daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Актобе қаласындағы Пентас Таблеткалары 1 Мг №60 | Ферринг Интернешнл Сентер СА

Актобе қаласындағы Пентас Таблеткалары 1 Мг №60 | Ферринг Интернешнл Сентер СА

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Ақ-сұрдан бозғылт-қоңырға дейінгі түстегі теңбілді, екінші жақ бетінде «PENTASA» жазуы бар, сопақша таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Месалазин

Өндіруші:

Ферринг Интернешнл Сентер СА

Өндіруші ел:

Швейцария

Белсенді заттың дозасы:

1 г

Қаптамадағы саны:

60 шт
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – месалазин, 1000 мг

қосымша заттар: повидон, этилцеллюлоза, магний стеараты, тальк, микрокристалды целлюлоза.

Қолдану көрсеткіштері

- спецификалық емес ойық жаралы колит

- Крон ауруы

Қарсы көрсеткіштер

-месалазинге, препараттың қосымша заттарының кез келгеніне немесе салицилаттарға аса жоғары сезімталдық

- бауыр және /немесе бүйректің ауыр жеткіліксіздігі

-геморрагиялық диатез - асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы

- 6 жасқа дейінгі балалар

Сақтық шаралары

Анамнезінде салицилаттарға (сульфасалазинге) аллергиясы бар пациенттерге препаратты сақтықпен қолдану қажет.

Құрысулар, абдоминальді ауыру, дене температурасының жоғарылауы, айқын бас ауыруы, бөртпелер сияқты жедел симптомдар пайда болған жағдайда препаратты қабылдауды дереу тоқтату қажет.

Препаратты бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек. Қажет болса, емдеуге дейін және емдеу кезінде АЛТ және АСТ сияқты бауырдың функционалды көрсеткіштерін бақылау керек.

Препаратты бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдану ұсынылмайды. Емдеу кезінде пациентте бүйрек функциясының бұзылуы месалазиннің нефроуытты әсерінен туындауы мүмкін. Бүйрек функциясын үнемі бақылау керек, атап айтқанда қан сарысуындағы креатинин деңгейін анықтау керек (әсіресе емдеудің бастапқы фазасында).

Миокардиттің, перикардиттің дамуына күдік туындаған кезде немесе қан құрамы өзгерген жағдайда емдеуді тоқтату керек. Жоғарыда көрсетілген жағымсыз реакциялардың көріністері: қан құрамындағы айқын өзгерістер жағдайында — қанағыштықтың жоғарылауы, тері астына қан құйылулар, тамақтың ауыруы және қызба, перикардит немесе миокардит жағдайында — қызба, төс артының ауыруы және ентігу болуы мүмкін. Ацетилдену процесі баяу жүретін пациенттерде жағымсыз әсерлердің даму қаупі жоғары. Несеп пен көз жасы сұйықтығының сары-қызғылт сары түске боялуы, жанаспалы линзалардың боялуы байқалуы мүмкін.

Өкпе ауруы бар, атап айтқанда демікпесі бар пациенттер емдеу курсы кезінде мұқият бақылауда болуы тиіс.

Месалазинмен емдеуге байланысты эозинофилиямен және жүйелік көріністермен дәрілік реакцияны (DRESS), Стивенс-Джонсон синдромын (SJS) және уытты эпидермалық некролизді қоса, терінің ауыр реакциялары (TEN) туралы хабарламалар бар.
Егер Сіз терінің бөртпесі, шырышты қабықтың зақымдануы немесе аса жоғары сезімталдықтың кез келген басқа белгілері сияқты осы терінің ауыр реакцияларына байланысты қандай да бір симптомдарды байқаған болсаңыз, месалазинді қабылдауды тоқтатып, дереу дәрігерге жүгініңіз.

Месалазин мен ағартқыш арасындағы қауіп төндірмейтін химиялық реакция нәтижесінде, дәретхана суындағы натрий гипохлориті негізіндегі ағартқышпен қосылғаннан кейін месалазин несептің қызыл-қоңыр түске

боялуына әкелуі мүмкін.

Өзара әрекеттесуі

Сульфонилмочевина туындыларының гипогликемиялық әсерін, глюкокортикостероидтардың ульцерогенділігін, метотрексаттың уыттылығын күшейтеді. Фуросемидтің, спиронолактонның, сульфаниламидтердің, рифампициннің белсенділігін төмендетеді. Антикоагулянттардың әсерін күшейтеді. Урикозуриялық препараттардың (өзекшелік секреция блокаторлары) тиімділігін арттырады. Цианокобаламиннің сіңуін баяулатады. Месалазин глюкокортикоидтардың асқазанның шырышты қабығына жағымсыз әсерін азайтуы мүмкін, дигоксиннің сіңуін төмендетуі мүмкін.

Арнайы нұсқаулар

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде препаратты аса сақтықпен қолдану керек және бауыр мен бүйрек функциялары бұзылған пациенттерге тағайындау ұсынылмайды.

Педиатрияда қолдану

6 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Месалазиннің плаценталық бөгет арқылы өтетіні белгілі. Жүктілік кезеңінде осы затты қолдану туралы шектеулі мәліметтер ықтимал уытты әсерді бағалауға мүмкіндік бермейді. Месалазин ана сүтіне ананың қанына қарағанда төмен концентрацияда түседі, ал ацетил-месалазин метаболиті емшек сүтінде бірдей немесе одан жоғары концентрацияда анықталады. Аналары Пентаса препаратын қолданған нәрестелерде жағымсыз әсерлер байқалмады, бірақ қолда бар ақпарат шектеулі. Жүктілік және бала емізу кезеңінде препаратты сақтықпен және егер препарат әсерінің ықтимал пайдасы ықтимал қауіптен асып кетсе ғана қолдану керек.

Көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді  басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Орталық жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз әсерлердің даму мүмкіндігін ескере отырып, көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқарудан бас тартқан жөн.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Артық дозалану

Препараттың босап шығуы ұзаққа созылатын таблеткалар түріндегі бірегей дәрілік түрін және месалазиннің спецификалық фармакокинетикалық қасиеттерін ескере отырып, белсенді затының тек болар-болмас бөлігі ғана жүйелі әсер береді, сондықтан тіпті препараттың аса жоғары дозаларын қабылдағанда да, артық дозалануының даму  симптомдарын күтпеген жөн.

Жанама әсерлері

Өте жиі (≥ 1/10)

бас ауыруы

Жиі (≥1/100-ден < 1/10 дейін)

бас айналу

жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, диарея

тері бөртпесі (есекжемді, эритематозды бөртпені қоса алғанда)

артралгия

Жиі емес (≥1/1000-нан < 1/100-ге дейін)

эозинофилия (аллергиялық реакция шеңберінде)

шеткері нейропатия, бассүйекішілік қатерсіз гипертензия (жасөспірімдерде)

метеоризм

есекжем, қышу

миалгия

Сирек (≥1/10 000-нан < 1/1 000-ға дейін)

- жарыққа сезімталдық

- миокардит, перикардит

Өте сирек (<1/10 000)

атипті қан талдауы (аплазиялық анемия, гранулоцитозис, панцитопения, нейтропения, лейкопения, тромбоцитопения, қан жасушаларының патологиялық өзгеруі)

аллергиялық бөртпе, дәрі-дәрмектік қызба, панколит түріндегі аса жоғары сезімталдық реакциялары

жедел панкреатит

алопеция

бауыр функциясы параметрлерінің өзгеруі (трансаминазалардың жоғарылауы және холестаздық параметрлер), гепатит, холестаздық гепатит, бауыр циррозы, бауыр жеткіліксіздігі

бүйрек функциясының бұзылыстары, оның ішінде жедел және созылмалы интерстициялық нефрит және бүйрек жеткіліксіздігі, нефроздық синдром, емделуді ерте тоқтатқанда қайтымды болуы мүмкін бүйректің декомпенсацияланған жеткіліксіздігі

өкпенің аллергиялық және фиброзды реакциялары (оның ішінде ентігу, жөтел, бронх түйілуі, альвеолит, өкпе эозинофилиясы, өкпе инфильтрациясы, пневмония), интерстициялық пневмония, эозинофильді пневмония, өкпе аурулары.

олигоспермия (қайтымды)

Жиілігі белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес)

перикардит немесе плевроперикардиттің айқын синдромдары бар жүйелі қызыл жегі синдромына ұқсас синдромның даму жағдайлары, сондай-ақ бөртпе.

нефролитиаз

плеврит

Ықтимал ауыр жағымсыз әсерлері

Келесі симптомдардың кез-келгенін байқаған болсаңыз, месалазинді қабылдауды тоқтатып, дереу дәрігерге жүгініңіз: денеде қызарған, көтерілмеген, нысанаға ұқсас немесе дөңгелек дақтар, көбінесе орталығында күлдіреуіктер бар, терінің қабыршақтануымен, ауыздың, тамақтың, мұрынның, жыныс мүшелерінің және көздің ойық жараларымен, бөртпелермен ауқымды зақымдануы, қызба және лимфа түйіндерінің үлкеюі. Бұл ауыр тері бөртпелерінің алдында қызба және тұмауға ұқсас симптомдар болуы мүмкін.

Шығарылу түрі

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

6 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қаптамаға салады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыпентас таблеткалары 1 мг №60 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube