daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Актобе қаласындағы Пензим 10 000 Таблетка № 60 | Нобел АФФ АО

Актобе қаласындағы Пензим 10 000 Таблетка № 60 | Нобел АФФ АО

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Дөңгелек пішінді, екі жағы дөңес, ақ түсті ішекте еритін үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Өндіруші:

Нобел АФФ АО

Өндіруші ел:

Республика Казахстан

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: коповидон (коллидон) VA 64, натрий кроскармеллозасы, силифицирленген микрокристалды целлюлоза (Просолв SMCCHD90), магний стеараты. Үлбірлі қабықтың құрамы: Оpadry® КВ тұтқырлығы төмен ақ 310А18, тазартылған су. Ішекте еритін қабықтың құрамы: метакрил қышқылы және этакрилат кополимері (1:1) (30 % дисперсия) (Эудрагит L 30 D-55), триэтилцитрат (Цитрофлекс), симетикон эмульсиясы 30 %, тазартылған су. Жабынды жылтырату: полиэтиленгликоль (ПЭГ 6000), тазартылған су. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Дөңгелек пішінді, екі жағы дөңес, ақ түсті ішекте еритін үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Белсенді заттың дозасы:

10 000

Қаптамадағы саны:

60 шт.

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- ұйқы безінің экзокриндік жеткіліксіздігін емдеу үшін қолданылады.

Қарсы көрсеткіштер

- препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

- жедел панкреатит немесе созылмалы панкреатиттің өршу сатысында. Дегенмен, диетаны кеңейткенде өршудің басылу сатысында, егер ас қорыту бұзылыстары сақталған болса, препаратты ауық-ауық қабылдауға жол беріледі.

- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар

- созылмалы панкреатиттің асқынуы

- 12 жасқа дейінгі балалар

Өзара әрекеттесуі

ПЕНЗИМ® 10000 препаратын бір мезгілде қолданғанда парааминосалицил қышқылы (ПАСҚ) препараттарының, сульфаниламидтердің, антибиотиктердің сіңуі күшейеді; темір препараттарының сіңуі төмендеуі мүмкін. Панкреатин ферменттері фолий қышқылының сіңуін бәсеңдетеді. Әсері ұқсас басқа препараттарды (мысалы, бикарбонаттар немесе циметидинді) бір мезгілде қабылдағанда немесе панкреатиннің жоғары дозаларымен ұзақ емдегенде қан сарысуында фолаттар деңгейін мезгіл-мезгіл бақылап отыру және/немесе фолий қышқылын қосымша қабылдау ұсынылады. Құрамында кальций карбонаты және/немесе магний гидроксиді бар антацидті дәрілерді бір мезгілде қолдану ПЕНЗИМ® 10000 препараты тиімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Арнайы ескертулер

Муковисцидоз кезінде препаратты сақтықпен тағайындаған жөн, доза тұтынылатын тамақтың саны мен сапасына адекватты болуы тиіс (дозасын емдеуші дәрігер таңдайды). Панкреатиннің қажетті дозасынан асып кеткен жағдайда тоқ ішектің илеоцекальді бөлігінде және өрлемелі бөлігінде стриктуралар (фиброзды колонопатия) дамуы мүмкін.

Кистозды фиброзы бар пациенттерде, әсіресе панкреатиннің жоғары емдік дозаларын қабылдағаннан кейін несеп қышқылының несеппен шығарылуы ұлғаюы мүмкін, мұны несеп қышқылы тастарының түзілуіне жол бермес үшін бақылап отыру қажет.

Жүктілік және лактация кезінде

Жүктілік және бала емізу кезінде, егер ана үшін ықтимал пайдасы шарана/балаға төнетін ықтимал қаупінен асып түскенде, препаратты аса қажеттілік жағдайда ғана тағайындайды.

Препараттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

ПЕНЗИМ® 10000 препараты көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Ересектер және 12 жастан асқан балалар: тамақтың бір қабылдауына 2-4 таблеткадан (липазаның 20 000 – 40 000 ӘБ ЕФ сәйкес).

Енгізу әдісі және жолы

ПЕНЗИМ® 10000 сұйықтықтың көп мөлшерімен ішіп, көбіне тамақтанудың ортасында тұтастай жұту керек.

Қабылдаған кезде ПЕНЗИМ® 10000 тұтастай жұтылуын бақылау керек, өйткені оның тиімділігі шайнаған кезде азаяды, препарат құрамындағы ферменттер ауыз қуысында босап шыққанда соңғысының шырышты қабығын зақымдауы мүмкін.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

ПЕНЗИМ® 10000 препаратының дозасы ұйқы безі функциясы жеткіліксіздігі бар ауырлыққа сәйкес анықталады. Әдетте ұсынылатын дозасы тамақтануға липазаның 20 000 – 40 000 ӘБ ЕФ дозасы болып табылады, бірақ арттырылуы да мүмкін. ПЕНЗИМ 10000 препаратымен емдеудің мақсаты қалыпты дене салмағына жету немесе демеу және дефекация жиілігін немесе нәжіс консистенциясын қалпына келтіру. Дозаны ұлғайту тек дәрігердің бақылауымен және симптомдар (мысалы, стеаторея, асқазанның ауыруы) айқындылығын азайту мақсатында жүргізілуі тиіс.

Дене салмағының килограмына липазаның 15000 - 20000 ӘБ ЕФ құрайтын күнделікті ферменттердің дозасын арттыруға болмайды.

Майлардың жеткілікті сіңуіне қажетті дозаны, әсіресе муковисцидозы бар пациенттерде тамақтың мөлшері мен құрамын ескере отырып, ферменттер дозасын арттырмаған жөн.

Емдеу ұзақтығы

ПЕНЗИМ® 10000 препаратын қолдану ұзақтығы шектелмеген. Ол аурудың ағымына байланысты болады және емдеуші дәрігер анықтайды.

Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар

Симптомдары: жоғары дозаларда ұзақ қолданғанда несепте және қан плазмасында несеп қышқылы деңгейінің жоғарылауы мүмкін.

Емі: симптоматикалық ем, препарат қабылдауды шектеу.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Жанама әсерлері

Өте жиі ( 1/10)

- шұғыл типті аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, есекжем, түшкіру, жас ағу, бронх түйілуі, диспноэ сияқты), асқазан-ішек жолындағы аса жоғары сезімталдық реакциялары

- диарея, іштегі жайсыздық, іштің ауыруы, жүрек айну, құсу

- ұйқы безінен алынған ұнтақты жоғары дозада қабылдаған муковисцидозы бар пациенттерде ішектің илеоцекальді бөлігінде және өрлемелі тоқ ішекте стриктуралар түзілу жағдайлары сипатталған

Жиілігі белгісіз

- муковисцидозы бар пациенттерде, әсіресе ұйқы безінен алынған ұнтақты жоғары дозада қабылдаған кезде несеп қышқылының несеппен шығарылуы жоғарылауы мүмкін. Сондықтан мұндай пациенттерде несептегі несеп қышқылының мөлшеріне, несеп қышқылы тастарының түзілуіне талдау жүргізген жөн.

Іште әдеттен тыс жайсыздық немесе симптоматика өзгерістері пайда болғанда ішек зақымдануын жоққа шығару үшін сақтандыру шарасы ретінде тексеруден өту қажет. Бұл әсіресе тәулігіне кг салмаққа 10000 бірліктен асыра липаза қабылдайтын пациенттерге қатысты.

Шығарылу түрі

10 таблеткадан мөлдір ПВХ/ПЭ/ПВДХ үлбірден және баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

3 немесе 6 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге өндіруші фирманың голограммасы бар картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыПензим 10 000 таблетка № 60 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube