daribar logo
Каталог
search-icon
Город
Қаз
Аптекам
Консультация

Корзина

Актобе қаласындағы Ибуфен Шағын Кіші Капсулалар 100 Мг №15 | Фармацевтический завод «ПОЛЬФАРМА» АО

Актобе қаласындағы Ибуфен Шағын Кіші Капсулалар 100 Мг №15 | Фармацевтический завод «ПОЛЬФАРМА» АО

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Доставка или бронь на 24 часа

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage
Описание:

Ашық сары түсті, жігі бар жұмсақ капсулалар, капсула ішінде - тұтқыр сұйықтық.

Международное наименование:

Ибупрофен

Производитель:

Фармацевтический завод «ПОЛЬФАРМА» АО

Страна производитель:

Республика Польша

Действующее вещество:

қосымша заттар: макрогол 600, калий гидроксиді, тазартылған су, капсула қабығы: желатин, сұйық сорбитол (кристалданбаған), сұйық мальтитол, тазартылған су.

Дозировка активного вещества:

100 мг

Количество в упаковке:

15 шт.

Инструкция

Показания к применению

Препарат дене салмағы 20 кг-ден (7 жас) 40 кг-ге (12 жас) дейінгі балаларға көрсетілген.

Температураны төмендету және суық тию мен тұмау симптомдарын, сондай-ақ тамақ ауыруы, тіс ауыруы, құлақ ауыруы, бас ауыруы, шамалы ауырсыну мен созылу сияқты жеңіл және орташа ауырсынуды басуға арналған.

Противопоказания

ибупрофенге немесе препараттың құрамына кіретін компоненттердің кез келгеніне жоғары сезімталдық

анамнезінде ацетилсалицил қышқылын (салицилаттарды) немесе басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (ҚҚСП) қолдануға байланысты аса жоғары сезімталдық реакцияларының (бронх демікпесі, бронх түйілуі, ринит, риносинусит, мұрынның немесе мұрын маңы қойнауларының қайталанатын полипозы, Квинке ісінуі, есекжем) болуы

белсенді қайталанатын ойық жара ауруы/қан кету немесе қайталанатын ойық жара ауруы/анамнезінде қан кету (расталған ойық жараның немесе қан кетудің екі немесе одан да көп жеке эпизодтары)

қан кету немесе ҚҚСП қолданудан туындаған анамнездегі асқазан-ішек жолындағы (АІЖ) ойық жараның тесілуі

жүректің ауыр жеткіліксіздігі (NYHA IV класы), бауырдың/ бүйректің ауыр жеткіліксіздігі

гемофилия және қан ұюының басқа да бұзылулары (оның ішінде гипокоагуляция), геморрагиялық диатездер

жүктілік (үшінші триместр)

7 жасқа дейінгі балалар

тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы (сонымен қатар «Арнайы ескертулер» - Қосымша заттар бөлімін қараңыз)

Взаимодействие

Ибупрофенді келесі дәрілік заттармен бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек:

Ацетилсалицил қышқылы (аспирин)

Ибупрофенді ацетилсалицил қышқылымен біріктірілген емдеу жағымсыз реакциялардың даму қаупінің жоғарылауына байланысты ұсынылмайды. Айрықша жағдайларда дәрігердің ұсынысы бойынша аспириннің төмен (тәулігіне 75 мг-ден аспайтын) дозалары тағайындалуы мүмкін.

Ибупрофен бір мезгілде қабылданған аспириннің төмен дозаларының тромбоциттер агрегациясына әсерін бәсеңдете алады. Тұрақты қолданбау кезінде бұндай клиникалық маңызды әсердің болуы екіталай.

Басқа ҚҚСП, соның ішінде циклооксигеназа-2 селективті тежегіштері (ЦОГ-2)

Жағымсыз реакциялардың пайда болу қаупінің жоғарылауына байланысты ҚҚСП тобынан екі немесе одан да көп препараттарды бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек.

Бір мезгілде келесі дәрілік заттармен сақтықпен қолдану керек:

Кортикостероидтар

АІЖ ойық жарасының пайда болуы мен асқазан-ішектен қан кету қаупінің жоғарылауы.

Гипертензияға қарсы дәрілер (AӨФ тежегіштері және ангиотензин II антагонистері) мен диуретиктер

ҚҚСП осы топтардағы препараттардың тиімділігін төмендетуі мүмкін. Бүйрек функциясы бұзылған кейбір пациенттерде (мысалы, сусыздануы бар пациенттер немесе бүйрек функциясы бұзылған егде жастағы пациенттер) ибупрофенді АӨФ тежегіштерімен немесе ангиотензин II антагонистерімен және циклооксигеназаны тежейтін дәрілік заттармен бірге қабылдау бүйрек функциясының одан әрі нашарлауына, соның ішінде әдетте қайтымды болатын жедел бүйрек жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін. Бұл өзара әрекеттесулерді коксибті АӨФ тежегіштерімен немесе ангиотензин II антагонистерімен бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде ескеру қажет. Осылайша, препараттар біріктірілімін сақтықпен қабылдау керек; бұл әсіресе егде жастағы пациенттерге қатысты. Пациенттер оңтайлы су теңгерімін сақталуын қадағалап, қатар жүретін ем басталғаннан кейін және одан әрі мезгіл-мезгіл бүйрек функциясын тексеруі керек. Диуретиктер ҚҚСП нефроуыттылық қаупін арттыруы мүмкін.

Антикоагулянттар

ҚҚСП варфарин сияқты антикоагулянттардың әсерін күшейтуі мүмкін.

Антиагреганттар және серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері

Асқазан-ішектен қан кету туындауының жоғары қаупі.

Жүрек гликозидтері

ҚҚСП және жүрек гликозидтерін бір мезгілде тағайындау жүрек жеткіліксіздігінің өршуіне, шумақтық сүзілу жылдамдығының төмендеуіне және қан плазмасындағы жүрек гликозидтері концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін.

Литий препараттары

ҚҚСП қолдану аясында қан плазмасындағы литий концентрациясы жоғарылауының ықтималдығы бар.

Метотрексат

ҚҚСП қолдану аясында қан плазмасындағы метотрексат концентрациясы жоғарылауының ықтималдығы бар.

Циклоспорин

Нефроуыттылық қаупінің жоғарылауы.

Мифепристон

ҚҚСП мифепристон тиімділігін төмендету ықтималдығына байланысты оның қабылдауын мифепристон қабылдағаннан кейін 8-12 күннен ерте бастауға болмайды.

Такролимус

ҚҚСП және такролимусты бір мезгілде тағайындау кезінде нефроуыттылық қаупі жоғарылауы мүмкін.

Зидовудин

ҚҚСП және зидовудинді бір мезгілде қолдану гематоуыттылықтың жоғарылауына әкелуі мүмкін. Зидовудин мен ибупрофенді біріктіре қабылдаған гемофилиясы бар АИТВ-оң пациенттерде гемартроз бен гематомалардың даму қаупі бар.

Хинолон қатарындағы антибиотиктер

ҚҚСП және хинолон қатарындағы антибиотиктерді бірлестіре ем қабылдайтын пациенттерде құрысулардың туындау қаупі жоғарылауы мүмкін.

Аминогликозидтер

Ибупрофен аминогликозидтердің шығарылуын төмендетуі мүмкін.

Пробенецид және сульфинпиразон

Құрамында пробенецид немесе сульфинпиразон бар дәрілік препараттар ибупрофеннің шығарылуын кешіктіруі мүмкін.

Сульфонилмочевина туындылары

Ибупрофенді сульфонилмочевина туындыларымен бірге қолдану кезінде сақтық шарасы ретінде қандағы қант деңгейін тұрақты бақылау қажет.

Форма выпуска

15 капсуладан поливинилхлоридті/поливинилдихлоридті үлбірден және алюминий фольгадан (Ал/ПВДХ/ПВХ) жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

1 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Условия хранения

Түпнұсқалық қаптамада, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Срок годности

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Детали покупки

Оплата

При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

...loading

Качество и забота о клиентах на Daribar.kz

На нашем сайте доступна покупкаибуфен шағын кіші капсулалар 100 мг №15 онлайн в аптеках города . по конкурентоспособным ценам.

Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация
915

от

Ваша выгода до: 192

i

Выгода за счет лучшего поиска:

Средняя цена в Актобе:

При заказе на Daribar от:

Ваша выгода до:

1107

915

192

В корзину

Содержание

Кратко о товареИнструкцияДетали покупки

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube