Показания к применению
Зовиракс кремі ересектер мен балаларда Herpes simplex (қайталанатын herpes labialis) қарапайым герпес вирусынан туындаған ерін мен бет инфекциясын емдеу үшін қолданылады.
Зовиракс кремі ересектер мен балаларда Herpes simplex (қайталанатын herpes labialis) қарапайым герпес вирусынан туындаған ерін мен бет инфекциясын емдеу үшін қолданылады.
- ацикловирге, валацикловирге, пропиленгликольге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Препарат ерін мен бет терісінің герпесінде ғана қолданылуы керек. Осы дәрілік препаратты ауыз қуысы мен көздің шырышты қабаттары сияқты шырышты қабықтарға қолдану ұсынылмайды. Осы дәрілік препаратты генитальдік герпесті емдеу үшін пайдалануға болмайды.
Көзге түспеу үшін ерекше сақ болу керек.
Қайталанатын ерін герпесінің ерекше ауыр түрлері болған кезде дәрігермен кеңесу ұсынылады.
Ерін герпесімен ауыратын адамдарға (әсіресе ашық зақымданулар болған кезде) сақ болу керек және вирустың таралуын болдырмау керек.
Иммунитеті әлсіреген пациенттерге препаратты қолдану ұсынылмайды және инфекцияның барлық түрлерін емдеуге қатысты дәрігермен кеңесу керек.
Зовиракс кремінің 1 г құрамында 400 мг пропиленгликоль бар, бұл тәуліктік дозада 200 мг-ге баламалы. Пропиленгликоль терінің жергілікті тітіркенуін тудыруы мүмкін.
Зовиракс кремінің 1 г құрамында 7,5 мг натрий лаурилсульфаты бар, бұл тәуліктік дозада 3,75 мг-ге тең. Натрий лаурилсульфаты жергілікті тері реакцияларын тудыруы мүмкін (мысалы, шаншу немесе ашыту сезімі) немесе сол аймаққа қолданған кезде басқа препараттармен туындаған жергілікті тітіркендіргіш әсерді күшейтеді.
Цетостеарил спирті жергілікті тері реакцияларын тудыруы мүмкін (мысалы, жанаспалы дерматит).
Көз герпесі
Зовиракс кремін көз герпесін емдеу үшін қолдану ұсынылмайды.
Генитальді герпес
Зовиракс кремін генитальді герпесті емдеу үшін қолдану ұсынылмайды.
Өзара әрекеттесудің клиникалық маңызды түрлері анықталмаған.
Арнайы ескертулер
Жүктілік немесе лактация кезінде
Зовиракс кремін қолдану тек ана үшін болжанатын пайдасы ұрық пен сәбиге төнетін зор қауіптен артық болатын жағдайларда ғана көрсетілімді. Алайда, Зовиракс кремін жергілікті қолдану кезінде ацикловирдің жүйелік әсері өте төмен болып табылады.
Зовиракс кремін қолданғаннан кейін емшек сүтімен қоректенетін балалар қабылдаған дозалар шамалы болып саналады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Дозалау режимі
Ересектер мен балалар
Препаратты терінің зақымданған жерлеріне күніне 5 рет (түнгі уақытты қоспағанда, әр 4 сағат сайын) жағу ұсынылады.
Енгізу әдісі мен жолы
Тек сыртқа қолдануға арналған.
Емдеуді мүмкіндігінше ертерек, дұрысы бастапқы сатыларында (продромальді кезеңде немесе тері қызарғанда) бастау керек. Алайда емдеуді кешірек сатыларда да (папула немесе везикуланың болуы) бастауға болады.
Емдеу ұзақтығы 4 күннен кем емес. Жазылу болмаған жағдайда емдеуді 10 күнге дейін ұзартуға болады. Егер жазылу 10 күн ішінде басталмаған жағдайда дәрігерге қаралу керек.
Егер сіз қажетті дозаны жағуды ұмытып кетсеңіз, оны еске түсірген бойда жағыңыз.
Зақымданған бөліктерге қосымша инфекция жұқтырудан және инфекцияның таралуынан сақтану үшін кремді жағуға дейін және одан кейін қолды мұқият жуып, зақымданған бөліктерді қолмен немесе сүлгімен ысқыламау қажет.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Құрамында 100 мг ацикловир бар кремнің (2 г) едәуір мөлшерін ішке қабылдаған немесе сыртқа жаққан жағдайда жағымсыз құбылыстардың дамуы екіталай.
Артық дозалануынан күдіктенгенде дәрігерге қаралу қажет.
Қажет болған жағдайда дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну ұсынылады
2 г препараттан бұралатын қалпақшасы бар алюминий сықпаға салынады. Сықпа ұшының шетінде қорғағыш жарғақша бар.
1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
25 ºС-ден аспайтын температурада.
Мұздатып қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 ºС-ден аспайтын температурада.
Мұздатып қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.
от
Ваша выгода до: 178₸
Выгода за счет лучшего поиска:
Средняя цена в Актобе:
При заказе на Daribar от:
Ваша выгода до:
1958₸
1780₸
178₸