Қолдану көрсеткіштері
Препаратқа сезімтал микроорганизмдерден туындаған инфекциялық-қабыну аурулары:
- жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекцияларында (синусит, фарингит, тонзиллит, ортаңғы отит)
- төменгі тыныс алу жолдарының инфекцияларында (бронхит және ауруханадан тыс пневмония)
- фолликулит, флегмона, тілме сияқты жеңіл және орташа ауырлықтағы тері мен жұмсақ тіндердің инфекцияларында
- жыныстық жолмен берілетін инфекцияларда (урогенитальді хламидиозды, асқынбаған уретритті және цервицитті қоса, мысалы, Chlamydia trachomatis тудырған).
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
азитромицинге, эритромицинге кез келген басқа макролидті немесе кетолидті антибиотикке, препараттың кез келген басқа компонентіне жоғары сезімталдық;
эрготизмнің теориялық мүмкіндігіне байланысты азитромицинді қастауыш туындыларымен бір мезгілде тағайындауға болмайды;
бауыр функциясының ауыр бұзылуы;
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.
жүктілік және лактация кезеңі
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Азитромицинді пациенттерге QT аралығын ұзартуы мүмкін басқа дәрілермен бірге сақтықпен тағайындау керек.
Антацидтер. Азитромициннің фармакокинетикасына антацидтерді бір мезгілде қолданудың әсерін зерделеу кезінде азитромициннің плазмалық шектік концентрациясы азайғанына қарамастан, жалпы биожетімділікте өзгерістер байқалмады. Азитромицинді антацидті қабылдағанға дейін кемінде 1 сағат бұрын немесе 2 сағаттан кейін қабылдау керек.
Цетиризин. Азитромицинді цетиризинмен бір мезгілде қолдану QT аралығының өзгеруіне әсер етпейді.
Диданозин. Азитромицинді диданозинмен бір мезгілде қолданғанда диданозиннің фармакокинетикасына әсері анықталған жоқ.
Дигоксин. Макролидті антибиотиктерді, оның ішінде азитромицинді және дигоксин сияқты Р-гликопротеин субстраттарын бір мезгілде қолдану қан сарысуындағы Р-гликопротеин субстраты деңгейінің жоғарылауына әкелетіні хабарланды. Демек, азитромицин мен дигоксинді бір мезгілде қолданғанда қан сарысуындағы дигоксин концентрациясын арттыру мүмкіндігін ескеру қажет.
Зидовудин. Азитромициннің бір реттік немесе көп реттік дозалары плазмалық фармакокинетикаға немесе несеппен зидовудиннің немесе оның глюкуронидтік метаболиттерінің бөлінуіне әсер еткен жоқ. Алайда, азитромицинді қабылдау шеткері қан айналымындағы мононуклеарлардағы клиникалық белсенді метаболит фосфорланған зидовудин концентрациясын арттырды. Бұл деректердің клиникалық маңыздылығы түсініксіз, бірақ пациенттер үшін пайдалы болуы мүмкін.
Қастауыш. Эрготизмнің туындауының теориялық мүмкіндігін ескере отырып, азитромицинді қастауыш туындыларымен бір мезгілде енгізу ұсынылмайды.
Азитромицин Р450 цитохромының бауыр жүйесімен айтарлықтай өзара әрекеттеспейді. Препараттың эритромицинмен және басқа макролидтермен байқалатын фармакокинетикалық дәрілік өзара әрекеттесуі жоқ деп есептеледі. Азитромицин цитохром-метаболизмдік кешен арқылы Р450 цитохромының индукциясын немесе инактивациясын тудырмайды.
Азитромицин мен метаболизмі едәуір дәрежеде Р450 цитохромының қатысуымен болатын мынадай препараттарды қолдануға фармакокинетикалық зерттеулер жүргізілді.
Аторвастатин. Аторвастатин мен азитромицинді бір мезгілде қолдану қан плазмасындағы аторвастатин концентрациясының өзгеруін тудырмады (HMG CoA-редуктазасының тежелуін талдау негізінде).
Циметидин. Азитромицин қабылдағанға дейін 2 сағат бұрын қабылданған циметидиннің бір реттік дозасының әсерін фармакокинетикалық зерттеуде азитромицин фармакокинетикасында ешқандай өзгерістер байқалған жоқ.
Кумарин сияқты пероральді антикоагулянттар. Азитромицин мен кумарин типті пероральді антикоагулянттарды бір мезгілде қолданғаннан кейін антикоагулянттық әсердің үдеуі туралы белгілі.
Себептік байланыс анықталмаса да, кумарин типті пероральді антикоагулянттар қабылдайтын пациенттерге азитромицин тағайындау кезінде протромбиндік уақыттың жиі мониторингін жүргізу қажеттілігін ескеру керек.
Циклоспорин. Кейбір тектес макролидті антибиотиктер циклоспорин метаболизміне әсер етеді. Азитромицин мен циклоспоринді бір мезгілде қабылдау кезінде ықтималды өзара әрекеттесуге фармакокинетикалық және клиникалық зерттеулер жүргізілмегендіктен, осы препараттарды бір мезгілде қабылдау тағайындалғанға дейін емдік жағдайды мұқият таразылау керек. Егер біріктірілген ем ақталған болып саналса, циклоспорин деңгейіне мұқият мониторинг жүргізу және тиісінше дозаны реттеу қажет.
Эфавиренц. Азитромицин мен эфавиренцтің бір реттік дозасын бір мезгілде 7 күн бойы қолдану қандай да бір клиникалық маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесуді тудырмады.
Флуконазол. Азитромициннің бір реттік дозасын бір мезгілде қолдану флуконазолдың бір реттік дозасының фармакокинетикасының өзгеруіне әкелмейді. Флуконазолды бір мезгілде қолданған кезде азитромициннің жалпы экспозициясы мен жартылай шығарылу кезеңі өзгерген жоқ, алайда азитромициннің Cmax (18 %) клиникалық тұрғыдан елеулі төмендеуі байқалды.
Индинавир. Азитромициннің бір реттік дозасын бір мезгілде қолдану индинавир фармакокинетикасына статистикалық шынайы әсер етпейді.
Метилпреднизолон. Препаратты азитромицинмен бір мезгілде қабылдау метилпреднизолон фармакокинетикасына әсер етпеді.
Мидазолам. Азитромицинді бір мезгілде қолдану мидазолам фармакокинетикасы мен фармакодинамикасында клиникалық маңызды өзгерістер туғызбады.
Нелфинавир. Азитромицин мен нелфинавирді тепе-тең концентрацияларда бір мезгілде қолдану азитромицин концентрациясының жоғарылауына әкеледі. Клиникалық маңызды жағымсыз әсерлер байқалмады, тиісінше дозаны түзетудің қажеті жоқ.
Рифабутин. Азитромицин мен рифабутинді бір мезгілде қолдану осы препараттардың қан сарысуындағы концентрациясына әсер етпеді. Азитромицин мен рифабутинді бір мезгілде қолданғанда нейтропения байқалды.
Терфенадин. Фармакокинетикалық зерттеулерде азитромицин мен терфенадин арасындағы өзара әрекеттесу туралы хабарланған жоқ. Кейбір жағдайларда мұндай өзара әрекеттесу мүмкіндігін толығымен жоққа шығаруға болмайды; алайда мұндай өзара әрекеттесудің болуы туралы деректер жоқ.
Теофиллин. Азитромицин мен теофиллинді бір мезгілде қолданғанда клиникалық елеулі фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер туралы деректер жоқ.
Триазолам. Азитромицинді триазоламмен бір мезгілде қолдану триазолам мен плацебоға қарағанда триазоламның барлық фармакокинетикалық көрсеткіштеріне айтарлықтай әсер етпеді.
Арнайы ескертулер
Аллергиялық реакциялар. Эритромицинмен және басқа макролидті антибиотиктермен жағдайдағыдай, ангионевроздық ісінуді және анафилаксияны қоса алғанда (жекелеген жағдайларда – өліммен аяқталатын) сирек күрделі аллергиялық реакциялар туралы хабарланды. Азитромицинмен байланысты кейбір реакциялар қайталанатын симптомдарды тудырды және ұзақ уақыт бақылау мен емдеуді қажет етті.
Бауыр функциясының бұзылуы. Бауыр азитромициннің шығарылуының негізгі жолы болғандықтан, бауырдың ауыр аурулары бар пациенттерге азитромицинді мұқият тағайындау керек. Азитромицинді қабылдаған кезде өмірге қауіпті бауыр функциясының бұзылуына әкелетін фульминантты гепатит жағдайлары туралы хабарланды. Кейбір пациенттерде анамнезінде бауыр аурулары болуы мүмкін немесе басқа гепатоуытты препараттар қолданған болуы мүмкін.
Бауыр дисфункциясының белгілері мен симптомдары, мысалы, тез дамитын және сарғаюмен, несептің күңгірттенуімен, қан кетуге бейімділікпен немесе бауыр энцефалопатиясымен қатар жүретін астения дамыған жағдайда бауыр функцияларына талдаулар/сынамалар жүргізу қажет.
Бауыр функциясының бұзылуы анықталған жағдайда азитромицин қолдануды тоқтату керек.
Препарат құрамында лактоза бар, оны лактаза жеткіліксіздігі, галактоземия немесе глюкоза/галактоза сіңірілуінің бұзылу синдромы бар пациенттер ескеруі тиіс.
Қастауыш. Қастауыш туындыларын қабылдайтын пациенттерде макролидті антибиотиктерді бір мезгілде қолдану эрготизмнің тез дамуына ықпал етеді. Қастауыш пен азитромицин арасындағы өзара әрекеттесу мүмкіндігі туралы деректер жоқ. Алайда, эрготизмнің теориялық мүмкіндігіне байланысты азитромицинді қастауыш туындыларымен бір уақытта тағайындауға болмайды.
Суперинфекция. Басқа антибиотиктер сияқты, сезімтал емес организмдерден, соның ішінде зеңдерден туындаған суперинфекция белгілері бойынша бақылау жүргізу ұсынылады.
Азитромицинді қоса, барлық дерлік бактерияға қарсы препараттарды қабылдаған кезде ауырлығы әлсіз айқын диареядан өліммен аяқталған колитке дейін құбылған Сlostridium difficile-астасқан диарея (CDAD) туралы хабарланды. Бактерияға қарсы препараттармен емдеу жуан ішектегі қалыпты флораны өзгертеді, бұл С.difficіle шамадан тыс өсуіне әкеледі.
C. difficіle CDAD дамуына ықпал ететін А және В токсиндерін өндіреді. Токсиндерді гиперпродукциялайтын С. difficіle штаммдары ауру мен өлім деңгейінің жоғарылауының себебі болып табылады, өйткені бұл инфекциялар микробқа қарсы емге төзімді болуы мүмкін және колэктомия жасауды қажет етеді. Антибиотиктерді қолданудан туындаған диареямен ауыратын барлық пациенттерде CDAD даму мүмкіндігін қарастыру қажет. Сырқатнаманы мұқият жүргізу қажет, өйткені, хабарланғандай, CDAD бактерияға қарсы препараттарды қабылдағаннан кейін 2 ай ішінде көрініс беруі мүмкін.
Бүйрек функциясының бұзылуы. Күрделі бүйрек дисфункциясы бар пациенттерде (шумақтық сүзіліс жылдамдығы < 10 мл/мин) азитромициннің жүйелі экспозициясының 33 % артуы байқалды.
Жүрек аритмиясы мен қарыншаның дірілдеуі-жыпылықтауының (torsade de pointes) даму қаупін арттырған жүрек реполяризациясының және QT аралығының ұзаруы басқа макролидті антибиотиктермен емдеу кезінде байқалды. Азитромициннің осындай әсерін ұзартылған жүрек реполяризациясы қаупі жоғары пациенттерде толық жоққа шығаруға болмайды, сондықтан препаратты пациенттерге сақтықпен тағайындау керек: