daribar logo
Каталог
search-icon
Город
Қаз
Аптекам
Консультация

Корзина

Актобе қаласындағы Вазонат Ампуласы 100 Мг/мл 5 Мл №10 | Олайнский ХФЗ

Актобе қаласындағы Вазонат Ампуласы 100 Мг/мл 5 Мл №10 | Олайнский ХФЗ

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Доставка или бронь на 24 часа

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage
Описание:

Мөлдір түссіз сұйықтық.

Международное наименование:

Мельдоний

Производитель:

Олайнский ХФЗ

Страна производитель:

Республика Болгария

Действующее вещество:

қосымша зат: инъекцияға арналған су.

Дозировка активного вещества:

100 мг/мл 5 мл

Лекарственная форма:

Вена ішіне енгізуге арналған 100 мг/мл 5 мл ерітінді

Количество в упаковке:

10 шт.

Аналоги

Инструкция

Показания к применению

Вазонат кешенді емде мына жағдайларда қолданылады:

жүрек және қантамыр жүйесінің аурулары: тұрақты жүктеме стенокардиясы, жүректің созылмалы жеткіліксіздігі (NҮНА І-ІІІ функционалдық класы), кардиомиопатия, жүрек және қантамыр жүйесінің функционалдық бұзылулары;

ми қан айналымының жедел және созылмалы ишемиялық бұзылулары;

жұмыс қабілетінің төмендеуі, физикалық және психоэмоционалдық қатты ширығу;

цереброваскулярлық бұзылулардан, ми жарақаттарынан және энцефалиттен кейінгі сауығу кезеңінде.

Противопоказания

- әсер ететін затқа жоғары сезімталдық

- бауырдың және/немесе бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (қолдану қауіпсіздігі туралы деректердің болмауына байланысты)

- жүктілік және бала емізу кезеңі

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге (қолдану қауіпсіздігі тексерілген жоқ)

Взаимодействие

Мельдонийді әсер етуі ұзартылған нитраттармен және тұрақты жүктеме стенокардиясын емдеуге арналған басқа антиангиальді дәрілермен бірге, жүрек жеткіліксіздігін емдеуге арналған жүрек гликозидтерімен және диуретикалық дәрілермен бірге қолдануға болады.

Мельдонийді антикоагулянттармен, антиагреганттармен, аритмияға қарсы дәрілермен және микроайналымды жақсартатын дәрілермен біріктіруге болады.

Мельдоний құрамында глицерилтринитрат бар препараттардың, нифедипиннің, бета-адреноблокаторлардың, басқа гипотензивті дәрілердің және шеткері вазодилататорлардың әсерін күшейтуі мүмкін.

Жүректің созылмалы жеткіліксіздігі бар, симптомдарды азайту үшін бір мезгілде мельдоний мен лизиноприл қабылдайтын пациенттерде біріктірілген емнің оң әсері анықталған (басты артерияларды вазодилатациялау, шеткергі қан айналымын және тіршілік сапасын жақсарту, психологиялық және физикалық стрессті азайту).

Ишемия/реперфузиядан болатын зақымдануларды жою үшін мельдонийді орот қышқылымен біріктіріп қолданғанда қосымша фармакологиялық әсері байқалды.

Темір тапшылығынан болатын анемиясы бар пациенттерде Сорбифер препараты мен мельдонийді бір мезгілде қолдану нәтижесінде қызыл қан жасушаларында май қышқылдарының құрамы жақсарған.

Мельдоний азидотимидин (АЗТ) туындататын жүректің патологиялық өзгерістерін жоюға көмектеседі және митохондриялар дисфункциясына әкелетін АЗТ туғызған тотығу стресі реакцияларына жанама әсер етеді. Мельдонийді АЗТ немесе жүре пайда болған иммунитет тапшылығы синдромын (ЖИТС) емдеуге арналған басқа препараттармен біріктіріп қолдану ЖИТС еміне оң ықпал етеді.

Этанол туындататын тепе-теңдік рефлексін жоғалту тестісінде мельдоний ұйқының ұзақтығын азайтты. Пентилентетразол туғызған құрысулар кезінде мельдонийдің құрысуға қарсы айқын әсері анықталған. Өз кезегінде, мельдониймен емнің алдында α2 адреноблокатор, 2 мг/кг дозада йохимбин мен 10 мг/кг дозада N-(G)-нитро-L-аргинин азот тотығы синтазасының (АТС) тежегішін қолданғанда мельдонийдің құрысуға қарсы әсері толық тежеледі.

Мельдонийдің артық дозалануы циклофосфамид туғызған кардиоуыттылықты күшейтуі мүмкін.

D-карнитин (фармакологиялық белсенді емес изомер)- мельдонийді қолданғанда түзілетін карнитин тапшылығы ифосфамид туғызған кардиоуыттылықты күшейтуі мүмкін.

Мельдоний индинавир туғызған кардиоуыттылық және эфавиренз туғызған кардиоуыттылық жағдайында қорғағыш әсер көрсетеді.

Құрамында мельдоний бар басқа дәрілік түрлерімен бір уақытта қолдану ұсынылмайды, себебі жағымсыз әсерлердің даму қаупі артуы мүмкін.

Арнайы ескертулер

Анамнезде бауыр және/немесе бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде сақ болу керек (бауыр және/немесе бүйрек функциясын бақылап отыру қажет).

Педиатрияда қолданылуы

Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде препаратты қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер жоқ, сондықтан препаратты қолдану қарсы көрсетілген.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Препараттың жүктілікке, эмбрионның/шарананың дамуына, босануға және босанудан кейінгі дамуға ықпал етуін бағалау үшін зерттеулер жеткіліксіз. Адамдар үшін әлеуеттің қаупі белгісіз, сондықтан препаратты жүктілік кезеңінде қолдануға болмайды.

Қолжетімді деректер мельдонийдің сүтке бөлінетінін айғақтайды. Препараттың адамның ана сүтіне бөлінуі белгісіз. Жаңа туған нәрестелер/сәбилер үшін қауіпті жоққа шығаруға болмайды, сондықтан бала емізу кезеңінде бұл препаратты қолдануға болмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдердің басқару қабілетіне ықпал етуі туралы деректер жоқ.

Рекомендации по применению

Дозалау режимі

Ересектер

Дозасы 500 мг-1000 мг (5-10 мл) құрайды, вена ішіне, препараттың бүкіл дозасын бір рет немесе бір реттік дозаны екі бөліп енгізеді. Емдеу ұзақтығы әдетте 10-14 күнді құрайды, содан соң пероральді дәрілік түрімен емдеген жөн.

Емдеу курсының ұзақтығы 4-6 аптаны құрайды. Емдеу курсын жылына 2-3 рет қайталауға болады.

Пациенттердің ерекше топтары

Егде жастағы пациенттер

Бауыр және/немесе бүйрек функциясының бұзылуы бар егде жастағы пациенттерде дозаны төмендету қажет болуы мүмкін.

Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер

Дәрі организмнен бүйрек арқылы шығарылатын болғандықтан, жеңілден орташа деңгейге дейінгі бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер мельдонийдің төмен дозасын қолдануы тиіс.

Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттер

Ауырлығы жеңілден орташа деңгейге дейінгі бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттер мельдонийдің төмен дозасын қолдануы тиіс.

Енгізу әдісі және жолы

Вена ішіне. Препаратты қолдану енгізер алдында арнайы дайындықты қарастырмайды.

Қоздыратын әсердің дамуы ықтималдығына байланысты препаратты күннің бірінші жартысында енгізу ұсынылады.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажетті шаралар

Артық дозалану жағдайлары туралы хабарланған жоқ. Дәрілік заттың уыттылығы аз және ауыр жағымсыз әсерлерді туындатпайды.

Артериялық қысым төмен болған жағдайда бас ауыру, бас айналу, тахикардия, жалпы әлсіздік пайда болуы мүмкін.

Емі: симптоматикалық ем. Ауыр артық дозалану кезінде бүйрек және бауыр функциясын бақылау керек.

Дәрілік заттың ақуыздармен жоғары байланысуына байланысты гемодиализдің мәні жоқ.

Форма выпуска

5 мл препараттан бейтарап шыны ампулаларда. Ампулаға жалпы қабылданған символика таңбасы түсіріледі, оны ашу тәсілі – сындыру. Ампула ұшындағы ең жіңішке жерге түрлі түсті нүкте қойылады, сол жерінен ампуланың ұшын сындырады. 10 ампуладан поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Условия хранения

25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Срок годности

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Объем

5 мл

Детали покупки

Оплата

При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

Качество и забота о клиентах на Daribar.kz

На нашем сайте доступна покупкаВазонат ампуласы 100 мг/мл 5 мл №10 онлайн в аптеках города . по конкурентоспособным ценам.

Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube