Состав
Бір таблетканың құрамында:
белсенді зат - винпоцетин, 5 мг,
қосымша заттар: сусыз коллоидты кремний қостотығы, магний стеараты, тальк, жүгері крахмалы, лактоза моногидраты.
Бір таблетканың құрамында:
белсенді зат - винпоцетин, 5 мг,
қосымша заттар: сусыз коллоидты кремний қостотығы, магний стеараты, тальк, жүгері крахмалы, лактоза моногидраты.
Неврология: Ми қан айналымы бұзылуларының әр түрлерінде: инсульттан кейінгі жағдай, вертебробазилярлы жетіспеушілік, тамырлы деменция, бас миы тамырларының атеросклерозы, жарақаттан кейінгі және гипертониялық энцефалопатия. Мидың қанмен қамтамасыз етілуі бұзылуына байланысты психикалық немесе неврологиялық бұзылу көрінісін азайту үшін.
Офтальмология: Көздің қантамырлық қабығының және торқабығының созылмалы тамырлы аурулары.
Отология: Қарттыққа байланысты саңыраулықтың перцептивті типі, Меньер ауруы және құлақтың шыңылдауы.
- белсенді затқа немесе препараттың 6.1-тармақта көрсетілген кез-келген қосымша заттарға жоғары сезімталдық
- жүктілік, баланы емізу кезеңі және контрацепцияның сенімді әдісін пайдаланбайтын, бала туушылық қабілеті сақталған әйелдерде қолдану
- 18 жасқа дейінгі балаларда және жасөспірімдерде (тиісті клиникалық зерттеулер деректерінің болмауына байланысты).
- галактоза жақпаушылығымен жүретін тұқымқуалаушылық ауруы, жалпы лактаза жетіспеушілігі немесе глюкозо-галактозды мальабсорбция
Клопамид, глибенкламид, дигоксин, аценокумарол немесе гидрохлоротиазид сияқты винпоцетин мен бета-блокаторларды (хлоранолол және пиндолол сияқты) бір мезгілде қолданған кезде өзара әрекеттесулер байқалған жоқ.
Кейбір жағдайларда альфа-метилдопа мен винпоцетинді бір мезгілде қолданған кезде елеусіз қосымша әсері туралы хабарланған, мұндай біріктірілімде артериялық қысымды тұрақты бақылап отыру ұсынылады.
Өзара әрекеттесу мүмкіндігін растайтын деректердің болмауына қарамастан, винпоцетинді орталық жүйке жүйесіне әсер ететін препараттармен бір мезгілде қолданған кезде, сондай-ақ жүрек ырғағына қарсы және антикоагулянтты әсері бар препараттарды бір мезгілде қолданған жағдайда сақтық таныту ұсынылады.
QT аралығы ұзаруы
QT аралығы ұзару синдромы болған кезде немесе QT аралығының ұзаруына ықпал ететін дәрілік затты бір мезгілде қабылдаған кезде ЭКГ-бақылауын жүргізу ұсынылады.
Қосымша заттар
Кавинтон препараттың әрбір таблеткасының құрамында 140 мг лактоза бар. Сирек кездесетін, галактоза жақпаушылығымен жүретін тұқымқуалаушылық ауруы бар, жалпы лактаза жетіспеушілігі немесе глюкозо-галактозды мальабсорбциясы бар пациенттер бұл препаратты қабылдамаған жөн.
Жүктілік және лактация кезінде
Жүктілік кезінде және баланы емізу кезінде, сондай-ақ контрацепцияның сенімді әдісін пайдаланбайтын, бала туушылық қабілеті сақталған әйелдерде винпоцетинді қолдануға болмайды.
Жүктілік
Винпоцетин плацентарлық тосқауыл арқылы енеді, алайда плацентада және ұрықтың қанында оның концентрациясы жүкті әйелдің қанындағыдан төмен. Даму ақауларымен қоса алғанда, репродуктивті уыттылығы байқалу мүмкін.
Винпоцетиннің жоғары мөлшерін енгізген кезде плаценталық қан кету немесе плаценталық қан ағынының күшеюі нәтижесінде түсік тастауға әкелу мүмкін.
Бала емізу
Винпоцетин емшек сүтіне енеді. Винпоцетиннің концентрациясы ананың қанына қарағанда ана сүтінде шамамен он есе жоғары болды. 1 сағат ішінде емшек сүтіне қабылданған дозаның 0,25%-ы енеді. Винпоцетин емшек сүтіне түсетіндіктен, және де оның емшек жасындағы балаларға әсері туралы деректер болмағандықтан, баланы емізу кезінде оны қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпалының ерекшеліктері
Винпоцетиннің көлік құралын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне ықпалы туралы деректер жоқ.
Дозалау режимі
Әдеттегі тәуліктік дозасы 5–10 мг-нан 3 ретті құрайды (15–30 мг тәулігіне).
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Кавинтон препараты балаларға қолдануға болмайды.
Бүйрек және бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауыр мен бүйрек қызметі бұзылған пациенттер әдеттегі дозаны ала алады.
Қолдану әдісі мен жолы
Ішке қабылдауға арналған. Таблеткаларды тамақтан соң қабылдаған дұрыс.
Артық дозалану жағдайлары тіркелген жоқ. Арнайы антидоты жоқ. Емі: симптоматикалық және сүйемелдеуші ем.
25 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.
Жарықтан қорғалған жерде, 15 °С- ден 30 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.
от
Ваша выгода до: 218₸
Выгода за счет лучшего поиска:
Средняя цена в Актобе:
При заказе на Daribar от:
Ваша выгода до:
2238₸
2020₸
218₸