Показания к применению
невралгия, миалгия, артралгия, бас сақинасы, тіс ауыруы кезіндегі (айқындылығы әлсіз және орташа) ауыру синдромында
инфекциялық-қабыну аурулары кезіндегі қызба синдромында
невралгия, миалгия, артралгия, бас сақинасы, тіс ауыруы кезіндегі (айқындылығы әлсіз және орташа) ауыру синдромында
инфекциялық-қабыну аурулары кезіндегі қызба синдромында
әсер етуші затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
10 жасқа дейінгі балаларға
Метоклопрамид және домперидон парацетамолдың сіңірілу жылдамдығын арттырады, ал колестирамин төмендетеді.
Урикозуриялық дәрілік заттардың тиімділігін төмендетеді.
Парацетамолды жоғары дозаларда қатар қолдану антикоагулянттардың әсерін арттырады (бауырдағы прокоагулянтты факторлардың синтезінің төмендеуі). Препаратты тұрақты емес қабылдау кезінде мұндай әсер күтілмейді. Бауырдағы микросомальді тотығу тежегіштері (фенитоин, этанол, барбитураттар, рифампицин, фенилбутазон, трициклді антидепрессанттар), этанол және гепатоуытты дәрілік заттар гидроксилденген белсенді метаболиттердің өнімін арттырады, бұл тіпті шамалы артық дозалану кезінде де ауыр уыттанудың даму мүмкіндігіне себепші болады. Барбитураттарды ұзақ пайдалану парацетамолдың тиімділігін төмендетеді. Микросомальді тотығу тежегіштері (соның ішінде циметидин) гепатоуытты әсер ету қаупін төмендетеді. Парацетамол мен басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды бірге ұзақ пайдалану "анальгетиктік" нефропатияның және бүйректің папиллярлық некрозының, бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық кезеңінің басталу қаупін арттырады. Парацетамолды жоғары дозаларда салицилаттармен бір уақытта ұзақ тағайындау бүйрек немесе қуық обырының даму қаупін арттырады. Гепатоуыттылықтың даму қаупі - дифлунисал парацетамолдың плазмалық концентрациясын 50%-ға жоғарылатады. Миелоуытты дәрілік заттар гематоуытты препараттың байқалуын күшейтеді.
Сақтықпен - бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі, қатерсіз гипербилирубинемия (оның ішінде Жильбер синдромы, вирустық гепатит, бауырдың алкогольдік зақымдануы), алкоголизм, жүктілік, лактация кезеңі, егде жас, глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы.
3 күн қолданғаннан кейін шеткері қан мен бауырдың функционалдық жағдайын бақылау қажет. Бауырдың уытты зақымдануын болдырмау үшін препаратты алкогольдік сусындарды қабылдаумен біріктіруге, сонымен қатар созылмалы маскүнемдікке бейім тұлғаларға қабылдауға болмайды.
Құрамында парацетамол бар басқа дәрілік препараттармен бір мезгілде қабылдамау керек.
Бауырдың бұрыннан бар ауруы парацетамолды қолданумен байланысты бауырдың зақымдануы қаупін арттыруы мүмкін. Парацетамолды қолдануды бастар алдында бауыр немесе бүйрек функциясының бұзылуы диагнозы қойылған пациенттер дәрігермен кеңесуі тиіс.
Тамақтану тәртібі бұзылысының, муковисцидоздың, АИТВ инфекциясының, ашығудың, қажудың салдарынан болған глутатион тапшылығы парацетамолдың аздаған (5 г және одан да көп) артық дозаланулары кезінде бауырдың ауыр зақымдануының дамуы мүмкіндігіне түрткі болады.
Глутатион қоры таусылған пациенттерде қолданғанда, мысалы, сепсис кезінде сақтық таныту керек; парацетамолды қолдану метаболизмдік ацидоз қаупін арттыруы мүмкін. Метаболизмдік ацидоз симптомдары тыныс алудың тереңдеп, жиілеуі немесе тарылуы, жүрек айнуы, құсу, тәбеттің болмауы болып табылады.
Аталған симптомдар пайда болған жағдайда, тез арада дәрігерге жүгіну керек.
Егер бас ауыруы үнемі бола берсе, препаратты қабылдағанға дейін дәрігермен кеңесу керек.
Егер пациент күрделі емес артриттен зардап шексе және күнделікті ауырсынуды басатын дәрілерді қажет етсе, парацетамолды тағайындау дәрігермен кеңескеннен кейін ғана жүргізілуі керек.
10 таблеткадан полиэтилен жабыны бар қағаздан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамаға салынады.
Пішінді ұяшықсыз қаптамалар медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.
Жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.
от
Ваша выгода до: 115₸
Выгода за счет лучшего поиска:
Средняя цена в Актобе:
При заказе на Daribar от:
Ваша выгода до:
255₸
140₸
115₸