Показания к применению
- спецификалық емес ойықжаралы колит
- Крон ауруы
- спецификалық емес ойықжаралы колит
- Крон ауруы
- месалазинге, препараттың қосымша заттарының кез келгеніне немесе салицилаттарға аса жоғары сезімталдық
- бауыр және / немесе бүйректің ауыр жеткіліксіздігі
- геморрагиялық диатез - асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы
- 6 жасқа дейінгі балалар
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде препаратты аса сақтықпен қолдану керек және бауыр мен бүйрек функциялары бұзылған пациенттерге тағайындау ұсынылмайды.
Педиатрияда қолдану
6 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Месалазиннің плаценталық бөгет арқылы өтетіні белгілі. Жүктілік кезеңінде осы затты қолдану туралы шектеулі мәліметтер ықтимал уытты әсерді бағалауға мүмкіндік бермейді. Месалазин ана сүтіне ананың қанына қарағанда төмен концентрацияда түседі, ал ацетил-месалазин метаболиті емшек сүтінде бірдей немесе одан жоғары концентрацияда анықталады. Аналары Пентаса препаратын қолданған нәрестелерде жағымсыз әсерлер байқалмады, бірақ қолда бар ақпарат шектеулі. Жүктілік және бала емізу кезеңінде препаратты сақтықпен және егер препарат әсерінің ықтимал пайдасы ықтимал қауіптен асып кетсе ғана қолдану керек.
Көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Орталық жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз әсерлердің даму мүмкіндігін ескере отырып, көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқарудан бас тартқан жөн.
Дозалау режимі
Белсенді заттың аз ғана бөлігі жүйелі әсер етеді, сондықтан препараттың жоғары дозаларын қолданғанда да артық дозалану симптомдарының дамуын күтуге болмайды.
Симптомдары: жүрек айну, құсу, гастралгия, әлсіздік, ұйқышылдық.
Емі: симптоматикалық: асқазанды шаю; іш жүргізетін дәрілерді қолдану; клиникалық жағдайға байланысты қышқыл-сілтілі теңгерімді қалпына келтіру және аралас алкалоз/ацидоз кезінде электролиттердің жоғалуын алмастыру; гипергидроз, құсу кезінде сұйықтық көлемінің орнын толтыру; гипогликемия кезінде —глюкозаны енгізу. Бүйрек функциясын бақылау.
Өте жиі (≥ 1/10)
бас ауыруы
Жиі (≥1/100-ден < 1/10 дейін)
бас айналу
жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, диарея
тері бөртпесі (есекжемді, эритематозды бөртпені қоса алғанда)
артралгия
Жиі емес (≥1/1000-нан < 1/100-ге дейін)
эозинофилия (аллергиялық реакция шеңберінде)
шеткері нейропатия, бассүйекішілік қатерсіз гипертензия (жасөспірімдерде)
метеоризм
есекжем, қышу
миалгия
Сирек (≥1/10 000-нан < 1/1 000-ға дейін)
- жарыққа сезімталдық
- миокардит, перикардит
Өте сирек (<1/10 000)
атипті қан талдауы (аплазиялық анемия, гранулоцитозис, панцитопения, нейтропения, лейкопения, тромбоцитопения, қан жасушаларының патологиялық өзгеруі)
аллергиялық бөртпе, дәрі-дәрмектік қызба, панколит түріндегі аса жоғары сезімталдық реакциялары
жедел панкреатит
алопеция
бауыр функциясы параметрлерінің өзгеруі (трансаминазалардың жоғарылауы және холестаздық параметрлер), гепатит, холестаздық гепатит, бауыр циррозы, бауыр жеткіліксіздігі
бүйрек функциясының бұзылыстары, оның ішінде жедел және созылмалы интерстициялық нефрит және бүйрек жеткіліксіздігі, нефроздық синдром, емделуді ерте тоқтатқанда қайтымды болуы мүмкін бүйректің декомпенсацияланған жеткіліксіздігі
өкпенің аллергиялық және фиброзды реакциялары (оның ішінде ентігу, жөтел, бронх түйілуі, альвеолит, өкпе эозинофилиясы, өкпе инфильтрациясы, пневмония), интерстициялық пневмония, эозинофильді пневмония, өкпе аурулары.
олигоспермия (қайтымды)
Жиілігі белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес)
перикардит немесе плевроперикардиттің айқын синдромдары бар жүйелі қызыл жегі синдромына ұқсас синдромның даму жағдайлары, сондай-ақ бөртпе.
нефролитиаз
плеврит
Белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес)
эозинофилиямен және жүйелік көріністермен (DRESS) дәрілік реакция, Стивенс — Джонсон синдромы (СДС), уытты эпидермалық некролиз (УЭН)
Ықтимал жағымсыз әсерлері
Егер Сіз келесі симптомдардың кез-келгенін байқаған болсаңыз, месалазинді қабылдауды тоқтатып, дереу дәрігерге жүгініңіз: денеде қызарған, көтерілмеген, нысанаға ұқсас немесе дөңгелек дақтар, көбінесе орталығында күлдіреуіктер бар, терінің қабыршақтануымен, ауыздың, тамақтың, мұрынның, жыныс мүшелерінің және көздің ойық жараларымен, бөртпелермен ауқымды зақымдануы, қызба және лимфа түйіндерінің үлкеюі.
Бұл ауыр тері бөртпелерінің алдында қызба және тұмауға ұқсас симптомдар болуы мүмкін.
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.
5 немесе 10 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қаптамаға салады.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жарықтан қорғалған жерде 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.