daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Актобе қаласындағы Montiget Sache 4 Мг №14 | Getz Pharma

Актобе қаласындағы Montiget Sache 4 Мг №14 | Getz Pharma

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage

Халықаралық атауы:

Монтелукаст

Өндіруші:

Getz Pharma

Өндіруші ел:

Исламская Республика Пакистан

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: маннитол, гипромеллоза (Фармакоат 606), магний стеараты, шие хош иістендіргіші. Сыртқы түрінің иісінің, дәмінің сипаттамасы Шие хош иісімен, ақ немесе ақ дерлік түйіршіктелген ұнтақ.

Белсенді заттың дозасы:

4 мг

Қаптамадағы саны:

14 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- талап бойынша қысқа мерзімдік әсер ететін β-агонистермен және ингаляциялық кортикостероидтармен емдеуден клиникалық әсері жеткіліксіз болғанда, 6 айдан 5 жасқа дейінгі пациенттер үшін бронх демікпесін қосымша емдеуде

- пероральді кортикостероидтарды қабылдауды қажет ететін бронх демікпесінің күрделі ұстамаларынсыз жеңіл дәрежедегі персистерленетін демікпесі бар пациенттерде ингаляциялық кортикостероидтардың аз дозаларының орнына 2-5 жастағы пациенттер үшін демікпені емдеудің балама тәсілі ретінде, сондай-ақ, ингаляциялық кортикостероидтарды көтере алмаушылықта

- 2 жастағы және одан асқан пациенттер үшін дене жүктемелерімен байланысты бронх түйілуі ұстамаларының профилактикасы үшін.

Қарсы көрсеткіштер

-әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

˗жүктілік және бала емізу кезеңі.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Монтигет әдетте бронх демікпесі мен аллергиялық ринитті ұзақ уақыт емдеу мен профилактикасы үшін басқа препараттармен бірге тағайындауға болады. Дәрілік заттар арасындағы өзара әрекеттесуді зерттеу кезінде монтелукасттың ұсынылған клиникалық дозасы теофиллин, преднизон, преднизолон, пероральді контрацептивтер (этинилэстрадиол/норэтиндрон 35/1), терфенадин, дигоксин және варфарин сияқты препараттардың фармакокинетикасына елеулі клиникалық әсер етпеді.

Бір мезгілде фенобарбитал қабылдаған пациенттерде монтелукаст үшін AUC шамамен 40%-ға төмендеген. Монтелукаст CYP 3A4 арқылы метаболизденетіндіктен, монтелукаст фенитоин, фенобарбитал және рифампицин сияқты CYP 3A4 индукторларымен бір уақытқа тағайындалған жағдайда, әсіресе балаларға қатысты сақтық шараларын сақтау керек.

Монтелукаст осы ферменттің көмегімен метаболизденетін препараттардың (мысалы, паклитаксел, розиглитазон және репаглинид) метаболизміне айтарлықтай дәрежеде әсер етпейді.

Монтелукаст CYP 2C8 және аз дәрежеде 2C9 және 3A4 субстраты болып табылатыны туралы деректер бар. Алайда, монтелукаст пен гемфиброзилдің (CYP 2C8, 2C9 тежегіші) қатысуымен дәрілік өзара әрекеттесудің клиникалық зерттеулерінде гемфиброзил монтелукасттың жүйелік әсерін 4,4 есе арттырды. Гемфиброзилмен немесе басқа да күшті әсер ететін CYP2C8 тежегіштерімен бірге енгізгенде монтелукаст дозасын жоспарлы түзету қажет емес, бірақ дәрігер жағымсыз реакциялардың күшею мүмкіндігі туралы білуі тиіс.

In vitro деректері негізінде CYP2C8 күштілігі аз тежегіштерімен (мысалы, триметоприм) клиникалық маңызды дәрілік өзара әрекеттесулер күтілмейді. Монтелукастты итраконазолмен, CYP3A4 күшті тежегіштерімен бірге енгізу монтелукасттың жүйелі әсерінің айтарлықтай артуына әкелген жоқ.

Арнайы ескертулер

6 айдан 2 жасқа дейінгі кішкентай балаларда персистерленетін демікпе диагнозын педиатр немесе пульмонолог қоюы тиіс. Персистерленетін демікпесі бар 6 айдан 2 жасқа дейінгілерде педиатрияда қолдану тиімділігі туралы клиникалық зерттеулер деректері шектеулі, сондықтан аталған жас тобында Монтигетті абайлап тағайындау ұсынылады.

Пероральді қолдануға арналған монтелукасттың демікпенің жедел ұстамаларын емдеу үшін қолдануға болмайтынын пациенттер мен олардың ата-аналары білуі тиіс, сондай-ақ, олар тиісті шұғыл көмек көрсету препаратын үнемі өздерімен бірге алып жүрулері тиіс.

Жедел ұстама кезінде қысқа мерзімдік әсер ететін ингаляциялық β-агонистерді пайдалану керек. Егер пациенттер қысқа мерзімдік әсер ететін β-агонисттің әдеттегіге қарағанда көп мөлшерін қолдануды қажет етсе, мүмкіндігінше тезірек дәрігермен кеңесулері қажет.

Ингаляциялық немесе пероральді кортикостероидтарды Монтелукастпен күрт ауыстыруға болмайды.

Пероральді кортикостероидтар дозасы монтелукастты бір уақытта қолданғанда төмендеуі мүмкін екенін растайтын деректер жоқ.

Монтигетті қоса демікпеге қарсы препараттармен ем қабылдайтын пациенттерде жүйелі эозинофилия, кейде Чарг-Стросс синдромына (жүйелік кортикостероидтармен жиі ем жүргізілетін жағдай) тән васкулиттің клиникалық көріністерімен туындауы мүмкін.

Кейде бұл жағдайлар пероральді кортикостероидтар дозасын азайту немесе тоқтатуға байланысты болған. Лейкотриенді рецепторлардың антагонистерімен емдеу және Чарг-Стросс синдромының туындауы арасында байланысты жоққа шығаруға немесе растауға болмайды. Дегенмен, эозинофилия, бөртпе, өкпе симптомдарының нашарлауы, кардиологиялық асқынулар және/немесе нейропатия сияқты симптомдар пайда болған жағдайда қосымша тексеру және емдеу тәсілін қайта қарау керек.

Аспиринге сезімтал демікпесі бар пациенттерде Монтигетмен емдеу аспиринді немесе басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қолдану қажеттілігіне әсер етпейді.

Жүйке-психикалық бұзылыстар

Монтелукастты қабылдаған ересектерде, жасөспірімдерде және балаларда психика тарапынан бұзылулар байқалған. Психика тарапынан болған бұзылуларға мынадай жағымсыз әсерлер кіреді: қозу, агрессиялық мінез-құлық, жауығу, үрейлену, депрессия, бағдардан жаңылу, зейін қоюдың бұзылуы, патологиялық түс көру, елестеулер, ұйқысыздық, ашушаңдық, жадының бұзылуы, мазасыздық, сомнамбулизм, суицидальді ойлар және әрекеттер (суицидті қоса) және тремор. Постмаркетингтік есептен алынған деректер дәрі-дәрмекпен емдеу барысында алынған клиникалық деректермен салыстырарлық.

Пациенттер мен медицина қызметкерлері осындай құбылыстардың туындау мүмкіндігі туралы білулері тиіс. Пациенттер өздерінің емдеуші дәрігеріне аталған жағымсыз әсерлер туындағанда хабарлаулары тиіс. Аталған жағымсыз әсерлер туындағанда Монтигет препаратымен емді жалғастыру үшін пайда қауіп арақатынасына баға беру керек.

Педиатрияда қолдану

Монтигет, педиатриялық түйіршіктері 6 айға дейінгі балаларға ұсынылмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілікке қатысты қолда бар деректер базасындағы шектеулі ақпарат дүниежүзілік постмаркетингтік қолдану тәжірибесі барысында сирек мәлімделген монтелукастты қолдану мен мальформация (аяқ-қол кемістіктері сияқты) туындауының арасында себеп-салдарлы өзара байланыс барын көрсетпейді.

Монтелукаст плацентарлық бөгеттен өтеді және емшек сүтімен бөлініп шығарылады.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Монтелукасттың автокөлік басқару немесе механизмдермен жұмыс атқару қабілетіне әсер етуі күтілмейді. Алайда, сирек жағдайларда кейбір пациенттерде ұйқышылдық немесе бас айналуы пайда болуы мүмкін, осыған орай автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқаруда сақ болу керек.

Өзара әрекеттесуі

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Балалар дәріні тек ересектердің бақылауымен қабылдаулары қажет.

6 айдан бастап 5 жасқа дейінгі балалар үшін доза – тәулігіне 1 рет кешкілік, 4 мг бір саше түйіршіктен. Осы жас тобындағыларға дозаны түзету қажет емес.

Персистерленетін демікпесі бар 6 айдан 2 жасқа дейінгілерде монтелукастты педиатрияда қолдану тиімділігі туралы деректер шектеулі. 2-4 апта сайын емдеу тиімділігін бақылап отыру қажет. Емдік әсері болмаған кезде ем тоқтатылуы тиіс. Монтигет, педиатриялық түйіршіктері 6 айға дейінгі балаларға ұсынылмайды.

Жалпы ұсыныстар

Монтигет препаратының емдік әсері бронх демікпесі барысының көрсеткіштерінің өзгеруімен қабылдаудың бірінші күні ішінде дамиды. Пациенттерге және олардың ата-аналарына Монтигет препаратын демікпені бақылауға қол жеткізілгеннің өзінде де, сондай-ақ, демікпе барысының нашарлау кезеңінде де қабылдау керектігін хабарлау керек.

Дозалау ер балалар мен қыздар үшін бірдей.

Монтигет ауырлығы жеңіл дәрежедегі персистерленетін демікпеде ингаляциялық кортикостероидтардың төмен дозаларының орнына емдеудің баламалы әдісі ретінде

Монтигет орташа ауырлық дәрежесіндегі персистерленетін демікпесі бар пациенттер үшін монотерапия ретінде ұсынылмайды. Монтелукастты жеңіл ауырлық дәрежесіндегі персистерленетін демікпесі бар 2-ден 5 жасқа дейінгі балалар үшін төмен дозалы ингаляциялық кортикостероидтарға балама ретінде қолдануды пероральді кортикостероидтар қолдануды қажет ететін күрделі демікпе ұстамалары болмаған жағдайда және егер пациент ингаляциялық кортикостероидтар пайдалануға қабілеті болмаса ғана қарастыру керек. Ауырлығы жеңіл дәрежелі персистерленетін демікпе демікпенің симптомдарының аптасына 1 реттен жиірек, бірақ күніне 1 реттен сирек пайда болуы, түнгі симптомдардың айына 2 реттен жиірек, бірақ аптасына 1 реттен сирек пайда болуы, көріністер арасындағы кезеңдерде өкпе функциясы қалыптағыдай болу ретінде анықталған. Егер соңғы қорытынды тексерілуге келгенде демікпені жеткілікті түрде бақылауға қол жеткізілмесе (әдетте алғашқы ай ішінде), демікпені бірізді емдеу жүйесіне негізделе отырып, қосымша немесе басқа қабынуға қарсы ем қажеттілігін анықтау керек. Демікпені бақылауға қатысты пациенттің жай-күйіне ауық-ауық баға беріп отыру қажет.

Монтигет, 2-ден 5 жасқа дейінгі пациенттерде дене жүктемесінен кейін демікпенің профилактикасы үшін. 2-ден 5 жасқа дейінгі пациенттерде дене жүктемесімен индукцияланған бронх түйілуі ингаляциялық кортикостероидтарды қолдануды қажет ететін персистерленетін демікпенің негізгі көрінісі болуы мүмкін. Монтелукастпен 2-4 апта емдегеннен кейін пациенттің жай-күйіне баға беру керек. Егер қанағаттанарлық нәтижеге қол жеткізілмесе, қосымша емді қарастыру немесе емді алмастыру қажет.

Демікпені емдеудің басқа әдістеріне байланысты Монтигет препаратымен емдеу.

Егер Монтигет препаратын ингаляциялық кортикостероидтармен емдеген кезде қосымша ем ретінде қолданса, Монтигет препаратымен ингаляциялық кортикостероидтарды күрт алмастыруға болмайды.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

Монтигет, педиатриялық түйіршіктері 6 айға дейінгі балаларға ұсынылмайды.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде қолданылмайды.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Жеңіл және орташа ауырлық дәрежесіндегі бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттер үшін дозаны түзетудің қажеті жоқ. Бауыр функциясының ауыр түрдегі бұзылуы бар пациенттерге қатысты деректер жоқ.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес.

Енгізу әдісі мен жолы

Ішке қолданылады.

Түйіршіктерді сумен іше отырып жұту керек, салқын немесе бөлме температурасында аз мөлшердегі жұмсақ тағаммен (мысалы, алма езбесі, балмұздақ, сәбіз және күріш) араластыруға болады. Сашені қолдану қажеттілігі болмаса алдын ала ашпаңыз. Сашені ашқаннан кейін препараттың барлық дозасын 15 минут ішінде қолдану керек. Тағаммен араластыру кезінде барлық порцияны бірден қолдану керек, тағаммен араласқан препараттың қалдықтарын сақтауға болмайды. Монтигет, педиатриялық түйіршіктері сұйықтықта ерітуге арналмаған, бірақ оларды ішуге болады.

Емдеу ұзақтығы

Монтелукастпен 2-4 апта емдегеннен кейін пациенттің жағдайын бағалау қажет. Егер қанағаттанарлық нәтижеге қол жеткізілмеген болса, қосымша емдеуді немесе емді ауыстыруды қарастыру қажет.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Артық дозаланудың көп жағдайларында жағымсыз реакциялар туындаған жоқ.

Симптомдары: абдоминальді ауырсыну, ұйқышылдық, шөлдеу, бас ауыруы, құсу және психомоторлы аса жоғары белсенділік.

Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем. Монтелукаст перитонеальді диализде немесе гемодиализде шығарылу-шығарылмауы белгісіз.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар

Препаратты қолдану бойынша сұрақтар бар болған кезде емдеуші дәрігерге жүгініңіз.

Шығарылу түрі

525 мг педиатриялық түйіршіктен алюминий фольгадан жасалған сашеге салынған.

14 сашеден медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ және жарықтан қорғалған жерде, 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ және жарықтан қорғалған жерде, 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыMontiget Sache 4 мг №14 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Бағалаулар және пікірлер

Тауар рейтингі
5.00/5
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
11 бағалау
1
star
0
2
star
0
3
star
0
4
star
0
5
star
11
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
21 Ноября 2023
Комментарий: Мне нравится препарат. Супер порошок, сразу спасает от ночных хрипов.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
28 Октября 2023
Комментарий: Аптека Арс молодцы. Отличный сервис!
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
3 Февраля 2023
Достоинства: Назначил врач от аллергии и для профилактики астмы. Результат дней через 7 увидел. Внимательно читайте как применять - это важно!
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
19 Января 2023
Достоинства: Отличное средство от кашля для ребенка.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
15 Ноября 2022
Комментарий: Очень хорошие, нам наш педиатр всегда их назначает, 5-6 дней перед сном и кашель проходит.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
12 Октября 2022
Достоинства: Эффективное лекарство, за неделю прошел кашель.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
21 Июля 2022
Преимущества: Прекрасное средство для детей.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
8 Июля 2022
Комментарий: Очень хороший препарат.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
19 Июня 2022
Комментарий: Цена ниже, чем в Рауза!
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
1 Июня 2022
Достоинства: Очень хорошо помогает.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
7 Мая 2022
Комментарий: Лекарство нам выписывала наш врач аллерголог, после болезни оставался кашель у ребенка, ничем не могли убрать, а вот Монтигет помог. Пили порошочек один на ночь. Пропили месяц, довольны всем.

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube