Қолдану көрсеткіштері
Оспамокс® мұндай инфекцияларды емдеуге арналған:
жедел бактериялық синусит
жедел ортаңғы отит
жедел стрептококкты тонзиллит және фарингит
созылмалы бронхит өршуі
ауруханадан тыс пневмония
жедел цистит
жүктілік кезіндегі симптомсыз бактериурия
жедел пиелонефрит
сүзек және паратиф
таралған флегмонамен дентальді абсцесс
буындарды протездеуден кейінгі инфекциялар
Helicobacter Pylori эрадикациясы
Лайм ауруы
Оспамокс® сондай-ақ эндокардит профилактикасы үшін көрсетілген.
Бактерияға қарсы дәрілік препараттарды тиісті пайдалануға қатысты ресми ұсынымдарды ескеру қажет.