daribar logo
Каталог
search-icon
Город
Қаз
Аптекам
Консультация

Корзина

Актобе қаласындағы Промедол Ампуласы 2% 1 Мл №10 | Химфарм АО

Актобе қаласындағы Промедол Ампуласы 2% 1 Мл №10 | Химфарм АО

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Бронь на 24 часа при самовывозе

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage
Описание:

Мөлдір түссіз немесе шыныны нашар сулайтын аздап боялған сұйықтық.

Международное наименование:

Тримеперидин

Производитель:

Химфарм АО

Страна производитель:

Республика Казахстан

Действующее вещество:

гидрохлориді) (100% затқа шаққанда), қосымша заттар: 1 М хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Мөлдір түссіз немесе шыныны нашар сулайтын аздап боялған сұйықтық.

Дозировка активного вещества:

2%

Лекарственная форма:

Инъекцияға арналған 2% ерітінді, 1 мл

Количество в упаковке:

10 шт

Инструкция

Состав

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат 20.0 мг промедол гидрохлориді (тримеперидин

гидрохлориді)

(100% затқа шаққанда),

қосымша заттар: 1 М хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Мөлдір түссіз немесе шыныны нашар сулайтын аздап боялған сұйықтық.

Показания к применению

қатерлі жаңа түзілімдер, күйіктер, жарақаттар кезіндегі айқын ауыру синдромында

тегіс бұлшықеттің түйілулерімен байланысты, соның ішінде ішек, өт және бүйрек шаншулары, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы кезіндегі ауыру синдромында

тұрақсыз стенокардия, миокард инфарктісі кезіндегі, кардиогендік шоктағы ауыру синдромында

операциядан кейінгі кезеңде ауыруларды басу үшін

нейролептанальгезияда (нейролептиктермен біріктіріп)

операцияға дайындауда (премедикацияда)

Противопоказания

промедолға (тримеперидинге) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

тыныс алу орталығының бәсеңдеуі

шығу тегі белгісіз іш ауруы

уытты диспепсия (токсиндердің шығарылуының баяулауы және соған байланысты диареяның өршуі мен ұзаққа созылуы)

жедел алкогольдік уыттану

бір мезгілде моноаминооксидаза тежегіштерімен емдеу (соның ішінде, оларды қолданғаннан кейін 21 күн ішінде)

антибиотиктерді қабылдаудан болған жалған жарғақшалы колит аясындағы диарея

инфекциялар (инфекцияның орталық жүйке жүйесіне өту қаупі)

жалпы қажу

нашақорлық (соның ішінде анамнезіндегі)

65 жастан асқандар

2 жасқа дейінгі балалар

жүктілік және бала емізу кезеңі

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Апиынды анальгетиктерді моноаминоксидаза тежегіштерімен біріктірмеген дұрыс. Барбитураттарды немесе апиынды анальгетиктерді ұзақ уақыт қолдану айқаспалы төзімділіктің дамуын көтермелейді. Емдеу кезінде алкоголь қолданылуына жол бермеу керек.

Препараттың жоғары дозаларын, әсіресе егде жастағы пациенттерге қолдану, тыныс алу жеткіліксіздігі мен кома жағдайының дамуына алып келуі мүмкін.

Тыныс алудың жеткіліксіздігі респираторлық демеу жүргізуді және антагонист – налоксонды енгізуді қажет етеді, бірақ налоксонды есірткіге тәуелді субъектілерге қолдану тоқтату синдромының дамуына алып келуі мүмкін. Демеуші ем респираторлық демеуге және налоксонды енгізу арқылы пациентті шок жағдайынан шығаруға бағытталады. Препаратты енгізу жиілігі тыныс алу жеткіліксіздігі мен кома жағдайының дәрежесіне байланысты.

Жағымсыз реакциялардың дамуы апиынды рецепторларға жекелей сезімталдыққа байланысты.

Кома жағдайлары қарашықтардың тарылуымен, тыныс алу депрессиясымен білінеді, бұл артық дозаланғанын айғақтауы мүмкін. Қарашықтардың дилатациясы гипоксияның дамығанын көрсетеді. Артық дозаланғаннан кейін өкпенің ісінуі өлімнің жалпы себебі болып табылады.

Қайталап қолданғанда дағдылану және дәріге тәуелділік дамуы мүмкін. Эйфория болуы мүмкін.

Тегіс бұлшықеттердің түйілуінен болған ауыруларда (өт, бүйрек, ішек шаншуы), промедолды, пациенттің жағдайын мұқият бақылай отырып, атропин тәрізді және спазмолитикалық дәрілік заттармен біріктіру керек.

Бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігінде, гипотиреозда, микседемада, простата гипертрофиясында, белсіздікте, шокта, миастенияда, асқазан-ішек жолының қабыну ауруларында, сондай-ақ 60 жастан асқан пациенттерге, асқазан-ішек жолына, несеп шығару жүйесіне, несеп шығару өзектерінің стриктураларына жасалған хирургиялық араласуларда, бронх демікпесінде, өкпенің созылмалы обструкциялық ауруында, құрысуларда, аритмияда, артериялық гипотензияда, жүректің созылмалы жеткіліксіздігінде, тыныс алудың жеткіліксіздігінде, бүйрекүсті безінің жеткіліксіздігінде, орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуінде, бассүйекішілік гипертензияда, бассүйек-ми жарақатында, суицидке бейімділікте, көңіл-күйдің құбылмалылығында, маскүнемдікте, ауыр сырқатты пациенттерге, әлсіреген пациенттерге, кахексия кезінде, бала жастағыларға сақтықпен қолданады.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Орталық жүйке жүйесіне депрессиялық әсер беретін басқа препараттармен бір мезгілде қолданғанда, өзара әсерлерінің күшеюі мүмкін.

Барбитураттарды (әсіресе фенобарбиталды) немесе есірткілік анальгетиктерді ұзақ уақыт қолдану айқаспалы төзімділіктің дамуын туғызады.

Промедол нейролептиктермен (галоперидолмен, дроперидолмен), холинолитиктермен, миотропты спазмолитиктермен, антигистаминдік дәрілермен үйлесімді.

Артериялық қысымды төмендететін препаратардың (соның ішінде, ганглиоблокаторлардың, диуретиктердің) гипотензиялық әсерін күшейтеді.

Холинергияға қарсы белсенділігі бар дәрілік заттар, диареяға қарсы препараттар (соның ішінде лоперамид) ішектің бітелуіне дейінгі іштің қатуын, несептің іркілуі мен орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеу қаупін арттырады.

Антикоагулянттардың әсерін күшейтеді (плазма протромбинін бақылауға алу керек).

Бупренорфин (соның ішінде алдыңғы емдеу) басқа апиынды анальгетиктердің әсерін төмендетеді; µ-апиынды рецепторлар агонистерінің жоғары дозаларын қолдану аясында тыныс алудың бәсеңдеуін төмендетеді, ал µ- немесе κ-апиынды рецепторлар агонистерінің төменгі дозаларын қолдану аясында — күшейтеді; дәріге тәуелділік аясында µ-апиынды рецепторлар агонистерін қабылдауды тоқтатқанда «тоқтату синдромы» симптомдарының пайда болуын жеделдетеді, оларды күрт тоқтатқан кезде бұл симптомдардың айқындығын ішінара төмендетеді.

Моноаминоксидаза (МАО) тежегіштерімен бір мезгілде қолданғанда, гипер- немесе гипотензиялық криздердің туындауымен орталық жүйке жүйесінің қатты қозуының немесе тежелуінің ықтималдығы салдарынан ауыр реакциялар дамуы мүмкін (МАО тежегіштерін қабылдау кезінде, сондай-ақ оларды қабылдау аяқталғаннан кейін 14–21 күн бойы тағайындамау керек).

Налоксон тыныс алуды қалпына келтіреді, апиынды анальгетиктердің әсерін, сондай-ақ солардан туындаған тыныс алу мен орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуін төмендетеді; есірткіге тәуелділік аясында «тоқтату синдромы» симптомдарының пайда болуын жеделдетуі мүмкін.

Налтрексон есірткіге тәуелділік аясындағы «тоқтату синдромы» симптомдарының пайда болуын жеделдетеді (симптомдар препаратты енгізгеннен кейін 5 минуттан соң-ақ пайда болуы мүмкін, 48 сағат бойы жалғасады, тұрақтылығымен және оларды басудың қиындығымен сипатталады); апиынды анальгетиктердің әсерін (анальгетиктік, диареяға қарсы, жөтелге қарсы) төмендетеді; гистаминдік реакциядан болған симптомдарға әсер етпейді.

Налорфин, ауыруды басатын әсерлері сақталған жағдайларда, апиынды анальгетиктер туғызған тыныс алудың бәсеңдеуін жояды.

Метоклопрамидтің әсерін төмендетеді.

Арнайы сақтандырулар

Педиатрияда қолдану

2 жастан асқан балаларда құрысулар дамуы мүмкін, жоғары дозаларда қолданғанда бүйрек жеткіліксіздігі үдеуі мүмкін.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Препаратты жүктілік кезеңінде және бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды

Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емдеу кезінде көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқармаған жөн.

Специальные указания

Педиатрияда қолдану

2 жастан асқан балаларда құрысулар дамуы мүмкін, жоғары дозаларда қолданғанда бүйрек жеткіліксіздігі үдеуі мүмкін.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Препаратты жүктілік кезеңінде және бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды

Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емдеу кезінде көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқармаған жөн.

Рекомендации по применению

Дозалау режимі

Ересектерге тері астына 1 мл 2% ерітіндіні; қарқынды ауыруда, ең алдымен қатерлі ісіктер мен ауыр жарақаттарда - 2 мл дейін 2% ерітіндіні енгізеді. Онкологиялық ауруларда тиісті дозасын әр 12–24 сағат сайын, ауырудың айқындылық дәрежесіне байланысты тағайындайды.

Премедикацияның негізгі компоненті ретінде: тері астына немесе бұлшықет ішіне 0,0005 г (0,5 мг) дозадағы атропин сульфатымен бірге 0,02–0,03 г дозада (1–1,5 мл 2% ерітінді) операцияға дейін 30–45 минут бұрын (шұғыл премедикация үшін вена ішіне қолданады).

Операциядан кейінгі кезеңде тыныс алудың бұзылуы жоқ болса, ауыруды басатын және шокқа қарсы дәрі ретінде тері астына 1 мл 2% ерітіндіні енгізеді.

Тегіс бұлшықеттердің түйілуінен болған ауыруларда (өт, бүйрек, ішек шаншуы), промедолды науқастың жағдайын мұқият бақылай отырып, атропин тәрізді және түйілуді басатын дәрілік заттармен біріктіру керек.

Ересектерге арналған ең жоғары дозалары: бір реттік - 40 мг, тәуліктік - 160 мг.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

2 жастан үлкен балаларға жасына байланысты:

2–3 жастағы балалар үшін бір реттік доза 20 мг/мл ерітіндінің (3 мг тримеперидин гидрохлориді) 0,15 мл құрайды, ең жоғары тәуліктік доза – 0,6 мл (12 мг);

4–6 жас: бір реттік – 0,2 мл (4 мг), ең жоғары тәуліктік – 0,8 мл (16 мг);

7–9 жас: бір реттік – 0,3 мл (6 мг), ең жоғары тәуліктік –1,2 мл (24 мг);

10–12 жас: бір реттік – 0,4 мл (8 мг), ең жоғары тәуліктік – 1,6 мл (32 мг);

13–16 жас: бір реттік – 0,5 мл (10 мг), ең жоғары тәуліктік – 2 мл (40 мг).

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы және психикалық жағдайының бұзылулары бар пациенттерге дозасын төмендету керек

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозасын төмендету керек.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозасын төмендету керек.

Енгізу әдісі және жолы

Тері астына, бұлшықет ішіне және вена ішіне тағайындайды.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу ұзақтығын дәрігер анықтайды

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, жабысқақ суық тер, сананың шатасуы, бас айналуы, ұйқышылдық, артериялық қысымның төмендеуі, күйгелектік, шаршау, брадикардия, күрт әлсіреу, баяу қиын тыныс алу, гипотермия, үрейлену, миоз (айқын гипоксия кезінде қарашықтар кеңеюі мүмкін), құрысулар, гиповентиляция, жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі, ауыр жағдайларда – естен тану, тыныстың тоқтап қалуы, кома.

Емі: өкпенің жеткілікті желдетілуін, жүйелі гемодинамиканы, дененің қалыпты температурасын ұстап тұру. Пациент үздіксіз бақылауда болуы тиіс; қажет болса – өкпені жасанды желдетуді жүргізу, тыныс алу стимуляторларын тағайындау, апиындардың арнайы антагонисін – налоксонды қолдану (ауыруды басатын әсерін сақтай отырып, апиынды анальгетиктерден туындаған тыныс алудың бәсеңдеуін жояды).

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар

Ұмытылып қалған дозаның орнын толтыру үшін екі есе дозаны қолданбаңыз.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар

Дәрілік препаратты қолданар алдында кеңес алу үшін дәрігерге жүгініңіз.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

Жиі

Передозировка

Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, жабысқақ суық тер, сананың шатасуы, бас айналуы, ұйқышылдық, артериялық қысымның төмендеуі, күйгелектік, шаршау, брадикардия, күрт әлсіреу, баяу қиын тыныс алу, гипотермия, үрейлену, миоз (айқын гипоксия кезінде қарашықтар кеңеюі мүмкін), құрысулар, гиповентиляция, жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі, ауыр жағдайларда – естен тану, тыныстың тоқтап қалуы, кома.

Емі: өкпенің жеткілікті желдетілуін, жүйелі гемодинамиканы, дененің қалыпты температурасын ұстап тұру. Пациент үздіксіз бақылауда болуы тиіс; қажет болса – өкпені жасанды желдетуді жүргізу, тыныс алу стимуляторларын тағайындау, апиындардың арнайы антагонисін – налоксонды қолдану (ауыруды басатын әсерін сақтай отырып, апиынды анальгетиктерден туындаған тыныс алудың бәсеңдеуін жояды).

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар

Ұмытылып қалған дозаның орнын толтыру үшін екі есе дозаны қолданбаңыз.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар

Дәрілік препаратты қолданар алдында кеңес алу үшін дәрігерге жүгініңіз.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

Жиі

Побочные действия

Жиі

Форма выпуска

1 мл препараттан шприцпен толтырылатын, ампула капиллярында сындыру нүктесі немесе сақинасы және екі қызыл сақинасы бар шыны ампулаларға құйылады.

Әрбір ампулаға заттаңба жапсырылады.

5 немесе 10 ампуладан поливинилхлорид үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға қапталады.

Препараты бар 5 ампуладан 1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Дәрілік препараты бар қорапшалар картоннан қораптарға салынады.

Қорапшаға салмай қаптауға рұқсат етіледі: пішінді ұяшықты қаптамалар медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықтармен бірге картон қораптарға салынады, нұсқаулықтардың саны қаптамалардың санына қарай қоса салынады.

Условия хранения

Жарықтан қорғалған жерде, 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Срок годности

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Объем

1 мл

Детали покупки

Оплата

При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

Качество и забота о клиентах на Daribar.kz

На нашем сайте доступна покупкаПромедол ампуласы 2% 1 мл №10 онлайн в аптеках города . по конкурентоспособным ценам.

Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube