Состав
Бір суппозиторийдің құрамында
белсенді зат - парацетамол 125 мг немесе 250 мг,
қосымша зат - қатты май.
Бір суппозиторийдің құрамында
белсенді зат - парацетамол 125 мг немесе 250 мг,
қосымша зат - қатты май.
қарқындылығы жеңіл және орташа ауыру синдромын және/немесе әртүрлі генездегі қызба жағдайларын симптоматикалық емдеуде.
парацетамолға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
гепатоцеллюлярлық жеткіліксіздік
проктит, анит немесе анамнезде тік ішектен қан кету
6 айға дейінгі балалар (125 мг дозасы үшін)
2 жасқа дейінгі балалар (250 мг дозасы үшін)
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Диагностикаланған бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге бұл препаратты қолдануды бастар алдында дәрігердің кеңесі қажет.
Ұсынылғанынан асып кететін дозалар бауырдың қайтымсыз жеткіліксіздігін туғызуы мүмкін, ол бауыр трансплантациясына немесе өлімге әкеліп соғуы мүмкін.
Глутатион деңгейі төмендеген пациенттерде бауыр жеткіліксіздігі жағдайлары туралы хабарламалар болды, мысалы, анорексиядан зардап шегетін барынша жүдеген, дене салмағы индексі төмен немесе сепсисі бар пациенттерде.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі болған жағдайда дозаны азайту және 2 қолдану арасындағы ең аз уақытты төмендегі кестеге сәйкес арттыру ұсынылады:
Дозалау режимі
Парацетамол 125 мг ректальді суппозиторийлері жасы 6-дан 18 айға дейінгі (дене салмағы 7 кг-ден 10 кг дейін) балаларда қолданылады.
Парацетамол 250 мг ректальді суппозиторийлері 2 жастан 7 жасқа дейінгі (дене салмағы 13 кг-ден 20 кг дейін) балаларда қолданылады.
Мүмкіндігінше қысқа уақыт ішінде, әсеріне жету үшін қажетті ең аз дозаны қолдану керек.
Балаларға қолданған кезде баланың дене салмағына сәйкес анықталған дозалануын сақтау, және қажетті шығарылу түрін таңдап алу керек.
Парацетамолдың ең жоғарғы тәуліктік дозасы баланың дене салмағына 60 мг/кг-ден аспауға тиіс, оны 4 қолдануға бөлу керек, яғни, әр 6 сағат сайын дене салмағына 15 мг/кг.
6-дан 18 айға дейінгі (дене салмағы 7 кг-ден 10 кг дейін) балаларға әр 6 сағат сайын 125 мг 1 суппозиторийден тәулігіне 4 рет енгізеді.
2 жастан 7 жасқа дейінгі (дене салмағы 13 кг-ден 20 кг дейін) балаларға әр 6 сағат сайын 250 мг 1 суппозиторийден тәулігіне 4 рет енгізеді.
Диарея жағдайында суппозиторийлерді енгізбеген жөн.
Енгізу әдісі және жолы
Ректальді. Ішектің өздігінен босауынан кейін немесе тазарту клизмасынан кейін суппозиторийді пішінді ұяшықты қаптамадан шығарып алады да, тік ішекке енгізеді.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Осы дәрілік түрдің әлеуетті жергілікті уыттылығы болуына байланысты, парацетамолды ректальді енгізу мүмкіндігінше қысқа болуға тиіс. суппозиторийлерді тәулігіне 4 реттен артық қолдану ұсынылмайды. Ұсынылған дозадан асырмау керек.
Препаратты жүйелі түрде қолдану температураның күрт артуын және ауру қарқындылығының ауытқушылығын болдырмауға мүмкіндік береді. Препаратты қолданған кезде енгізуді 6 сағат аралықпен жүйелі, оның ішінде түнде де жүзеге асыру керек.
Емдеу ұзақтығы
Препаратты дәрігердің тағайындауынсыз 3 күннен артық қолдану ұсынылмайды.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
6 суппозиторийден полиэтиленмен ламинатталған поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
1 пішінді ұяшықты қаптамадан қазақ және орыс тілдеріндегі қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада
сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.
от
Ваша выгода до: 25₸
Выгода за счет лучшего поиска:
Средняя цена в Актобе:
При заказе на Daribar от:
Ваша выгода до:
385₸
360₸
25₸