Показания к применению
майлы себорея
қарапайым безеулер
майлы себорея
қарапайым безеулер
салицил қышқылына немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық
12 жасқа дейінгі балалар
салицил қышқылының туындыларына жоғары сезімталдықпен бронх демікпесінің атопиялық түрі
бүйрек жеткіліксіздігі
жүктілік және бала емізу кезеңі
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Дәрілік затты шырышты қабаттарға, туғаннан бар қалға, түкті сүйелге, гениталий немесе бет аймағындағы сүйелдерге жағуға болмайды.
Дәрі шырышты қабатқа тиіп кеткен жағдайда тиісті аймақты судың мол мөлшерімен жуып шайыңыз. Гиперемия және қабынумен (оның ішінде псориаздық эритродермияда) немесе беткейлік суланған зақымданулармен жүретін тері ауруларында салицил қышқылының сіңірілуінің күшеюі мүмкін екендігін ескеру керек.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Салицил қышқылы жергілікті қолдануға арналған басқа дәрілік заттардың сіңірілуін күшейте отырып, теріден өту қабілетін арттыруы мүмкін.
Сіңірілген салицил қышқылы метотрексат пен пероральді гипогликемиялық ДЗ, сульфонилмочевина туындыларының жағымсыз әсерін күшейтуі мүмкін. Гепаринмен емнің әсерін күшейтеді және қан кетуге түрткі болуы мүмкін. Пиразинамидпен индукцияланған гиперурикемияны бәсеңдетеді.
Пробенецид, сульфинпиразон мен фенилбутазонның подаграға қарсы әсерін бәсеңдетеді.
Салицил қышқылын жергілікті қолданғанда құрамында ацетилсалицил қышқылы және басқа да қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер бар дәрілік заттарды, тал қабығы негізінде жасалған препараттарды бір мезгілде пероральді қолдануға болмайды.
Ерітінді резорцинмен (ерітуші қоспалар түзеді) және мырыш тотығымен (ерімейтін мырыш салицилаты) фармацевтикалық үйлеспейді.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Балаларда қолдану сақтықты талап етеді. Балаларды емдегенде терінің бірнеше бөлігін бір мезгілде өңдеуге болмайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Дәрілік затты жүктілік және бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді

Дозалау режимі
Препаратпен терінің зақымданған беткейін, ысқыламай, мақта тампонмен алақан көлеміндегідей жерге 5 мл есебімен, тәулігіне 2-3 рет жағылады. Ересектер үшін ең жоғарғы тәуліктік дозасы – 0,2 г салицил қышқылы (10 мл), балалар үшін – 0,02 г салицил қышқылы (1 мл).
Енгізу әдісі және жолы
Сыртқа.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы - 1 аптадан асырмай.
Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар
Жергілікті қолданғанда артық дозалану мүмкіндігі төмен. Әйтсе де, дәрілік заттың үлкен дозасын бір мезгілде жаққанда оның кератолитикалық әсері күшеюі және аллергиялық реакция байқалуы мүмкін. Бұл жағдайда препаратты сумен жуып шайып жіберіп, дәрігердің кеңесіне жүгіну керек. Емі симптоматикалық. Салицил қышқылы ішке түскенде асқазанның шырышты қабаты тітіркенуі мүмкін, асқазан аймағының ауыруы, жүрек айнуы, кейде құсу пайда болады. Ішке қабылдағанда сілтілендіретін ерітінділерді (натрий гидрокарбонаты) қолданумен судың мол мөлшерімен зондтың көмегімен асқазанды шаю керек. Зардап шегуші адамға құсуды индукциялау жолымен асқазанды шаюға болмайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Кез келген жағымсыз реакциялар туындаған жағдайда дәрігерге жүгіну керек.
40 мл-ден дәрілік затқа арналған тығыздағыш элементі бар полиэтилен қақпақты немесе бұрандалы қақпағы және полиэтилен тығынмен тығындалған бұрандалы мойны бар шыны массадан жасалған құтыда.
Құтыларға өздігінен желімделетін заттаңба немесе заттаңбалық немесе жазу қағазынан жасалған заттаңбалар жапсырылады.
Құтылар медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың сәйкес санымен бірге орама қағаздан жасалған бумаларға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстайтын полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картоннан жасалған жәшіктерге салынады.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, жақсы тұмшаланған ыдыста, 30 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.