Показания к применению
ДП 18 жастан асқан ересектерде қолдануға көрсетілімде
- ревматизмдік немесе жарақаттан болған буын, бұлшықет, сіңір және байламдардың ауыртатын және қабыну үдерістерін жергілікті емдеуде.
ДП 18 жастан асқан ересектерде қолдануға көрсетілімде
- ревматизмдік немесе жарақаттан болған буын, бұлшықет, сіңір және байламдардың ауыртатын және қабыну үдерістерін жергілікті емдеуде.
- диклофенакқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне, сондай-ақ изопропил спиртіне аса жоғары сезімталдық
- ацетилсалицил қышқылына немесе басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға (ҚҚСП) аса жоғары сезімталдық
- анамнезінде бронх демікпесі ұстамаларының, ангионевроздық ісінуінің, есекжемнің немесе ацетилсалицил қышқылын қабылдаған кезде жедел риниттің немесе кез келген басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттардың болуы
- асқыну сатысындағы ойық жара ауруы
- зақымдану түріне қарамастан зақымдалған тері: экссудативті дерматит, экзема, инфекция жұқтырылған жара, күюлер немесе басқа жара;
- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер
- жүктіліктің соңғы триместрі және лактация кезеңі
Плазма ақуыздарымен тектестігі жоғары басқа препараттармен қолдану диклофенактың сіңуін төмендетеді.
Арнайы ескертулер
Итами препаратын жараға және терінің ашық зақымдарына салуға болмайды. Препараттың көзге және шырышты қабыққа тиіп кетуінен сақтану керек. Итами ҚҚСП-ға немесе басқа да ауыруды басатын дәрілерге аса жоғары сезімталдық реакциясы бар, мысалы, бронхтық демікпе ұстамасы, тері бөртулері, жедел аллергиялық риниті және анафилактоидтық реакцияларымен пациенттерге сақтықпен қолданылуы тиіс. Созылмалы обструктивті өкпе ауруы бар бронх демікпесімен, аллергиялық ринит немесе мұрын шырышты қабығының қабынуымен (мұрын полиптері) науқастарда ҚҚПС емдеу кезінде басқа пациенттерге қарағанда демікпе ұстамасы, тері немесе шырышты қабықтың (ісіну) жергілікті қабынуы, немесе уртикария жиі пайда болады. Итами медициналық бұласырын ұзақ қолдану сенсибилизацияға ұшыратуы мүмкін. Мұндай жағдайларда емдеуді тоқтатып, дәрігермен кеңесу қажет. Елеулі нәтижелері болмай, қысқа уақыт емделгеннен кейін дәрігерге жүгіну керек.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Бедеу әйелдерде немесе фертильдік мәселелеріне байланысты зерттелетін әйелдерде Итами-ді қолдану тоқтатылуы тиіс.
Дозалау режимі
Бұласырды тек зақымданбаған сау теріге салып, суға түсу немесе душ қабылдау кезінде алып тастау керек.
Ересектер
Егер өзгесі көрсетілмесе, құрамында дәрілік заты бар бір бұласырды ауырып тұрған аймаққа күніне екі рет (әрбір 12 сағат сайын бір бұласыр) 14 күнге дейінгі кезең ішінде салынады.
Егер емдеудің ұсынылған кезеңі аяқталғаннан кейін жақсару туындамаса, дәрігермен кеңесу қажет.
18 жастан кіші балалар мен жасөспірімдер
Қауіпсіздігі мен тиімділігі бойынша деректердің жеткіліксіздігіне байланысты 18 жастан кіші балалар мен жасөспірімдерде ИТАМИ қолдануға болмайды
Егде жастағы пациенттер
Бұл дәрілік препарат жағымсыз реакциялардың даму қаупі жоғары егде жастағы пациенттерде сақтықпен қолданылуы тиіс.
Жағымсыз реакциялар (1-кесте) келесі белгілерді пайдалана отырып, ең жиі реакциялардан бастап жиілікті төмендету тәртібінде көрсетілген: жиі (≥ 1/100, < 1/10); жиі емес (≥ 1/1,000, < 1/100); сирек (≥ 1/10,000, < 1/1,000); өте сирек (< 1/10,000);
Өте жиі
- қолдану орнындағы реакциялар
Жиі
- бөртпе
- экзема
- эритема
- дерматит (оның ішінде аллергиялық және жанаспалы дерматит)
- тері қышымасы
Жиі емес
- сулы бөртпе дерматиті (мысалы, сулы бөртпе эритемасы)
- терінің құрғауы
Сирек
- фотосезімталдық реакциясы
Өте сирек
- бронх демікпесі
- пустулезді бөртпе
- аса жоғары сезімталдық реакциясы (бөртпені қоса), ангионевроздық ісіну, анафилаксиялық типтегі реакциялар
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- терінің аса жоғары сезімталдық реакциялары (Стивенс-Джонсон синдромы, Лайелл синдромы)
1 бұласырдан қатпарлы материал қағаз/алюминий/ тігілген полиэтиленнен жасалған герметикалық пакетке салынған.
Бұласыры бар 10 пакеттен медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.