Показания к применению
- D дәруменінің тапшылығын емдеу
- D дәруменінің тапшылығын емдеу
- D дәруменіне немесе препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
- D гипервитаминозы
- гиперфосфатемиямен жүретін бүйрек остеодистрофиясы
- гиперкальциемия және / немесе гиперкальциурия
- несептас ауруы, бүйректе кальций тастарының болуы немесе түзілу қаупі
- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі
- жүктілік
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Сақтықпен:
- саркоидозы бар пациенттерде
Холестирамин, колестипол гидрохлориді, орлистат сияқты ион алмастыратын шайырларды, немесе парафин майы сияқты іш жүргізетін дәрілерді бір мезгілде қабылдау D дәруменінің асқазан-ішектік сіңуін азайтуы мүмкін.
Кальцийдің сіңуі натрий сульфатын ішу арқылы қолданумен немесе магний сульфатын парентеральді қолданумен азайтылуы мүмкін.
Глюкокортикоидтарды бір мезгілде қолдану D дәруменінің әсерін азайтуы мүмкін.
Құрысуға қарсы препараттарды (мысалы, фенитоин), гидантоинды, примидонды немесе барбитураттарды (және, ықтимал, бауыр ферменттерінің индукциясын туындататын басқа дәрілерді) бір мезгілде қолдану D дәруменінің әсерін метаболизмдік белсенділіктің жойылуы есебінен азайтуы мүмкін.
Құрамында дигиталис бар препараттармен, немесе басқа жүрек гликозидтерімен емдеген жағдайда D дәруменін бір мезгілде қолдану жүрек гликозидтерінің уыттылығы (аритмиялар) қаупін арттыруы мүмкін. Қатаң дәрігерлік бақылау, сондай-ақ қан сарысуындағы кальций концентрациясына және қажет болған жағдайда ЭКГ-ге мониторинг жүргізу керек.
Цитоуытты агент актиномицин және зеңге қарсы дәрі имидазол D дәруменімен өзара әрекеттескен кезде бүйрек ферменті 25-гидроксидәрумен D-1α-гидроксилазаның әсер етуімен D 25-гидроксидәруменінің D 1,25-дигидроксидәруменге айналуын тежейді.
Таблетканы тұтастай жұтып (шайнамай), артынан су ішкен жөн. Негізінен тамақпен бірге қабылдаған дұрыс.
Дозалау режимі
Ересектерде D дәрумені тапшылығын емдеу: 6-8 апта бойы аптасына 50.000 ХБ (1 таблетка), кейіннен демеуші ем (күніне 1400-2000 ХБ баламалы), яғни айына 1 таблетка 50.000 ХБ. Демеуші ем мақсаттық деңгейге қол жеткізуді сақтау үшін кейінгі 3-4 ай ішінде қандағы 25-(OH) D концентрациясын бақылай отырып жүргізіледі. D дәруменінің тапшылығы қаупі жоғары пациенттердің төменде көрсетілген белгілі бір топтары өте жоғары дозаларды керек етуі мүмкін, мұндайда қандағы 25-(OH) D концентрацияларына бақылау жүргізу қажет:
институционализацияланған немесе ауруханаға жатқызылған адамдар
қара нәсілділер
қорғаныш киімі болғандықтан инсоляция жеткіліксіз болатын немесе күннен қорғайтын кремді үнемі пайдаланатын адамдар
семіздіктен зардап шегетін адамдар
остеопороз диагностикаланған адамдар
дәрілік препараттарды (мысалы, құрысуға қарсы препараттарды, глюкокортикоидтарды) қатар қабылдап жүрген адамдар
мальабсорбциядан, соның ішінде ішектің қабыну ауруларынан және глютенді энтеропатиядан зардап шегетін адамдар
D дәрумені тапшылығына қатысты емделуден өткен, демеуші емді қажет ететін адамдар
Балалар
Препарат балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдануға арналмаған.
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар
D дәруменін шамадан тыс пайдалану гиперкальциемияның және гиперкальциурияның дамуына әкеледі, және келесі симптомдарды: анорексияны, іштің қатуын, жүректің айнуын және құсуды, диареяны, полиурияны, сусыздануды, тершеңдікті, бас ауыруды, шөлдеуді және бас айналуды, сүйектердің ауыруын, апатияны туындатуы мүмкін.
Жекелеген жедел артық дозалану уытты болып табылмайды және сұйықтықтың мол мөлшерімен ғана демеуші ем жүргізуді қажет етеді. D дәруменінің жоғары дозаларын үнемі қолдану гиперкальциемияға, гиперкальциурияға және гиперфосфатемияға әкеп соғуы мүмкін. Созылмалы артық дозалану гиперкальциемия нәтижесі ретінде тамырлардың және ағзалардың кальцинозына әкелуі мүмкін. Кальцийді және фосфаттарды қатар қолдану осындай бұзылуларға әкелуі мүмкін.
Гиперкальциемиямен бірге D дәруменімен артық дозалану құрамында кальций мөлшері төмен дәрумендер қабылдауды тоқтату және сұйықтықты мол пайдалану арқылы емделеді. Кейбір жағдайларда пациенттің жағдайына байланысты инфузиялық терапия, симптоматикалық және демеуші ем қолданылуы мүмкін. Мұндайда пациенттің қанындағы және несебіндегі кальций концентрациясын бақылау қажет.
Егер осы препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтар туындаса, өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
8 немесе 15 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Ылғалдан қорғалған жерде, +30°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.
от
Ваша выгода до: 684₸
Выгода за счет лучшего поиска:
Средняя цена в Актобе:
При заказе на Daribar от:
Ваша выгода до:
7889₸
7205₸
684₸