daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Дуопрост Көз Тамшылары 0,05 Мг / 5 Мг/мл 2,5 Мл | Rompharm Company

Астане қаласындағы Дуопрост Көз Тамшылары 0,05 Мг / 5 Мг/мл 2,5 Мл | Rompharm Company

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage

Өндіруші:

Rompharm Company

Өндіруші ел:

Румыния

Белсенді ингредиент:

- бронх демікпесін немесе анамнездегі бронх демікпесін қоса, тыныс алу жолдарының реактивті ауруы, ауыр ағымды өкпенің созылмалы обструкциялы ауруы (ӨСОА) - синустық брадикардия, синустық түйіннің әлсіздік синдромы, синоатриальды блокада, функциялы электрокардиостимулятор болмаған кезде ІІ-ІІІ дәрежелі атриовентрикулярлық блокада, клиникалық айқын жүрек жеткіліксіздігі, кардиогенді шок - жүктілік және лактация кезеңі - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігін растайтын клиникалық зерттеулердің болмауына байланысты). Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары Жүйелік әсер Жергілікті қолдануға арналған басқа офтальмологиялық препараттар секілді Дуопрост препараты жүйелі сіңуге ұшырайды. Бета-адренергиялық рецепторлар блокаторының белсенділігіне ие тимололдың болуына байланысты жүрек-қантамыр, тыныс алу және бета-адренергиялық рецепторлардың жүйелік блокаторларын қабылдағандағы секілді сол типтегі басқа да мүшелер жүйелері тарапынан жағымсыз реакциялар туындауы мүмкін. Жергілікті офтальмологиялық қолданғаннан кейін жүйелі жағымсыз реакциялардың туындау жиілігі жүйелі енгізумен салыстырғанда төмен. Жүйелік сіңіруді төмендету бойынша шаралар туралы ақпаратты «Қолдану жөніндегі ұсынымдар» бөлімінен қараңыз. Жүрек-тамыр жүйесі тарапынан бұзылулар Импульсті жүргізу уақытына олардың теріс әсер етуіне байланысты бета-адреноблокаторларды бірінші дәрежелі жүрек блокадасы бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Тимололды қолданғаннан кейін жүрек реакциялары және сирек жүрек жеткіліксіздігімен байланысты өлім туралы хабарламалар алынды. Қан тамырлары тарапынан бұзылулар Шеткері қан айналымының ауыр бұзылулары/аурулары (Рейно ауруының ауыр түрлері немесе Рейно синдромы) бар пациенттерде Дуопрост препаратын сақтықпен қолдану керек. Тыныс алу жүйесі тарапынан бұзылулар Бета-адреноблокаторлары бар кейбір офтальмологиялық препараттарды енгізгеннен кейін бронх демікпесі бар пациенттерде бронх түйілуінен туындаған өлімді қоса , тыныс алу мүшелері тарапынан реакциялар туралы хабарланды. Өкпенің созылмалы обструкциялы ауруы (ӨСОА) жеңіл немесе орташа дәрежедегі пациенттерде және әлеуетті пайдасы әлеуетті қауіптен асып кеткен жағдайда ғана Дуопрост препаратын сақтықпен қолдану керек. Гипогликемия / қант диабеті Бета-адреноблокаторларды спонтанды гипогликемияға ұшыраған пациенттерге немесе лабильді диабетпен ауыратын пациенттерге сақтықпен қолдану керек, өйткені бета-адреноблокаторлар жедел гипогликемия симптомдарын жасыруға қабілетті. Бета-адреноблокаторлар гипертиреоз симптомдарын да жасыра алады. Мөлдір қабық аурулары Бета-адреноблокаторлардың офтальмологиялық препараттары көздің құрғауын тудыруы мүмкін. Мөлдір қабық аурулары бар пациенттерде қолданған кезде сақ болу керек. Басқа бета-адреноблокаторлар Жүйелік бета-адренорецепторды қабылдайтын пациенттер тимололды пайдаланған кезде ол көзішілік қысымға немесе бета-адренорецепторларды жүйелік бөгеудің белгілі әсеріне ықпалы күшеюі мүмкін. Мұндай пациенттердің терапияға реакциясын мұқият бақылау керек. Жергілікті қолдану үшін бета-адренергиялық рецепторлардың екі блокаторын бір мезгілде пайдалану ұсынылмайды («Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесу» бөлімін қараңыз). Анафилаксиялық реакциялар Бета-адреноблокаторларды қабылдау кезінде анамнезінде атопия немесе әртүрлі аллергендерге ауыр анафилаксиялық реакция жағдайлары бар пациенттерде анафилаксиялық реакцияларды емдеу үшін пайдаланылатын әдеттегі адреналин дозаларын қабылдамаушылықпен қатар жүретін осы аллергендердің қайта әсеріне неғұрлым күшті реакциясы дамуы мүмкін. Көздің тамырлы қабығының ажырауы Көздің тамырлы қабығының ажырауы жағдайлары сүзу ем шарасынан кейін көзішілік сұйықтықтың (мысалы, тимолол, ацетазоламид) түзілуін басатын препараттардың енгізілуіне байланысты хабарланды. Хирургиялық араласулар кезіндегі анестезия Бета-адреноблокаторлардың офтальмологиялық препараттары бета-агонистердің, мысалы, адреналиннің жүйелі әсерін бәсеңдетуі мүмкін. Пациент тимололды қабылдаған жағдайда ол туралы анестезиологқа хабарлауы қажет. Қатар жүретін ем Тимолол басқа препараттармен өзара әрекеттесуі мүмкін («Басқа препараттармен өзара әрекеттесу» бөлімін қараңыз). Простагландиннің басқа аналогтары Бір уақытта екі немесе бірнеше простагландиндерді, простагландин аналогтарын немесе простагландин туындыларын пайдалану ұсынылмайды («Басқа препараттармен өзара әрекеттесу» бөлімін қараңыз). Нұрлы қабық пигментациясының өзгеруі Латанопрост нұрлы қабықтағы қоңыр пигменттің құрамын арттыра отырып, көздің түсін біртіндеп өзгерте алады. Латанопростпен көзге тамызатын дәрілер жағдайындағыдай, бір жылға дейінгі кезең ішінде латанопрост пен тимололдың көзге тамызатын дәрілердің тіркелген біріктірілімін пайдаланған барлық пациенттердің 16-20% - ында нұрлы қабық пигментациясының (фотосуреттерден анықталатын) күшеюі байқалды. Осындай әсер көбінесе көздің аралас түсіне ие, яғни жасыл және қоңыр, сары және қоңыр немесе көк/сұр және қоңыр түсті қарашықтарға ие пациенттерде байқалды. Әсер нұрлы қабық стромальды меланоциттеріндегі мелатонин мөлшерінің жоғарылауымен байланысты. Әдеттегі жағдайларда қоңыр пигментация қарашықтың айналасында пайда болады және науқас көзінің нұрлы қабығының шеткі аймағына концентрациялы түрде таралады. Бұл ретте нұрлы қабық немесе оның бөліктері айқын қоңыр түске ие болады. Латанопростпен клиникалық зерттеулер шеңберінде емдеудің екі жылы ішінде көздің біртекті көк, сұр, жасыл немесе қоңыр түсі бар пациенттерде түс өзгеруінің сирек жағдайлары ғана тіркелді. Нұрлы қабық түсінің өзгеруі баяу жүреді және ол бірнеше ай немесе жылдар бойына байқалмауы мүмкін. Ол ешқандай симптомдармен немесе патологиялық өзгерістермен байланысты болмайды. Емді тоқтатқаннан кейін нұрлы қабықтың қоңыр пигментациясының одан әрі күшеюі байқалмады, алайда көз түсінің өзгеруі қайтымсыз болуы мүмкін. Осы препаратпен емделу нұрлы қабықтың невустары мен лентигосына әсер етпеді. Пигменттің трабекулярлық желіде немесе көздің алдыңғы камерасының кез-келген аймағында жинақталуы байқалмады. Алайда пациенттерді үнемі тексере отырып, клиникалық жағдайға қарай нұрлы қабық пигментациясының қатты өзгеруі кезінде ем тоқтатылуы мүмкін. Емді тағайындар алдында пациентке көз түсінің өзгеруі мүмкін екенін ескерту керек. Препаратты тек бір көзге енгізгенде қайтымсыз гетерохромия пайда болуы мүмкін. Қабақтың және кірпіктің өзгеруі Латанопростты қолдануға байланысты қабақ терісінің қайтымды болуы мүмкін қараю жағдайлары хабарланды. Латанопрост емделіп жатқан қабақ пен көздің шоғыр шашының біртіндеп өзгеруіне әкелуі мүмкін; мұндай өзгерістер қатарына кірпіктер немесе шаш ұзындығының, қалыңдығының, пигментациясының немесе көлемінің ұлғаюы, сондай-ақ кірпіктердің дұрыс емес бағытта өсуі жатады. Емді тоқтатқан кезде кірпіктердің өзгеруі қайтымды. Глаукома Қабыну, неоваскулярлық немесе созылмалы жабық бұрышты глаукома болған кезде, псевдофакиялық көзі бар пациенттерде ашық бұрышты глаукома болған кезде, пигменттік глаукома болған кезде латанопростты қолдану туралы расталған деректер жоқ. Латанопрост қарашыққа әсер етпейді немесе болмашы әсер етеді, бірақ жабық бұрышты глаукоманың жедел ұстамалары кезінде қолдану тәжірибесі жоқ. Сондықтан жеткілікті клиникалық тәжірибе жинақталғанға дейін осы жағдайларда Дуопрост препаратын сақтықпен пайдалану ұсынылады. Герпестік кератит Анамнезінде герпестік кератиті бар пациенттерге латанопростты сақтықпен қолдану керек. Латанопрост кәдімгі герпестен туындаған белсенді кератит жағдайында, сондай-ақ анамнезінде әсіресе простагландиндер аналогтарынан туындаған қайталанатын герпестік кератит бар пациенттерге қолдануға болмайды. Макулярлы ісіну Латанопростпен емдеу кезінде макулярлы ісіну, оның ішінде кистозды макулярлы ісіну жағдайлары туралы хабарланды. Бұл құбылыстар негізінен афакиясы бар пациенттерде, псевдофакиясы бар және линзаның артқы капсуласының жарылуы бар адамдарда немесе кисталық макулярлы ісінудің белгілі қауіп факторлары бар пациенттерде пайда болды. Осыған байланысты Дуопрост препараты мұндай пациенттерде сақтықпен қолданылуы тиіс. Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі Дуопрост препаратының басқа препараттармен өзара әрекеттесуі арнайы зерттелген жоқ. Көзге простагландиндердің екі аналогын бір мезгілде тамызу кезінде көзішілік қысымның парадоксальды жоғарылауы туралы хабарланды, сондықтан екі немесе одан да көп простагландиндерді, олардың аналогтарын немесе туындыларын бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.<br>Бета-адреноблокатордың офтальмологиялық ерітіндісін кальций өзекшелерін пероральді блокаторлармен, бета-адренергиялық рецепторлардың блокаторларымен, аритмияға қарсы препараттармен (амиодаронды қоса), сандық гликозидтермен, парасимпатомиметикалық дәрілермен, гуанетидинмен бір мезгілде пайдалану кезінде гипотензияға және/немесе айқын брадикардияға әкелетін жағымсыз құбылыстардың даму ықтималдығы бар. CYP2D6 цитохромы тежегіштерімен (хинидин, флуоксетин, пароксетинді қоса) және тимололмен біріктірілген ем кезінде бета-адренергиялық рецепторлардың жүйелік блокадасының күшеюі (жүрек жиырылу жиілігінің төмендеуі, депрессия) туралы хабарланды. Бета-адренергиялық рецепторлардың жүйелі блокадасының көзішілік қысымға әсері немесе белгілі әсерлері бета-адренергиялық рецепторлардың пероральді блокаторын қабылдайтын пациенттерде Дуопрост препаратын қолданғанда күшеюі мүмкін. Бета-адренергиялық рецепторлардың екі немесе одан да көп топикалық блокаторларын бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды. Офтальмологиялық бета-адреноблокаторлар мен адреналинді (эпинефрин) бір мезгілде қолдану нәтижесінде пайда болған мидриаз жағдайлары тіркелді. Бета-адреноблокаторларды қабылдау кезінде клонидиннің күрт тоқтатылуына гипертензиялық реакция күшеюі мүмкін. Бета-адреноблокаторлар диабетке қарсы дәрілердің гипогликемиялық әсерін күшейте алады. Бета-адреноблокаторлар гипогликемия симптомдарын жасыруы мүмкін («Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары» бөлімін қараңыз) Арнайы ескертулер Дуопрост, кез-келген басқа дәрі секілді, әр пациентте болмаса да, жағымсыз әсерлерді тудыруы мүмкін. Әдетте, ауыр жағымсыз әсерлер байқалған жағдайларды қоспағанда, көзге тамызатын дәріні қолдануды жалғастыруға болады. Егер бұл жағдай алаңдаушылық туғызатын болса, дәрігерге немесе фармацевтке жүгіну керек. Дуопрост препаратын қолдануды емдеуші дәрігермен алдын ала талқыламай тоқтатуға болмайды. Ең маңызды жағымсыз әсер-көз түсінің біртіндеп қайтымсыз өзгеру ықтималдығы болып табылады. Дуопрост сонымен бірге жүрек жұмысында үлкен өзгерістерді тудыруы мүмкін. Егер жүрек соғу жиілігінің немесе жүрек функциясының өзгеруі байқалса, дәрігерге жүгіну керек. Қосымша заттар: бензалконий хлориді және фосфаттар Дуопрост препаратының құрамында көбінесе офтальмологиялық препараттарда консервант ретінде қолданылатын бензалконий хлориді бар. Бензалконий хлориді нүктелік кератопатияны және/немесе уытты ойық жаралы кератопатияны тудыруы және көзді тітіркендіруі мүмкін деп хабарланды. Мөлдір қабығы дерліктей зақымданған кейбір пациенттерде препарат құрамындағы фосфаттардың құрамына байланысты мөлдір қабық кальцификациясының өте сирек жағдайлары тіркелді. Дуопрост препаратын жиі және ұзақ қолданғанда көзі құрғайтын пациенттерді немесе мөлдір қабығының аномалиясын тудыратын жағдайлар кезінде адамды мұқият мониторинтеу талап етіледі. Жанаспалы линзалар Жанаспалы линзалар жұмсақ жанаспалы линзаларды түссіздендіретіні белгілі бензалконий хлоридін сіңіре алады. Сондықтан оларды Дуопрост препаратын қолданар алдында алып тастау керек және 15 минуттан кейін қайта тағуға болады. Педиатрияда қолдану 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердегі Дуопрост препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Жүктілік немесе лактация кезінде Дуопрост препаратын дәрігер қажет деп санайтын жағдайларды қоспағанда, жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Жүктілік болғанда, жүкті болу мүмкін болғанда немесе жүктілікті жоспарлау кезінде дәрігерге дереу хабарлау қажет. Бала емізу кезінде Дуопрост препаратын қолдануға болмайды. Дуопрост емшек сүтіне енуі мүмкін. Бала емізу кезінде кез-келген дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігерге жүгіну керек. Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері Дуопрост препараты көлік құралдарын немесе басқа механизмдерді басқару қабілетіне болмашы әсер етеді. Алайда, кез-келген басқа офтальмологиялық препараттарды қолданғандағыдай, Дуопросттың көзге тамызатын дәріні қолдану уақытша бұлыңғырлықты тудыруы мүмкін. Көлік жүргізу немесе механизмдермен жұмыс жасамас бұрын көру қабілетінің айқын болуын күту керек.

Белсенді заттың дозасы:

0,05 мг/5 мг/мл

Қаптамадағы саны:

1 шт.

Аналогтары

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Дуопрост бета-адреноблокаторларды немесе простагландиндер аналогтарын жергілікті қолданған кезде жеткіліксіз реакция байқалатын ашық бұрышты глаукомасы және көз гипертензиясы бар пациенттерде көзішілік қысымды (КІҚ) төмендету үшін ересектерде (оның ішінде егде жастағы адамдарда ) қолдануға көрсетілген.

Қарсы көрсеткіштер

- белсенді заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

- бронх демікпесін немесе анамнездегі бронх демікпесін қоса, тыныс алу жолдарының реактивті ауруы, ауыр ағымды өкпенің созылмалы обструкциялы ауруы (ӨСОА)

- синустық брадикардия, синустық түйіннің әлсіздік синдромы, синоатриальды блокада, функциялы электрокардиостимулятор болмаған кезде ІІ-ІІІ дәрежелі атриовентрикулярлық блокада, клиникалық айқын жүрек жеткіліксіздігі, кардиогенді шок

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігін растайтын клиникалық зерттеулердің болмауына байланысты).

Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары

Жүйелік әсер

Жергілікті қолдануға арналған басқа офтальмологиялық препараттар секілді Дуопрост препараты жүйелі сіңуге ұшырайды. Бета-адренергиялық рецепторлар блокаторының белсенділігіне ие тимололдың болуына байланысты жүрек-қантамыр, тыныс алу және бета-адренергиялық рецепторлардың жүйелік блокаторларын қабылдағандағы секілді сол типтегі басқа да мүшелер жүйелері тарапынан жағымсыз реакциялар туындауы мүмкін. Жергілікті офтальмологиялық қолданғаннан кейін жүйелі жағымсыз реакциялардың туындау жиілігі жүйелі енгізумен салыстырғанда төмен. Жүйелік сіңіруді төмендету бойынша шаралар туралы ақпаратты «Қолдану жөніндегі ұсынымдар» бөлімінен қараңыз.

Жүрек-тамыр жүйесі тарапынан бұзылулар

Жүрек-қан тамырлары аурулары (мысалы, жүректің ишемиялық ауруы, Принцметал стенокардиясы және жүрек жеткіліксіздігі) және гипотензиясы бар пациенттерде бета-адреноблокаторлармен емдеу қажеттілігіне сыни бағалау және емдеу үшін басқа белсенді заттарды пайдалану мүмкіндігін қарастыру керек. Жүрек-қан тамырлары аурулары бар пациенттерде осы аурулардың өршу белгілері мен жағымсыз реакциялардың пайда болуына мониторинг жүргізу қажет.

Импульсті жүргізу уақытына олардың теріс әсер етуіне байланысты бета-адреноблокаторларды бірінші дәрежелі жүрек блокадасы бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

Тимололды қолданғаннан кейін жүрек реакциялары және сирек жүрек жеткіліксіздігімен байланысты өлім туралы хабарламалар алынды.

Қан тамырлары тарапынан бұзылулар

Шеткері қан айналымының ауыр бұзылулары/аурулары (Рейно ауруының ауыр түрлері немесе Рейно синдромы) бар пациенттерде Дуопрост препаратын сақтықпен қолдану керек.

Тыныс алу жүйесі тарапынан бұзылулар

Бета-адреноблокаторлары бар кейбір офтальмологиялық препараттарды енгізгеннен кейін бронх демікпесі бар пациенттерде бронх түйілуінен туындаған өлімді қоса , тыныс алу мүшелері тарапынан реакциялар туралы хабарланды. Өкпенің созылмалы обструкциялы ауруы (ӨСОА) жеңіл немесе орташа дәрежедегі пациенттерде және әлеуетті пайдасы әлеуетті қауіптен асып кеткен жағдайда ғана Дуопрост препаратын сақтықпен қолдану керек.

Гипогликемия / қант диабеті

Бета-адреноблокаторларды спонтанды гипогликемияға ұшыраған пациенттерге немесе лабильді диабетпен ауыратын пациенттерге сақтықпен қолдану керек, өйткені бета-адреноблокаторлар жедел гипогликемия симптомдарын жасыруға қабілетті.

Бета-адреноблокаторлар гипертиреоз симптомдарын да жасыра алады.

Мөлдір қабық аурулары

Бета-адреноблокаторлардың офтальмологиялық препараттары көздің құрғауын тудыруы мүмкін. Мөлдір қабық аурулары бар пациенттерде қолданған кезде сақ болу керек.

Басқа бета-адреноблокаторлар

Жүйелік бета-адренорецепторды қабылдайтын пациенттер тимололды пайдаланған кезде ол көзішілік қысымға немесе бета-адренорецепторларды жүйелік бөгеудің белгілі әсеріне ықпалы күшеюі мүмкін. Мұндай пациенттердің терапияға реакциясын мұқият бақылау керек. Жергілікті қолдану үшін бета-адренергиялық рецепторлардың екі блокаторын бір мезгілде пайдалану ұсынылмайды («Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесу» бөлімін қараңыз).

Анафилаксиялық реакциялар

Бета-адреноблокаторларды қабылдау кезінде анамнезінде атопия немесе әртүрлі аллергендерге ауыр анафилаксиялық реакция жағдайлары бар пациенттерде анафилаксиялық реакцияларды емдеу үшін пайдаланылатын әдеттегі адреналин дозаларын қабылдамаушылықпен қатар жүретін осы аллергендердің қайта әсеріне неғұрлым күшті реакциясы дамуы мүмкін.

Көздің тамырлы қабығының ажырауы

Көздің тамырлы қабығының ажырауы жағдайлары сүзу ем шарасынан кейін көзішілік сұйықтықтың (мысалы, тимолол, ацетазоламид) түзілуін басатын препараттардың енгізілуіне байланысты хабарланды.

Хирургиялық араласулар кезіндегі анестезия

Бета-адреноблокаторлардың офтальмологиялық препараттары бета-агонистердің, мысалы, адреналиннің жүйелі әсерін бәсеңдетуі мүмкін. Пациент тимололды қабылдаған жағдайда ол туралы анестезиологқа хабарлауы қажет.

Қатар жүретін ем

Тимолол басқа препараттармен өзара әрекеттесуі мүмкін («Басқа препараттармен өзара әрекеттесу» бөлімін қараңыз).

Простагландиннің басқа аналогтары

Бір уақытта екі немесе бірнеше простагландиндерді, простагландин аналогтарын немесе простагландин туындыларын пайдалану ұсынылмайды («Басқа препараттармен өзара әрекеттесу» бөлімін қараңыз).

Нұрлы қабық пигментациясының өзгеруі

Латанопрост нұрлы қабықтағы қоңыр пигменттің құрамын арттыра отырып, көздің түсін біртіндеп өзгерте алады. Латанопростпен көзге тамызатын дәрілер жағдайындағыдай, бір жылға дейінгі кезең ішінде латанопрост пен тимололдың көзге тамызатын дәрілердің тіркелген біріктірілімін пайдаланған барлық пациенттердің 16-20% - ында нұрлы қабық пигментациясының (фотосуреттерден анықталатын) күшеюі байқалды. Осындай әсер көбінесе көздің аралас түсіне ие, яғни жасыл және қоңыр, сары және қоңыр немесе көк/сұр және қоңыр түсті қарашықтарға ие пациенттерде байқалды. Әсер нұрлы қабық стромальды меланоциттеріндегі мелатонин мөлшерінің жоғарылауымен байланысты. Әдеттегі жағдайларда қоңыр пигментация қарашықтың айналасында пайда болады және науқас көзінің нұрлы қабығының шеткі аймағына концентрациялы түрде таралады. Бұл ретте нұрлы қабық немесе оның бөліктері айқын қоңыр түске ие болады. Латанопростпен клиникалық зерттеулер шеңберінде емдеудің екі жылы ішінде көздің біртекті көк, сұр, жасыл немесе қоңыр түсі бар пациенттерде түс өзгеруінің сирек жағдайлары ғана тіркелді.

Нұрлы қабық түсінің өзгеруі баяу жүреді және ол бірнеше ай немесе жылдар бойына байқалмауы мүмкін. Ол ешқандай симптомдармен немесе патологиялық өзгерістермен байланысты болмайды.

Емді тоқтатқаннан кейін нұрлы қабықтың қоңыр пигментациясының одан әрі күшеюі байқалмады, алайда көз түсінің өзгеруі қайтымсыз болуы мүмкін.

Осы препаратпен емделу нұрлы қабықтың невустары мен лентигосына әсер етпеді.

Пигменттің трабекулярлық желіде немесе көздің алдыңғы камерасының кез-келген аймағында жинақталуы байқалмады. Алайда пациенттерді үнемі тексере отырып, клиникалық жағдайға қарай нұрлы қабық пигментациясының қатты өзгеруі кезінде ем тоқтатылуы мүмкін. Емді тағайындар алдында пациентке көз түсінің өзгеруі мүмкін екенін ескерту керек. Препаратты тек бір көзге енгізгенде қайтымсыз гетерохромия пайда болуы мүмкін.

Қабақтың және кірпіктің өзгеруі

Латанопростты қолдануға байланысты қабақ терісінің қайтымды болуы мүмкін қараю жағдайлары хабарланды.

Латанопрост емделіп жатқан қабақ пен көздің шоғыр шашының біртіндеп өзгеруіне әкелуі мүмкін; мұндай өзгерістер қатарына кірпіктер немесе шаш ұзындығының, қалыңдығының, пигментациясының немесе көлемінің ұлғаюы, сондай-ақ кірпіктердің дұрыс емес бағытта өсуі жатады. Емді тоқтатқан кезде кірпіктердің өзгеруі қайтымды.

Глаукома

Қабыну, неоваскулярлық немесе созылмалы жабық бұрышты глаукома болған кезде, псевдофакиялық көзі бар пациенттерде ашық бұрышты глаукома болған кезде, пигменттік глаукома болған кезде латанопростты қолдану туралы расталған деректер жоқ. Латанопрост қарашыққа әсер етпейді немесе болмашы әсер етеді, бірақ жабық бұрышты глаукоманың жедел ұстамалары кезінде қолдану тәжірибесі жоқ. Сондықтан жеткілікті клиникалық тәжірибе жинақталғанға дейін осы жағдайларда Дуопрост препаратын сақтықпен пайдалану ұсынылады.

Герпестік кератит

Анамнезінде герпестік кератиті бар пациенттерге латанопростты сақтықпен қолдану керек. Латанопрост кәдімгі герпестен туындаған белсенді кератит жағдайында, сондай-ақ анамнезінде әсіресе простагландиндер аналогтарынан туындаған қайталанатын герпестік кератит бар пациенттерге қолдануға болмайды.

Макулярлы ісіну

Латанопростпен емдеу кезінде макулярлы ісіну, оның ішінде кистозды макулярлы ісіну жағдайлары туралы хабарланды. Бұл құбылыстар негізінен афакиясы бар пациенттерде, псевдофакиясы бар және линзаның артқы капсуласының жарылуы бар адамдарда немесе кисталық макулярлы ісінудің белгілі қауіп факторлары бар пациенттерде пайда болды. Осыған байланысты Дуопрост препараты мұндай пациенттерде сақтықпен қолданылуы тиіс.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Дуопрост препаратының басқа препараттармен өзара әрекеттесуі арнайы зерттелген жоқ.

Көзге простагландиндердің екі аналогын бір мезгілде тамызу кезінде көзішілік қысымның парадоксальды жоғарылауы туралы хабарланды, сондықтан екі немесе одан да көп простагландиндерді, олардың аналогтарын немесе туындыларын бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Бета-адреноблокатордың офтальмологиялық ерітіндісін кальций өзекшелерін пероральді блокаторлармен, бета-адренергиялық рецепторлардың блокаторларымен, аритмияға қарсы препараттармен (амиодаронды қоса), сандық гликозидтермен, парасимпатомиметикалық дәрілермен, гуанетидинмен бір мезгілде пайдалану кезінде гипотензияға және/немесе айқын брадикардияға әкелетін жағымсыз құбылыстардың даму ықтималдығы бар.

CYP2D6 цитохромы тежегіштерімен (хинидин, флуоксетин, пароксетинді қоса) және тимололмен біріктірілген ем кезінде бета-адренергиялық рецепторлардың жүйелік блокадасының күшеюі (жүрек жиырылу жиілігінің төмендеуі, депрессия) туралы хабарланды.

Бета-адренергиялық рецепторлардың жүйелі блокадасының көзішілік қысымға әсері немесе белгілі әсерлері бета-адренергиялық рецепторлардың пероральді блокаторын қабылдайтын пациенттерде Дуопрост препаратын қолданғанда күшеюі мүмкін. Бета-адренергиялық рецепторлардың екі немесе одан да көп топикалық блокаторларын бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды.

Офтальмологиялық бета-адреноблокаторлар мен адреналинді (эпинефрин) бір мезгілде қолдану нәтижесінде пайда болған мидриаз жағдайлары тіркелді.

Бета-адреноблокаторларды қабылдау кезінде клонидиннің күрт тоқтатылуына гипертензиялық реакция күшеюі мүмкін.

Бета-адреноблокаторлар диабетке қарсы дәрілердің гипогликемиялық әсерін күшейте алады. Бета-адреноблокаторлар гипогликемия симптомдарын жасыруы мүмкін («Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары» бөлімін қараңыз)

Арнайы ескертулер

Дуопрост, кез-келген басқа дәрі секілді, әр пациентте болмаса да, жағымсыз әсерлерді тудыруы мүмкін.

Әдетте, ауыр жағымсыз әсерлер байқалған жағдайларды қоспағанда, көзге тамызатын дәріні қолдануды жалғастыруға болады. Егер бұл жағдай алаңдаушылық туғызатын болса, дәрігерге немесе фармацевтке жүгіну керек. Дуопрост препаратын қолдануды емдеуші дәрігермен алдын ала талқыламай тоқтатуға болмайды.

Ең маңызды жағымсыз әсер-көз түсінің біртіндеп қайтымсыз өзгеру ықтималдығы болып табылады. Дуопрост сонымен бірге жүрек жұмысында үлкен өзгерістерді тудыруы мүмкін. Егер жүрек соғу жиілігінің немесе жүрек функциясының өзгеруі байқалса, дәрігерге жүгіну керек.

Қосымша заттар: бензалконий хлориді және фосфаттар

Дуопрост препаратының құрамында көбінесе офтальмологиялық препараттарда консервант ретінде қолданылатын бензалконий хлориді бар. Бензалконий хлориді нүктелік кератопатияны және/немесе уытты ойық жаралы кератопатияны тудыруы және көзді тітіркендіруі мүмкін деп хабарланды.

Мөлдір қабығы дерліктей зақымданған кейбір пациенттерде препарат құрамындағы фосфаттардың құрамына байланысты мөлдір қабық кальцификациясының өте сирек жағдайлары тіркелді.

Дуопрост препаратын жиі және ұзақ қолданғанда көзі құрғайтын пациенттерді немесе мөлдір қабығының аномалиясын тудыратын жағдайлар кезінде адамды мұқият мониторинтеу талап етіледі.

Жанаспалы линзалар

Жанаспалы линзалар жұмсақ жанаспалы линзаларды түссіздендіретіні белгілі бензалконий хлоридін сіңіре алады. Сондықтан оларды Дуопрост препаратын қолданар алдында алып тастау керек және 15 минуттан кейін қайта тағуға болады.

Педиатрияда қолдану

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердегі Дуопрост препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Дуопрост препаратын дәрігер қажет деп санайтын жағдайларды қоспағанда, жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Жүктілік болғанда, жүкті болу мүмкін болғанда немесе жүктілікті жоспарлау кезінде дәрігерге дереу хабарлау қажет.

Бала емізу кезінде Дуопрост препаратын қолдануға болмайды. Дуопрост емшек сүтіне енуі мүмкін. Бала емізу кезінде кез-келген дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігерге жүгіну керек.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Дуопрост препараты көлік құралдарын немесе басқа механизмдерді басқару қабілетіне болмашы әсер етеді. Алайда, кез-келген басқа офтальмологиялық препараттарды қолданғандағыдай, Дуопросттың көзге тамызатын дәріні қолдану уақытша бұлыңғырлықты тудыруы мүмкін. Көлік жүргізу немесе механизмдермен жұмыс жасамас бұрын көру қабілетінің айқын болуын күту керек.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектер (соның ішінде егде жастағы адамдар) - тәулігіне бір рет зақымданған көз(дер)ге бір тамшыдан.

Енгізу әдісі мен жолы

Офтальмологиялық қолдануға арналған.

Көлемі

2.5 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Астана қаласындағы «дуопрост көз тамшылары 0,05 мг / 5 мг/мл 2,5 мл» бағасының өзгеру диаграммасы

01100220033004400550012-0217-0222-0227-0204-0309-0314-0319-0324-0329-033-048-0413-0418-0423-0428-043-058-0513-0518-0523-0528-052-067-0612-0617-0622-0627-062-077-0712-0717-0722-0727-071-086-0811-0816-0821-0826-0831-085-0910-0915-09
Орташа баға
Ең төменгі баға

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыдуопрост көз тамшылары 0,05 мг / 5 мг/мл 2,5 млдәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
4765

-ден

Сіздің үнемдеуіңіз: 592

i

Жақсы іздеудің арқасында пайда:

Орташа баға Астане:

Daribar-дан тапсырыс бергенде:

Сіздің үнемдеуіңіз:

5357

4765

592

Себетке

Құрамы

Тауар туралы қысқашаАналогтарыНұсқаулықСатып алу мәліметтеріАстана қаласындағы «дуопрост көз тамшылары 0,05 мг / 5 мг/мл 2,5 мл» бағасының өзгеру диаграммасы

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube