілу және оның тесілу қаупі арта түседі. Бұл пациенттерге препараттың ең төмен тиімді дозасын қабылдау керек. Оларға протектор-препараттар (мысалы, мизопростол немесе протонды помпа тежегіштері) қолданылатын біріктірілген ем қажет, сонымен қатар осындай ем аспирин немесе асқазан-ішек жолының жағдайына теріс әсер ететін басқа препараттардың аздаған дозаларын қабылдайтын пациенттерге қажет.

АІЖ аурулары бар пациенттер, соның ішінде егде жастағы пациенттер АІЖ-мен байланысты кез келген әдеттен тыс симптомдар туралы (әсіресе, қан кету), соның ішінде препаратты алғаш қабылдау тұсында хабарлауы тиіс. Жүйелі кортикостероидтар, антикоагулянттар (варфарин сияқты), серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштер немесе антиагреганттар (ацетилсалицил қышқылы сияқты) тәрізді қан кетудің немесе ойық жараның пайда болу қаупін арттыратын препараттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттерге айрықша сақтану шараларын қадағалау керек.

АЭРТАЛ® қабылдайтын пациенттерде асқазан-ішектен қан кетуі немесе ойық жара туындағанда емдеуді тоқтату керек.

Жүрек-қантамыр және орталық жүйке жүйесіне ықпал етуі

Артериялық гипертензиясы және/немесе жеңіл немесе орташа дәрежедегі іркілісті жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге тиісті мониторинг және айрықша нұсқаулар қажет, өйткені ҚҚСП қабылдаумен астасқан организмдегі сұйықтық іркілуі мен ісінулер хабарланған.

Іркілісті жүрек жеткіліксіздігі (NYHA бойынша I функционалдық класс), жүрек-қантамыр жүйесі үшін қауіп факторлары (мысалы, артериялық гипертензия, гиперлипидемия, қант диабеті және шылым шегу) бар пациенттерге ацеклофенакты қолданғанда аса сақтық таныту керек. Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан болатын жағымсыз құбылыстар қаупі дозаны ұлғайтумен және препаратты қолдану ұзақтығымен өсуі мүмкін болғандықтан, симптомдарды бақылау үшін қажетті ең қысқа мерзім ішінде ең төменгі тиімді тәуліктік дозаны пайдалану керек. Пациенттің симптоматикалық емдеуді қажет етуін мезгіл-мезгіл бақылау және емге жауапты бағалап отыру керек.

Сонымен қатар, анамнезде цереброваскулярлық қан кетуі бар пациенттерге ацеклофенак тағайындалғанда сақтық шарасын қадағалап, мұқият медициналық бақылауға алу керек.

Бауырға және бүйрекке әсері

ҚҚСП қабылдау простагландин түзілуінің дозаға тәуелді редукциясын және бүйрек жеткіліксіздігін туындатуы мүмкін. Жүрек, бүйрек немесе бауыр функциясы бұзылған пациенттерде, диуретиктер алатын тұлғаларда немесе ауқымды хирургиялық араласудан кейінгі пациенттерде, сондай-ақ егде жастағы пациенттерде препаратты қабылдағанда бүйректік қан ағымын қамтамасыз етуде простагландиннің маңызды екенін ескеру керек. Жеңіл немесе орташа дәрежедегі бауыр және бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде, сондай-ақ организмде сұйықтықтың іркілуіне бейімдендіретін басқа жай-күйлері бар пациенттерде препаратты қабылдағанда сақ болу керек. Осы пациенттерде ҚҚСП пайдалану бүйрек функциясының нашарлауына және сұйықтық іркілісіне әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, АЭРТАЛ® препаратын диуретиктер қабылдайтын пациенттерде немесе гиповолемия қаупі жоғары тұлғаларда қабылданғанда сақтық шарасын қадағалау керек. Ең төмен тиімді доза және бүйрек функциясына жүйелі дәрігерлік бақылау қажет. Бүйрек тарапынан болатын құбылыстар, әдетте, ацеклофенак қабылдауды тоқтатқаннан кейін басылады. Егер бауыр функциясы көрсеткіштерінің өзгерістері сақталса немесе нашарласа, бауыр ауруларының клиникалық белгілері немесе симптомдары дамыса немесе басқа көріністері (эозинофилия, бөртпе) білінсе, ацеклофенак қабылдауды тоқтату керек. Гепатит продромальді симптомдарсыз дамуы мүмкін.

Бауыр порфириясы бар пациенттерде ҚҚСП қолдану порфирия ұстамасына түрткі болуы мүмкін.

Аса жоғары сезімталдық және тері реакциялары

Препарат, басқа да ҚҚСП сияқты, тіпті емдеу курсының ерте кезеңдерінде, анафилаксиялық/анафилактоидты реакцияларды қоса, аллергиялық реакциялар туындатуы мүмкін. ҚҚСП қабылдаудан кейін эксфолиативті дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы мен уытты эпидермалық некролизді қоса, ауыр тері реакциялары (олардың кейбірі өліммен аяқталуы мүмкін) өте сирек байқалған. Осы реакциялар туындауының ең жоғары қаупі пациенттерде препарат қабылдаудың басында байқалады, көбінесе препарат қабылдаудың алғашқы айында байқалады. Тері бөртпесі, ауыз қуысы шырышты қабығының зақымдануы немесе аса жоғары сезімталдықтың басқа белгілері пайда болғанда ацеклофенак қабылдауды дереу тоқтату керек.

Айрықша жағдайларда, желшешекте: терінің және жұмсақ тіндердің күрделі инфекциялары сияқты асқынулар пайда болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта осы инфекциялар ағымын нашарлатуда атқаратын ҚҚСП рөлін жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан желшешекте АЭРТАЛ® препаратын қабылдаудан аулақ болу керек.

Гематологиялық бұзылулар

Ацеклофенак тромбоциттер агрегациясының қайтымды тежелісін туындатуы мүмкін.

Тыныс алу жүйесі тарапынан бұзылулар

Қазіргі уақытта немесе анамнезінде бронх демікпесі бар пациенттерде препарат қабылдағанда сақ болу керек, өйткені ҚҚСП қабылдау ондай пациенттерде кенеттен бронх түйілуінің дамуына түрткі болуы мүмкін.

Егде жастағы пациенттер

Препаратты егде жастағы пациенттерде қабылдағанда сақ болу керек, өйткені оларда ҚҚСП қабылдау кезінде жағымсыз құбылыстар (әсіресе, асқазан-ішек жолынан қан кету және тесілу) жиірек пайда болады. Асқынулар өліммен аяқталуы мүмкін. Оның үстіне, егде жастағы пациенттер бүйрек, бауыр немесе жүрек-қантамыр жүйесі ауруларынан жиірек зардап шегеді.

Ұзақ уақыт қолдану

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен ұзақ уақыт ем алатын барлық пациенттер, алдын алу шарасы ретінде мұқият бақылауда (мысалы, жалпы қан талдауы, функционалдық бауыр және бүйрек тестілері) болуы тиіс.

Рекомендации по применению

Дозалау режимі

Қолайсыз құбылыстарды ең төмен тиімді дозаны қолданғанда және емдеу ұзақтығын ауру симптомдарының бақылануына жетуге қажетті ең төменіне дейін қысқартумен азайта түсуге болады.

Препарат ішке қабылдауға арналған; таблетканы кем дегенде жарты стақан сумен ішіп, жұтқан жөн. АЭРТАЛ® препаратын ас ішкенде қабылдауға болады.

Ересектер

Ұсынылатын ең жоғары дозасы күніне 100 мг-ден екі бөлек (таңертең бір таблетка және біреуі кешкілік) қабылданатын 200 мг құрайды.

Пациенттердің ерекше топтары

Егде жастағы пациенттер

Әдетте дозаны азайту қажеттілігі жоқ; дегенмен алдын ала сақтану шараларын қабылдау қажет.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Ацеклофенак дозасын әлсіз немесе орташа дәрежедегі бауыр ауруларына шалдыққан пациенттерде азайту керек. Ұсынылатын бастапқы дозасы күніне 100 мг құрайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек функциясы жеңіл дәрежеде бұзылған пациенттерде ацеклофенак дозасын азайту қажеттілігі жөнінде деректер жоқ, бірақ АЭРТАЛ® препаратын қолдану кезінде сақ болу керек.

Балалар

Препаратты балаларда қабылдаудың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жоқ.

Форма выпуска

10 таблеткадан полиамид/алюминий/поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

2 немесе 6 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Условия хранения

25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Срок годности

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Детали покупки

Оплата

При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

...loading

Качество и забота о клиентах на Daribar.kz

На нашем сайте доступна покупкаAertal таблеткалары 100 мг №60 онлайн в аптеках города . по конкурентоспособным ценам.

Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация
5955

от

Ваша выгода до: 437

i

Выгода за счет лучшего поиска:

Средняя цена в Актобе:

При заказе на Daribar от:

Ваша выгода до:

6392

5955

437

В корзину

Содержание

Кратко о товареАналогиИнструкцияДетали покупки

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube