Состав
1 мл (шамамен 20 тамшы) құрамында
белсенді зат – 100 мг аскорбин қышқылы
қосымша заттар: сусыз глицерин, тазартылған су.

1 мл (шамамен 20 тамшы) құрамында
белсенді зат – 100 мг аскорбин қышқылы
қосымша заттар: сусыз глицерин, тазартылған су.
Тиісті диетаны қолдану жеткіліксіз болған жағдайда С дәрумені тапшылығының алдын алу және емдеу.
- аскорбин қышқылына және/немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық;
- оксалатты несеп-тас ауруы;
- темірдің жинақталуының бұзылуы (гемохроматоз, талассемия, сидеробластты анемия);
- қант диабеті;
- глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы.
Жоғары дозаларды тағайындауға болмайды:
- қанның ұюы жоғары пациенттерге;
- тромбофлебит және тромбозға бейімділігі бар пациенттерге.
Үлкен дозаларда қолданылатын аскорбин қышқылы тотықты қалпына келтіру әдістерімен өндірілетін зертханалық зерттеулердің нәтижелерін бұрмалауы мүмкін (мысалы, нәжісте жасырын қанның бар-жоғын зерттеу, қан мен несептегі глюкоза мен креатинин концентрациясын анықтау).
Құрамында мыс пен темірдің қосылыстары бар препараттармен, сондай-ақ химиялық сәйкессіздікке байланысты тотығатын қасиеттері бар өнімдермен бірге қолдануға болмайды. Дозасы 200 мг асатын аскорбин қышқылын қолдану бір мезгілде қабылданған темірдің АІЖ сіңірілуін күшейтеді.
Аскорбин қышқылы мен ацетилсалицил қышқылын бір мезгілде қабылдаған кезде аскорбин қышқылының арта отырып шығарылуы және ацетилсалицил қышқылының азайтылып шығарылуы байқалады.
Аскорбин қышқылы парацетамолдың жартылай шығарылу кезеңін ұзартады, ал күніне 1 г асатын дозаларда трициклды антидепрессанттардың, фенотиазин туындыларының және аминогликозидті антибиотиктердің әсер ету тиімділігін төмендетуі мүмкін.
Аскорбин қышқылы мен В12 дәруменін (цианокобаламин) бір мезгілде қабылдау цианокобаламиннің тиімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Аскорбин қышқылын қабылдау α- токоферолдың плазмалық концентрациясын арттырады, ал токоферол аскорбин қышқылының концентрациясына әсерін тигізеді.
Аскорбин қышқылы бауыр метаболизмін өзгерту арқылы дәрілік препараттардың емдік әсеріне әсерін тигізуі мүмкін.
Педиатрияда қолдану
3 жасқа дейінгі балаларға препаратты дәрігермен кеңескеннен кейін беру керек.
Дозалау режимі
Дәрігердің басқа нұсқаулары болмаған кезде:
- нәрестелер мен 2 жасқа дейінгі балаларға: тәулігіне 5-8 тамшы, сусындарға немесе тағамға қосу керек;
- 2 жастан 11 жасқа дейінгі балаларға: тәулігіне 10 тамшы;
- 12 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер: күніне 15-20 тамшы.
3 жасқа дейінгі балаларға препаратты дәрігермен кеңескеннен кейін беру керек.
Артық дозалану жағдайлары туралы хабарланған жоқ. Бастапқы бүйрек аурулары бар пациенттерде артық дозаланғанда сұйықтықтың сақталуы, гипонатриемия және гипохлоремияның болуы мүмкін.
Емі: симптоматикалық, күшейтілген диурез.
Препарат жақсы төзімділікке ие. Жағымсыз әсерлері жоғары дозаларды қолдану жағдайларына жатады (тәулігіне 1 г жоғары).
10 немесе 30 мл препараттан тамшылатқышы бар бұрандалы қақпақпен тығындалған қара шыныдан жасалған құтыларға салынады.
1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Мұқият жабылған құтыда, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Жарықтан қорғау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
2 жыл
Ашылған құтыны 6 ай ішінде пайдалану қажет.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Наш сайт предлагает Вам возможность приобрести “100 мг/мл 30 мл ішуге арналған тамшы” в аптеках городв . по доступным ценам. Удобное сопоставление стоимости, а также проверка доступности в аптеках. Информация о товаре включает в себя детальные инструкции и рекомендации по применению.
от
Ваша выгода до: 204₸
Выгода за счет лучшего поиска:
Средняя цена в Астане:
При заказе на Daribar от:
Ваша выгода до:
1344₸
1140₸
204₸