daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Актобе қаласындағы Signicef Көз Тамшылары 0,5% 5 Мл | СЕНТИСС ФАРМА Пвт. Лтд.

Актобе қаласындағы Signicef Көз Тамшылары 0,5% 5 Мл | СЕНТИСС  ФАРМА Пвт. Лтд.

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Бозғылт-сары түсті мөлдір ерітінді.

Халықаралық атауы:

Левофлоксацин

Өндіруші:

СЕНТИСС ФАРМА Пвт. Лтд.

Өндіруші ел:

Республика Индия

Белсенді ингредиент:

левофлоксацинге баламалы 5.00 мг қосымша заттар: бензалконий хлориді, гипромеллоза (НРМС Е-15), натрий хлориді, натрий гидроксиді, хлорлысутегі қышқылы, инъекцияға арналған су.

Белсенді заттың дозасы:

0,5%

Қаптамадағы саны:

1 шт

Аналогтары

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

ДП ересектерде, 8 жастан асқан балаларда, 12-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдануға көрсетілген

- левофлоксацинге сезімтал микроорганизмдерден туындаған көздің беткейлік бактериялық инфекциялары

Препаратты тағайындағанда бактерияға қарсы дәрілерді тиісті қолдану жөніндегі ресми нұсқауларды ескеру қажет.

Қарсы көрсеткіштер

– әсер етуші затқа - левофлоксацинге, басқа хинолондарға немесе басқа қосымша заттардың кез келгеніне, мысалы, бензалконий хлоридіне аса жоғары сезімталдық

- жүктілік және емшек емізу кезеңі

- 8 жасқа дейінгі балалар

Өзара әрекеттесуі

Левофлоксацин көзге тамызатын дәрісінің өзара әрекеттесуі бойынша арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ. Көзде жергілікті қолданғаннан кейін левофлоксациннің плазмадағы ең жоғары концентрациясы стандартты дозаларды ішке қабылдағаннан кейін кемінде 1000 есе төмен болғандықтан, жүйелі қолдануға тән басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі клиникалық елеусіз болды.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Жергілікті, зақымданған бір немесе екі көзге алғашқы 2 тәулік бойына тәулігіне 8 ретке дейін, содан соң тәулігіне 4 рет әр 2 сағат сайын 1-2 тамшыдан.

Емдеудің ұзақтығы аурудың ағымына, сондай-ақ инфекцияның клиникалық және бактериологиялық ағымына тәуелді. Емдеу ұзақтығы әдетте 5 күнді құрайды.

Басқа офтальмологиялық дәрілерді бір мезгілде пайдаланғанда, инстилляциялардың арасы кемінде 15 минут болуы тиіс.

Пациенттердің ерекше тобы

Балалар

Препаратты 8 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды.

8 жастан асқан балаларға арналған дозалар ересектерге арналған сияқты болады

Жаңа туған нәрестелердің мөлдірқабық жарасы мен офтальмиясын емдеуде қауіпсіздік пен тиімділік анықталмаған.

Егде жастағы пациенттер

Дозаны түзету талап етілмейді.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Деректер жоқ

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Деректер жоқ

Енгізу әдісі және жолы

Көзге тамызуға арналған.

Субконъюнктивальді және көздің алдыңғы камерасына енгізуге болмайды.

Тамшылатқыш-құтының ұштығы мен ерітіндінің ластануын болдырмау үшін препаратты тамызған кезде тамшылатқыш-құтының ұштығы қабақпен немесе көз айналасындағы басқа жерлерге жанаспауы тиіс.

Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар

Симптомдары:

Көзе тамызатын дәрілері бар құтыдағы левофлоксациннің жалпы мөлшері кездейсоқ ішке қабылдағаннан кейін уытты әсерлерді туғызу үшін тым аз.

Емдеу:

Қажет болған жағдайда пациент клиникалық бақылануы мүмкін және демеуші шаралар қолданылуы мүмкін. Левофлоксацин 5 мг/мл көзге тамызатын дәрілерін жергілікті артық дозаланғаннан кейін көзді бөлме температурасындағы таза (су құбыры) сумен жууға болады.

Балалар

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет әрекеттер ересектер мен 1 жастан асқан балаларда бірдей болады.

Жанама әсерлері

Пациенттердің шамамен 10%-да жағымсыз реакциялар пайда болатынын күтуге болады. Бұл реакциялар әдетте жеңіл немесе орташа деп жіктеледі, өтпелі болып табылады және әдетте көз тарапынан реакциямен шектеледі.

Препарат құрамында бензалконий хлориді болғандықтан, жанаспалы экзема және/немесе терінің тітіркенуі левофлоксацинмен немесе осы қосымша затпен туындауы мүмкін.

Жиі

- көздің шымылдатып ашытуы

- көрудің нашарлауы

- көзден жіп тәрізді шырышты бөліністердің пайда болуы

Жиі емес

- бас ауыруы

- блефарит

- хемоз

- конъюнктивалық бүртік реакциясы

- қабақтың ісінуі

- көздегі жайсыздық

- көздің қышуы

- көздің ауыруы

- конъюнктива гиперемиясы

- конъюнктива фолликуласы

- көздің құрғауы

- қабақ эритемасы

- фотофобия

- риниттер

Сирек

- терідегі бөртпені қоса, экстраокулярлы аллергиялық реакциялар

Өте сирек

- анафилаксиялық реакциялар

- көмейдің ісінуі

- жүйелі фторхинолондар алған пациенттерде хирургиялық қалпына келтіруді талап еткен және ұзақ мүгедектікке әкелген иық сіңірінің, қолдың, ахиллов сіңірінің немесе басқа сіңірлердің үзілуі туралы хабарланды. Жүйелі хинолондарды тіркеуден кейінгі пайдалану тәжірибесі мен зерттеулері кортикостероидтер алатын пациенттерде, әсіресе егде жастағы пациенттерде және жоғары стрессті сіңірлерде, соның ішінде ахиллов сіңірі бар пациентерде осы үзілулер қаупі артуы мүмкін екенін көрсетеді.

Балалар

Балалардағы жағымсыз реакциялардың жиілігі, типі және ауырлығы ересектердегідей болады.

Шығарылу түрі

0,5 % көзге тамызатын дәрі.

Бұралатын қалпақшасы бар пластик тамшылатқыш-құтыда 5 мл-ден. Әрбір тамшылатқыш-құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Құтыны ашқаннан кейінгі қолданылу кезеңі 1 ай.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Көлемі

5 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Актобе қаласындағы «Signicef көз тамшылары 0,5% 5 мл» бағасының өзгеру диаграммасы

0500100015002000250012-0217-0222-0227-0204-0309-0314-0319-0324-0329-033-048-0413-0418-0423-0428-043-058-0513-0518-0523-0528-052-067-0612-0617-0622-0627-062-077-0712-0717-07
Орташа баға
Ең төменгі баға

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыSignicef көз тамшылары 0,5% 5 мл дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
2300

-ден

Сіздің үнемдеуіңіз: 30

i

Жақсы іздеудің арқасында пайда:

Орташа баға Актобе:

Daribar-дан тапсырыс бергенде:

Сіздің үнемдеуіңіз:

2330

2300

30

Себетке

Құрамы

Тауар туралы қысқашабойынша дәріханалардағы бағаларды салыстыруАналогтарыНұсқаулықСатып алу мәліметтеріАктобе қаласындағы «Signicef көз тамшылары 0,5% 5 мл» бағасының өзгеру диаграммасы

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube