daribar logo
Каталог
search-icon
Город
Қаз
Аптекам
Консультация

Корзина

Актобе қаласындағы Эмигил 200 Мг / 5 Мл Суспензия 100 Мл | Plethico Pharmaceuticals LTD.

Актобе қаласындағы Эмигил 200 Мг / 5 Мл Суспензия 100 Мл | Plethico Pharmaceuticals LTD.

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Доставка или бронь на 24 часа

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage
Описание:

Крем түстес - ақтан ашық сары түске дейінгі суспензия.

Производитель:

Plethico Pharmaceuticals LTD.

Страна производитель:

Республика Индия

Действующее вещество:

қосымша заттар: сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, гидрогенделген полиоксил майсана майы (Cremophor RH-40), жалбыз майының сұйық эссенциясы, анис сұйық эссенциясы, натрий метилгидроксибензоаты, натрий пропилгидроксибензоаты, натрий хлориді, натрий сахарині, 70% сорбитол, сукроза, ксантан шайыры, глицерин, натрий цитраты, лимон қышқылы моногидраты, тазартылған су. 1-2% артықты ескере отырып, 1.608 қайта есептеу коэффициенті Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Крем түстес - ақтан ашық сары түске дейінгі суспензия.

Дозировка активного вещества:

200 мг/5 мл

Количество в упаковке:

1 шт.

Инструкция

Показания к применению

Көрсетілімдер метронидазолдың паразитке қарсы және бактерияға қарсы белсенділігіне және оның фармакокинетикалық сипаттамаларына негізделген. Көрсетілімдер осы дәрілік заттың клиникалық зерттеулерін де, оның қазіргі уақытта қолда бар бірқатар инфекцияға қарсы дәрілік заттардағы орнын да ескереді.

Көрсетілімдер дәрілік затқа сезімтал микроорганизмдерден туындаған инфекциялармен шектеледі:

- амебиаз

- урогенитальді трихомониаз

- спецификалық емес вагинит

- лямблиоз

- сезімтал анаэробты микроорганизмдерден туындаған хирургиялық инфекцияларды емдеу

- инъекциялық емнен ауысқан кезде метронидазолға сезімтал анаэробты микроорганизмдер туындатқан инфекцияларға арналған екінші қатардағы ем

Бактерияға қарсы дәрілерді тиісті қолдануға қатысты ресми ұсынымдарды ескеру қажет.

Противопоказания

- нитроимидазолға, метронидазолға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- тұқым қуалайтын фруктоза жағымсыздығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы, сукраза-изомальтаза ферментінің тапшылығы

Қабылдау кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Аса жоғары сезімталдық / тері және оның қосалқылары

Анафилаксиялық шокты қоса, аллергиялық реакциялар пайда болуы мүмкін, олар өмірге қауіп төндіруі мүмкін. Бұл жағдайда метронидазолды тоқтату және тиісті емдеуді тағайындау керек.

Емдеудің басында пустулалармен байланысты жайылған фебрильді эритеманың пайда болуы жайылған жедел экзантематозды пустулезге күдік туындатуы тиіс, бұл емдеуді тоқтатуды талап етеді және метронидазолды жеке немесе біріктірілімде кез келген жаңа енгізу қарсы көрсетілімде.

Метронидазолды қолдану кезінде Стивенс-Джонсон синдромын, Лайелл синдромын, жедел жайылған экзантематозды пустулезді (AGEP) қоса, ауыр тері реакцияларының жағдайлары туралы хабарланды. Пациенттерге белгілері мен симптомдары туралы хабарлау керек, сонымен қатар терінің жай-күйін мұқият мониторингілеуді іске асыру керек.

Стивенс-Джонсон синдромының, Лайелл синдромының (мысалы, буллалармен немесе шырышты қабықтың зақымдануымен қатар жүретін үдемелі бөртпе) немесе AGEP (пустулалармен байланысты жайылған фебрильді эритема) белгілерінің немесе симптомдарының пайда болуы метронидазолды жеке немесе біріктірілімде қабылдауды тоқтатып, тиісті емдеуді бастауды қажет етеді.

Орталық жүйке жүйесі

Метронидазолды қабылдау кезінде энцефалопатия немесе мишық синдромын (мысалы атаксия, дизартрия, жүрістің бұзылуы, нистагм, тремор, бас айналуы, сананың шатасуы, құрысулар, шеткері сенсорлық невропатиялар, бас ауыруы) көрсететін симптомдардың пайда болуы мүмкін, пациенттің жүктемесін дереу қайта қарастыру және метронидазол тағайындалған емді тоқтату керек.

Осы препаратты маркетингтен кейінгі бақылау кезінде энцефалопатия жағдайлары туралы хабарланды. Сондай-ақ энцефалопатиямен байланысты МРТ-өзгерістерінің жағдайлары байқалды. Байқалатын зақымданулар мишықта (негізінен тісті ядрода) және сүйелді дене буылтығында жиірек орналасады. Энцефалопатия және МРТ өзгерістерінің көптеген жағдайлары емді тоқтатқаннан кейін қайтымды. Фатальді дамудың жекелеген жағдайлары туралы хабарланған.

Энцефалопатия белгілері мен орталық неврологиялық аурулары бар пациенттерде жай-күйдің нашарлауын бақылау керек.

Асептикалық менингит жағдайында метронидазолмен қайта емдеу ұсынылмайды, немесе егер пайда қауіптен жоғары болса, оны күрделі инфекция жағдайында қолдануға болады.

Шеткері жүйке жүйесі

Шеткері невропатияны көрсететін белгілердің пайда болуын, әсіресе ұзақ уақыт бойы емдеу кезінде немесе ауыр, созылмалы немесе үдемелі шеткері неврологиялық бұзылыстары бар пациенттерде бақылау керек.

Психикалық бұзылыстар

Пациент үшін ықтимал қауіпті мінез-құлықпен психоздық реакциялар емдеудің алғашқы дозаларында, әсіресе психиатриялық анамнез болған кезде пайда болуы мүмкін. Бұл жағдайда метронидазолды қабылдауды тоқтатып, дәрігерге хабарлап, дереу қажетті емдік шараларды қабылдау керек.

Қан тарапынан бұзылулар

Ұзақ уақыт бойы емдеу және/немесе жоғары дозалармен емдеу үдерісінде гематологиялық бұзылулары бар пациенттерде лейкоциттер санын бақылау қажет.

Лейкопения жағдайында емдеуді жалғастырудың орындылығы инфекцияның ауырлығына байланысты.

Коккейн синдромы бар пациенттерде гепатоуыттылық

Жүйелі қолдануға арналған құрамында метронидазол бар препараттарды қолдану кезінде Коккейн синдромы бар пациенттерде емдеуді өте жылдам бастаумен өлімге әкелетін жағдайларды қоса, ауыр гепатоуыттылық/бауырдың жедел жеткіліксіздігі жағдайлары туралы хабарланды. Осылайша, бұл қауымда метронидазолды пайда мен қауіпті мұқият бағалағаннан кейін және баламалы емдеу болмаған жағдайда ғана пайдалану керек. Бауырдың функционалды сынамалары емді бастар алдында, бүкіл ем кезінде және емді тоқтатқаннан кейін, бауыр функциясы қалыпты шектерде болғанша немесе бастапқы мәндер алынғанға дейін жүргізілуі керек.

Коккейн синдромы бар пациенттерге бауырдың потенциалды зақымдануының кез келген симптомдарының дамуы туралы дереу дәрігерге хабарлау керек және метронидазолды қолдануды тоқтату керек.

Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Метронидазолмен емдеу кезінде алкогольді сусындарды тұтыну қарсы көрсетілімді.

Метронидазол мен бусульфанды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Метронидазол мен дисульфирамды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Параклиникалық зерттеулер және зертханалық талдаулар

Метронидазол трепонемаларды иммобилизациялауы мүмкін екенін ескеру қажет, бұл Нельсонның жалған оң тестіне әкеледі.

Метронидазол қан талдауының белгілі бір типтеріне әсер етуі мүмкін (аланинаминотрансфераза [АЛТ], аспартат аминотрансфераза [АСТ], лактатдегидрогеназа [ЛДГ], триглицеридтер, глюкоза), бұл жалған теріс немесе қалыптан тыс төмен нәтижеге әкелуі мүмкін. Бұл аналитикалық әдістер гидрогенизацияланған никотинамидадениндинуклеотидінің (NADH) никотинамидадениндинуклеотидіне (NAD) дейін тотығуы кезінде орын алатын ультракүлгінді сіңірудің төмендеуіне негізделген. Бұл интерференция рН 7 кезінде NADH (340 нм) және метронидазол (322 нм) сіңіру шыңдарының ұқсастығына байланысты.

Қосымша заттар бойынша ақпарат

Препарат құрамында натрий метилгидроксибензоаты, натрий пропилгидроксибензоаты бар, олар аллергиялық реакцияларды, кейде баяу типті тудыруы мүмкін.

Препарат құрамында сукроза бар, сорбитол - тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы, сукраза-изомальтаза ферментінің тапшылығы бар адамдарға қарсы көрсетілімді.

Препарат құрамында гидрогенделген полиоксил майсана майы бар - асқазан-ішек жолдарының бұзылуына және диареяға әкелуі мүмкін.

Препарат құрамында натрий бар (шамамен 37,75 мг); тұзсыз диетаны ұстанатын адамдарға тағайындағанда абай болыңыз.

Препараттың құрамында глицерин бар, ол бас ауыруы, асқазан-ішек жолдарының бұзылуы, диарея сияқты жағымсыз реакцияларды тудыруы мүмкін.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Антабусты реакция

Дәрілік препараттардың көбісі алкогольді қабылдағанда антабусты реакцияларды туындатады, сондықтан оларды қолдану аясында алкогольді тұтыну ұсынылмайды.

Ұсынылмайтын біріктірілімдер

Алкоголь (сусын немесе қосымша зат)

Антабусты реакция (ысынулар, терінің қызаруы, құсу, тахикардия). Алкогольді сусындарды және құрамында алкоголь бар препараттарды қабылдаудан бас тартыңыз. Алкогольді сусындарды немесе құрамында алкоголь бар препараттарды тұтынуды қайта бастағанға дейін, олардың жартылай шығарылу кезеңін салыстыра отырып, препараттарды толық тоқтатуды ескеріңіз.

Бусульфан

Бусульфанның жоғары дозаларын қабылдаған кезде: метронидазол бусульфанның концентрациясын екі есе арттырады.

Дисульфирам

Препараттардың мұндай біріктірілімін қабылдауды тоқтатқаннан кейін қайтымды болатын жедел психоз немесе сананың шатасуының даму қаупі бар.

QT аралығының ұзаруын туындататын препараттар

QT аралығының ұзару жағдайлары туралы, әсіресе метронидазолды QT аралығын ұзартуы мүмкін дәрілік заттармен бір мезгілде қолданғанда хабарланды.

Пайдалану кезінде сақтық шараларын сақтауды қажет ететін біріктірілімдер

Құрысуға қарсы препараттар-ферменттер индукторлары

Препараттар-индукторлардың бауырда оның метаболизм жылдамдығының жоғарылауына байланысты қан плазмасындағы метронидазол концентрациясының төмендеуі. Клиникалық бақылау, препарат-индуктормен емдеу кезінде және оны тоқтатқаннан кейін метронидазол дозасы түзетілуі мүмкін.

Рифампицин

Рифампициннің оның бауырдағы метаболизмінің жылдамдығын арттыруына байланысты қан плазмасындағы метронидазол концентрациясының төмендеуі. Клиникалық бақылау, рифампицинмен емдеу кезінде және оны тоқтатқаннан кейін метронидазол дозасы түзетілуі мүмкін.

Литий

Қандағы литий концентрациясының литийдің артық дозалану белгілерімен уытты мәндерге дейін жоғарылауы. Қандағы литий концентрациясын мұқият бақылау, қажет болған жағдайда - литий препараттарының дозалау режимін өзгерту.

Өзара әрекеттесуді ескеру қажет препараттардың бірігуі

Фторурацил (және экстраполяция арқылы, тегафур және капецитабин)

Фторурацилдің, оның клиренсінің төмендеуіне байланысты уыттылығының жоғарылауы.

ХҚҚ тұрақсыздығына байланысты ерекше проблемалар

Антибиотиктерді қабылдайтын пациенттерде пероральді антикоагулянттар белсенділігінің артуының көптеген жағдайлары туралы хабарланды. Айқын инфекциялық немесе қабыну аурулардың болуы, пациенттің жасы және жалпы жай-күйі қауіп факторлары болып табылады. Мұндай жағдайларда ХҚҚ тұрақсыздығының - инфекциялық аурумен немесе оны емдеумен байланысты екенін анықтау қиын. Алайда, мұндай жағдайлар антибиотиктердің белгілі бір кластарын, атап айтқанда фторхинолондарды, макролидтерді, тетрациклиндерді, котримоксазолды және кейбір цефалоспориндерді қолданғанда едәуір жиі пайда болады.

Арнайы ескертулер

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жануарларға жүргізілген зерттеулер тератогенді әсерді анықтамады. Жануарларда тератогенді әсері болмаған кезде, ұрықтың даму ақаулары күтілмейді. Шынында да, бүгінгі күні адам түрінің даму ақауларына жауап беретін заттардың екі түріне жақсы жүргізілген зерттеулер барысында жануарларға тератогендік әсер дәлелденді.

Зерттелетін препаратпен емделген жүкті әйелдердің көп санын талдау дамудың қандай да бір ерекше ақауларын немесе метронидазолдың фетоуытты әсерін анықтаған жоқ. Алайда, тек эпидемиологиялық деректер қауіптің жоқтығын растауы мүмкін. Сондықтан метронидазол қажет болған жағдайда жүктілік кезінде тағайындалуы мүмкін.

Метронидазол емшек сүтіне түсетін болғандықтан, бала емізу кезінде бұл дәрілік затты қабылдаудан аулақ болу қажет.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Пациенттерге ұйқышылдық, бас айналу, шатасу, елестеулер, құрысулар немесе өтпелі көру қабілетінің бұзылуы туралы ескерту керек және осы симптомдар пайда болған кезде көлікті және қауіпті механизмдерді жүргізбеу ұсынылады.

Взаимодействие

Передозировка

Суицидтік әрекет кезінде, сондай-ақ кездейсоқ артық дозаланғанда метронидазолдың 12 граммға дейінгі бір реттік дозасын қабылдау туралы хабарланды.

Артық дозаланғанда құсу, атаксия және кеңістікте аздаған бағдардан жаңылу сияқты симптомдар пайда болды. Метронидазол үшін арнайы антидот жоқ. Жаппай артық дозалану жағдайында симптоматикалық және демеуші ем жүргізу керек.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңеске жүгіну бойынша ұсынымдар

Сұрақ туындаған жағдайда дәрілік препаратты қабылдамас бұрын кеңес алу үшін дәрігерге жүгініңіз.

Форма выпуска

100 мл-ден янтарь түсті полиэтилен құтыларда.

1 құтыдан өлшеуіш қақпағымен медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Условия хранения

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Қолданар алдында шайқау керек.

Срок годности

3 жыл

Құтыны ашқаннан кейін сақтау мерзімі 28 күн.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Қолданар алдында шайқау керек.

Объем

100 мл

Детали покупки

Оплата

При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

Качество и забота о клиентах на Daribar.kz

На нашем сайте доступна покупкаЭмигил 200 мг / 5 мл суспензия 100 мл онлайн в аптеках города . по конкурентоспособным ценам.

Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube