Показания к применению
- жергілікті және инфильтрациялық анестезияда
- емдік блокадада
- жергілікті және инфильтрациялық анестезияда
- емдік блокадада
- препаратқа, соның ішінде парааминобензой қышқылына және басқа жергілікті анестетик-эфирлерге жоғары сезімталдық
- миастения
- артериялық гипотензия
- енгізілген жердегі іріңдеу үдерісі
- көп қан жоғалтумен қатар жүретін шұғыл хирургиялық араласымдар
- тіндегі айқын фиброздық өзгерістер (сырғымалы инфильтрат әдісімен анестезиялау үшін)
- 18 жасқа дейін
Вена ішіне енгізгенде Новокаин жалпы анестезияға арналған дәрілердің, ұйықтататын дәрілердің, тыныштандыратын препараттардың, есірткілік анальгетиктердің және транквилизаторлардың орталық жүйке жүйесін бәсеңдететін әсерін күшейтеді.
Препаратты жұлынға және эпидуральді анестезия жүргізу кезінде пайдаланылтыны есірткілік анальгетиктермен бірге тағайындағанда аддитивтік әсері білінеді, сонымен қатар, тыныстың тарылуы күшейе түседі.
Вазоконстрикторлар (эпинефрин, метоксамин, фенилэфрин) Новокаиннің жергілікті жансыздандыратын әсерін ұзартады.
Суксаметоний туғызған жүйке-бұлшықет блокадасы ұзаққа созылады (өйткені препараттың екеуі де плазма холинэстеразасы арқылы гидролизденеді).
Новокаин миорелаксациялайтын дәрілік заттардың әсерін күшейтеді және ұзартады.
Новокаин, әсіресе, жоғары дозаларда пайдаланылғанда миастенияға қарсы дәрілік заттардың әсерін төмендетеді, ол миастения емін қосымша түзетуді қажет етеді.
Холинэстераза тежегіштері (миастенияға қарсы дәрілік заттар, циклофосфамид, демекарин, экотиофат, тиотепа) Новокаиннің метаболизмін төмендетеді, сондықтан оларды бірге тағайындау ұсынылмайды.
Антикоагулянттар (ардепарин, далтепарин, данапароид, эноксапарин, гепарин, варфарин) Новокаинмен бірге қолданғанда қан кетулердің даму қаупін артырады.
МАО тежегіштерімен (фуразолидон, прокарбазин, селегелин) бір мезгілде қолдану артериялық гипотензияның пайда болу қаупін арттырады, сондықтан, оларды жергілікті анестетикке дейін 10 күн бұрын тоқтату керек.
Новокаинді гуанадрелмен, гуанетидинмен, мекамиламинмен, триметафанмен пайдаланғанда артериялық қысымның қүрт төмендеуі мен брадикардия қаупі жоғарылайды.
Антихолинэстеразалық препараттар прокаиннің уыттылығын арттырады (оның гидролизін төмендетеді). Препарат антихолинэстеразалық дәрілердің жүйке-бұлшықет берілісінің ықпалын азайтады. Айқаспалы сенсибилизация болуы ықтимал.
Прокаин метаболиті (парааминобензой қышқылы) сульфаниламидті препараттардың бәсекелес антагонисі болып табылады және олардың микробтарға қарсы әсерін бәсеңдетуі мүмкін, сондықтан, аталған препараттарды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Тікелей антикоакулянттардың әсерін көтермелейді.
Новокаинді вена ішіне енгізу наркозға арналған дәрілердің әсерін көтермелейді.
Новокаин инъекциясының орнын құрамында ауыр металдар бар дезинфекциялайтын ерітінділермен тазалап сүрткен жағдайда, ауырсыну және ісіну түріндегі жергілікті реакцияның даму қаупі жоғарылайды.
Арнайы ескертулер
Аумақтық және жергілікті анестезияны тәжірибелі мамандар тиісті түрде жабдықталған үй-жайда жүрек қызметіне мониторинг жүргізуге және реанимациялық ем-шараларға қажетті тез арада пайдалануға дайын құрал-жабдықтар мен препараттар қолжетімді болған кезде жүргізуі тиіс. Анестезияны орындайтын қызметкер білікті әрі анестезияны орындау техникасын оқып үйренген болуы тиіс, жүйелік уытты реакцияларды диагностикалау және емдеумен, жағымсыз құбылыстар және реакциялармен, басқа да асқынулармен таныс болуы тиіс.
Новокаин-Дарница препараты ерітінділерінің сіңуін азайту және әсер етуін ұзарту үшін жергілікті анестезияда оған әдетте адреналин гидрохлориді (0,1%) ерітіндісін – Новокаин-Дарница ерітіндісінің 2, 5 немесе 10 мл-не 1 тамшыдан қосады.
Жағымсыз реакцияларға жол бермеу үшін алдымен жағымдылығына сынама жүргізеді, мұны инъекция жасалған жердің ісінуі мен қызаруы айғақтайды. Оң реакциялар кезінде прокаинді қолданбайды.
Препаратты қолданған кезде жүрек-қантамыр, тыныс алу және орталық жүйке жүйесі функциясын бақылау керек. Жүректің (блокадалар, ырғақтың бұзылуы, әсіресе брадикардия), бауырдың және бүйректің ауыр сырқаттарында, ауырлаған аллергологиялық анамнезде абайлап тағайындайды.
Жергілікті анестезия жүргізгенде белгілі бір жалпы дозаны қолданғанда прокаиннің уыттылығы, қолданылған ерітіндінің концентрациясы неғұрлым көбірек болса, соғұрлым жоғары болады. Осыған байланысты ерітіндінің концентрациясының артуымен жалпы дозаны азайту немесе аз концентрацияға дейін препарат ерітіндісін натрий хлоридінің стерильді изотониялық ерітіндісімен сұйылту керек.
Препаратты бауырдағы қан ағысының төмендеуімен қатарласа жүретін жағдайларда, жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі өршігенде (әдетте жүрек блокадасының және шоктың пайда болуы салдарынан), қабыну ауруларында, жалғанхолинэстераза тапшылығында, бүйрек жеткіліксіздігінде, егде жастағы (65 жастан асқан) пациенттерге, ауыр науқастарға, әлсіз науқастарға, жүктілік кезінде, босану кезінде және бала емізу кезеңінде абайлап қолданады.
Педиатрияда қолдану
18 жасқа дейінгі балаларға дәрілік зат қолданылмайды.
Жүктілік және лактация кезінде
Жүктілік кезеңінде жағымдылығы жақсы болған жағдайда және егер ана үшін болжанатын пайдасы шарана үшін потенциалды қаупінен асып кеткен жағдайда ғана, қолданылуы мүмкін.
Бала емізу кезеңінде препаратты ана үшін күтілетін пайдасы алдын ала мұқият бағалағаннан кейін және сәби үшін потенциалды қаупінен басым болған жағдайда ғана қолдануға болады.
Босану кезінде қолданғанда жаңа туған нәрестеде брадикардия, апноэ, құрысулар пайда болуы мүмкін.
Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Емдеу кезінде көлік құралдарын басқару және психомоторлық реакциялардың жоғары концентрациясы мен жылдамдығын талап ететін басқа да қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысу кезінде сақ болу керек.
5 мл препараттан шыны ампулаларда.
Ампулаға өздігінен жапсырылатын жабыны бар қағаздан жасалған заттаңба жапсырылады.
Пішінді ұяшықты қаптамаға (кассетаға) ампулаларды ашуға арналған пышақпен бірге 5 ампула салынады.
2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Түрлі-түсті сындыру сақинасы немесе түрлі-түсті сындыру нүктесі бар ампулаларды қаптағанда ампуланы ашуға арналған пышақ салынбайды.
Түпнұсқалық қаптамасында, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.