Показания к применению
- аллергиялық ринитті (оған қоса тұрақты аллергиялық ринит) және есекжемді симптоматикалық емдеу
- аллергиялық ринитті (оған қоса тұрақты аллергиялық ринит) және есекжемді симптоматикалық емдеу
- препараттың кез келген компоненттеріне немесе пиперазин туындыларына аса жоғары сезімталдық
- созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр түрі (креатинин клиренсі 10 мл/мин кем)
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
- жүктілік және лактация кезеңі
Левоцетиризинмен (оның ішінде CYP3A4 индукторларымен зерттеулер) өзара әрекеттесуді зерттеу деректері жоқ; цетиризиннің рацематпен қосылуына жүргізілген зерттеулер қандай да болсын клиникалық тұрғыдан маңызды жағымсыз өзара әрекеттесулерді (антипиринмен, псевдоэфедринмен, циметидинмен, кетоконазолмен, эритромицинмен, азитромицинмен, глипизидпен және диазепаммен) көрсеткен жоқ.
Цетиризин клиренсінің аздап төмендеуі (16%) теофиллиннің (күніне бір рет 400 мг) көп реттік дозаларымен жүргізілген зерттеулерде байқалды, бұл кезде теофиллиннің сезімталдығы цетиризинмен бір мезгілде қолданғанда өзгерген жоқ.
Ритонавирді (күніне екі рет 600 мг) және цетиризинді (күніне 10 мг) бір мезгілде қолданғанда цетиризиннің әсер етуі шамамен 40%-ға артты, ал ритонавирдің таралуы цетиризинді бірге қолдану себебінен сәл (-11%) өзгерді.
Левоцетиризиннің сіңу жылдамдығы төмендесе де, сіңу дәрежесі тамақ ішумен азаймайды.
Цетиризин рацематы алкогольдің әсерін күшейтпейді, алайда сезімтал пациенттерде цетиризинді немесе левоцетиризинді және алкогольді немесе ОЖЖ басқа депрессанттарын бір мезгілде қолдану орталық жүйке жүйесіне әсерін тигізуі мүмкін.
Арнайы ескертулер
Алкогольді пайдалану ұсынылмайды.
Левоцетиризин несеп іркілісінің даму қаупін жоғарылатуы мүмкін болғандықтан, несеп іркілісіне бейім факторлар (мысалы, жұлынның зақымдануы, қуық асты безінің гиперплазиясы) әсеріне ұшыраған пациенттерге ерекше назар аудару керек.
Эпилепсия немесе құрысулар туындау қаупі бар пациенттерге тағайындағанда сақтық танытқан дұрыс, өйткені левоцетиризин құрысудың күшеюіне себеп болуы мүмкін.
Аллергиялық тері сынамаларын жүргізген кезде тежегіш болып табылады, сондықтан тері сынамаларын жүргізгенге дейін шайылып шығу кезеңі (яғни, дәрілік зат қолданылмайтын кезең ішінде, мысалы, 3 күн) сақталуы қажет.
Қышыну левоцетиризин қабылдау тоқтатылғанда, бұл симптомдар емді бастағанға дейін болмағанның өзінде де, туындауы мүмкін. Симптомдар өздігінен қайтады. Кейбір жағдайларда симптомдар қарқынды болуы ықтимал және емдеуді қайта бастау қажет болады. Емді жаңадан бастағанда симптомдар жойылуы тиіс.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Автомобильді жүргізу және механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне объективті баға беру кезінде ұсынылған 5 мг дозаны тағайындағанда қандай да болсын нақты жағымсыз құбылыстар байқалған жоқ. Сондықтан жоғары зейінділікті және психомоторлы реакциялардың жылдамдығын қажет ететін потенциалды қауіпті қызмет түрлерімен айналысуды тоқтата тұрған жөн, өйткені кейбір пациенттер ұйқышылдықты, шаршауды және астенияны бастан кешуі мүмкін.
Дозалау режимі
Ұсынылатын күндізгі доза 5 мг (үлбірлі қабықпен қапталған 1 таблетка) құрайды.
Орташа және ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар егде пациенттерде дозаны түзету ұсынылады («Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер» төменнен қараңыз).
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер: дозалау аралықтары бүйрек функциясына байланысты әр кімге жеке болуы тиіс. Келесі кестеге қараңыз және дозаны көрсетілгендей түзетіңіз. Бұл дозалау кестесін пайдалану үшін пациенттің креатинин клиренсін (КК) мл/мин бойынша бағалау талап етіледі. КК (мл/мин) мына формуламен анықталған сарысу креатинині (мг/дл) бойынша бағалануы мүмкін:
КК = [140 - жасы (жыл)] х массасы (кг) (х 0.85 әйелдер үшін)
72 х сарысу креатинині (мг/дл)
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер үшін дозаны түзету:
10 таблеткадан ПВХ/ПВДХ және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
1, 3 немесе 10 пішінді қаптамадан қазақ және орыс тілдеріндегі медициналық қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.
от