Показания к применению
- бастапқы және қайталама әлсіздік кезінде босану әрекетінің қозуы және күшеюі
- босанғаннан кейінгі кезеңде лактацияны көтермелеу.
- бастапқы және қайталама әлсіздік кезінде босану әрекетінің қозуы және күшеюі
- босанғаннан кейінгі кезеңде лактацияны көтермелеу.
- демокситоцинге және/немесе препараттың кез келген қосымша заттарына жоғары сезімталдық
- жатырдың гипертониялық жиырылуы, босану жолдарының механикалық кедергілері, шарана гипоксиясы
- шарана пен жамбас көлемінің сәйкес келмеуі, шарананың көлденең немесе қиғаш орналасуы, плацентаның алда жатуы немесе кіндік тамырларының алда жатуы, плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы, жүктіліктің көп болуына байланысты жатырдың жыртылуына қауіп төндіретін кіндіктің түсуі, қағанақ суының көп болуы, жүктіліктің көп болуы және операциядан кейін жатыр қабырғасында тыртықтардың болуы, соның ішінде кесар тілігі
- препаратты ауыр преэклампсиялық токсикоз және жүрек пен қан тамырларының күрделі аурулары кезінде, сондай-ақ әлсіздік жағдайында немесе жатырдың жиырылуы болмағанда (демокситоцин/окситоцинге резистентілік) ұзақ уақыт қолдануға болмайды.
Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары
Босануды дәрі-дәрмекпен көтермелеу кезінде босанған әйелді мұқият бақылап, жатырдың жиырылу қарқындылығын, жүректің соғуын, шарананың жағдайын және қажет болған жағдайда дозаны таңдай отырып, пациенттің демокситоцин препаратына жеке реакциясын бақылау қажет. Тым күшті босану әрекеті кезінде препаратты қолдануды тоқтату керек.
Келесі жағдайларда аса сақ болу керек:
- егер шарана мен ана жамбасы көлемінің сәйкес келмеу қаупі болса (егер қауіп едәуір болса, демокситоцинді қолдануға болмайды),
- босану әрекетінің қайталама әлсіздігі болғанда,
- жүктілік салдарынан артериялық гипертензия, жүрек ауруы болғанда,
- 35 жастан асқан жүкті әйелдерге,
- егер анамнезінде жатырдың төменгі сегментіндегі кесарь тілігі болса,
- егер шарананың құрсақішілік өлімі немесе құрамында меконий бар қағанақ суының болуы анықталса (қағанақ суымен эмболия пайда болуы мүмкін).
Простагландиндерді бір мезгілде қолданған кезде (өте мұқият бақылау қажет), сондай-ақ каудальді анестезия кезінде (симпатомиметикалық және вазопрессорлық препараттардың гипертензиялық әсері күшеюі мүмкін) демокситоцин әсері күшейеді.
Босану әрекетін қоздыру үшін демокситоцин аналогын, окситоцинді қолдану сирек кездесетін босанғаннан кейінгі диссеминацияланған тамырішілік ұю (ДТҰ) қаупін арттыруы мүмкін деген деректер бар. Бұл қауіп 35 жастан асқан әйелдерде, сондай-ақ жүктіліктігі асқынған немесе жүктіліктің ұзақтығы 40 аптадан асатын әйелдерде көбірек байқалады. Мұндай жағдайларда окситоцинді және оның аналогтарын сақтықпен қолдану керек және дәрігер ДТҰ көріністеріне (яғни фибринолиз) қатысты сақ болуы тиіс.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Ингаляциялық анестетиктер (циклопропан, галотан) демокситоцин әсерін азайтуы мүмкін (сондай-ақ, гипотензивті әсерді және аритмияның даму қаупін арттырады).
Простагландиндер утеротоникалық әсерді арттыратын болғандықтан, демокситоцинді простагландиндерді қынаптық қолданғаннан кейін 6 сағат ішінде қолдануға болмайды.
Каудальді анестезия кезінде демокситоцин тамырды тарылтатын және симпатомиметикалық заттардың вазопрессорлық әсерін арттыруы мүмкін.
Арнайы ескертулер
Қосымша заттар
Дезаминокситоцин таблеткаларында сахароза және лактоза моногидраты бар. Бұл препаратты туа біткен сирек фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахароза-изомальтаза жеткіліксіздігі бар пациенттерге, сондай-ақ туа біткен сирек галактоза жақпаушылығы немесе лактаза тапшылығы бар пациенттерге қолдануға болмайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік кезінде босанатын әйел мен шаранада асқыну қаупінің жоғары болуына байланысты демокситоцинді сақтықпен қолдану керек.
Демокситоцин емшек сүтіне аз мөлшерде енуі мүмкін. Асқынулары белгісіз. Препарат баланың асқазан-ішек жолында ериді.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсерін бағалау бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ.
Дозалау режимі
Босану әрекетін қоздыру және босануды көтермелеу үшін әдетте әр 30 минут сайын 50 ХБ (1 таблеткадан) қолданылады; препараттың қажетті мөлшері жеке анықталады.
Тұрақты және күшті толғақтар пайда болған кезде келесі бір реттік дозалар екі есе азайтылады (½ таблеткадан қолданылады) немесе босану әрекетін демеу үшін бір реттік дозалар арасындағы аралық (1 сағатқа дейін) ұлғайтылады.
Ең жоғары доза әдетте 500 ХБ (10 таблетка), сирек жағдайларда - 900 ХБ және одан да көпті құрайды. Әсер болмаған кезде рұқсат етілген жағдайда препаратты 24 сағаттан кейін қайта қолдануға болады.
Лактацияны көтермелеу үшін дезаминокситоцинді тәулігіне 2 реттен 4 ретке дейін баланы емізгенге дейін 5 минут босанғаннан кейінгі 2-ші күннен 6-шы күнге дейін 25-50 ХБ (½- 1 таблеткадан) қолданады.
Балалар
Балаларға қолдануға арналған демокситоциннің тиісті көрсеткіштері жоқ.
Енгізу әдісі мен жолы
Препарат трансбуккальді түрде қолданылады: таблетка ұрттың оң және сол жағына кезекпен ауыстырыла отырып, шайналмай немесе жұтылмай, толық сорылғанға дейін дейін сақталады.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Артық дозалану жағдайлары туралы әлі де деректер жоқ. Ішке қабылдаған кезде демокситоцин асқазан-ішек жолында жылдам әсерсізденеді. Жоғары дозаларды трансбуккальді қолданғанда ауыр жағымсыз реакциялар болуы мүмкін. Артық дозаланған жағдайда препаратты қолдануды дереу тоқтату керек. Емдеу симптоматикалық.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Бұл препаратты қабылдау алдында емдеуші дәрігермен, акушермен немесе медбикемен кеңесіңіз. Күмән туындаса, емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.
50 ХБ таблеткалар
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
1 пішінді ұяшықты қаптама қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау мерзімі
5 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С –ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С –ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
5 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С –ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Наш сайт предлагает Вам возможность приобрести “Дезаминокситоцин таблеткалары 50 ХБ №10” в аптеках городв . по доступным ценам. Удобное сопоставление стоимости, а также проверка доступности в аптеках. Информация о товаре включает в себя детальные инструкции и рекомендации по применению.
от
Ваша выгода до: 580₸
Выгода за счет лучшего поиска:
Средняя цена в Астане:
При заказе на Daribar от:
Ваша выгода до:
7120₸
6540₸
580₸