Қолдану көрсеткіштері
Қантамырлардың аурулары:
- шеткері қантамырлардың аурулары: Рейно ауруы, акроцианозбен және тамыр түйілулерімен қатар жүретін басқа аурулар, сондай-ақ артериялар окклюзиясы тудырған жай-күйлерде
- ми қантамырларының аурулары: ми қан айналымы бұзылуында кешенді ем құрамында
Ішкі ағзалардың түйілуін жою:
- асқазан-ішек аурулары: түрлі этиологиядағы гастроэнтериттер (әсіресе инфекциялық), инфекциялық және қабынбалы колиттер, тоқ ішектің функционалдық аурулары, тенезмдер, операциядан кейінгі метеоризм, холецистит, өт-тас ауруы, холецистэктомиядан кейінгі жағдай, Одди сфинктерінің дискинезиясы кезіндегі моториканың бұзылуы, асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруларында басқа дәрілік препараттармен біріктірілімде
- урологиялық синдромдар: қуық тенезмдері, несеп-тас ауруының қосымша емі (бүйрек шаншуы кезінде анальгетиктермен біріктіре отырып), зерттеудің аспаптық тәсілдеріне дайындықта