daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Галавит Бөтелке 100 Мг №5 | ООО "Сэлвим"

Астане қаласындағы Галавит Бөтелке 100 Мг №5 | ООО "Сэлвим"
Сипаттама:

Ақ немесе сарғыш реңді ақ түсті кристалды ұнтақ.

Өндіруші:

ООО "Сэлвим"

Өндіруші ел:

Российская Федерация

Белсенді заттың дозасы:

100 мг

Қаптамадағы саны:

5 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Галавит ересектер және 12 жастан асқан балаларда иммуномодуляциялайтын және қабынуға қарсы дәрілер ретінде кешенді емде қолданылады:

урогенитальді инфекциялық-қабыну ауруларында (шығу тегі хламидиялық және трихомонадтық уретрит, хламидиялық простатит, жедел және созылмалы сальпингоофорит, эндометрит);

кіші жамбас ағзаларының іріңді-қабыну аурулары;

герпес вирусынан туындаған созылмалы қайталанатын аурулар;

адам папилломасы вирусынан туындаған аурулар;

- жатыр миомасы бар науқастарды операциядан кейін оңалтуда;

- ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдердегі операциядан кейінгі асқынулар;

- операциялардан кейінгі іріңді-септистік асқынулар және олардың профилактикасы (оның ішінде, онкологиялық науқастарда);

- созылмалы қайталанатын фурункулез, тілме;

- ауыз қуысы және тамақтың шырышты қабығының қабыну аурулары, пародонт аурулары;

- асқазан және 12 елі ішектің ойық жара ауруы;

- А, В, С вирусты гепатиттер;

- астениялық жағдайлар, невроздық және соматоформалы бұзылыстар; алкогольдік және есірткіге тәуелділік кезінде психикалық, мінез-құлықтық және постабстинентті бұзылыстар;

- дене жұмыс қабілетінің төмендеуі (оның ішінде, спортшыларда).

Галавит ересектер мен балаларға 12 жастан бастап монотерапияда қолданылады:

созылмалы урогенитальді инфекциялар, оның ішінде қайталану аралығы кезеңінде клиникалық ремиссияны демеу мақсатында иммунитетті оңалту шараларын өткізген кезде;

уыттану және/немесе диареямен қатар жүретін асқазан-ішек жолының жедел және созылмалы инфекциялық-қабыну аурулары.

Галавит 6 жастан асқан балаларға кешенді емде қолданылады:

шығу тегі бактериялық және вирустық тыныс алу жолдары мен ЛОР-мүшелерінің жиі қайталанатын аурулары (жиі ЖРВИ, бронхит, пневмония, созылмалы тонзиллит, созылмалы отит, созылмалы аденоидит);

іріңді хирургиялық аурулар (күйік зақымданулары, қайталанатын фурункулез, созылмалы остеомиелит, оментитпен бірге гангреналы аппендицит, перитонит, іріңді плеврит).

Қарсы көрсеткіштер

- Галавит препаратына жеке жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- 6 жасқа дейінгі балалар

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Бір мезгілде қолданғанда антибиотиктердің курстық дозалары төмендетілуі мүмкін. Басқа дәрілік препараттармен үйлесімсіздік жағдайлары байқалмаған.

Арнайы ескертулер

Егде жастағы пациенттер үшін доза түзетілмейді.

Педиатрияда қолдану

Бұл препаратты 6 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды (клиникалық қолдану тәжірибесі жоқ).

Жүктілік немесе лактация кезеңі

Егер сіз жүкті болсаңыз немесе жүктімін деп санасаңыз Галавит препарат қабылдамаңыз.

Егер сіз емшек емізіп жүрген болсаңыз Галавит препарат қабылдамаңыз.

Препаратың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Галавит препараты көлік құралын жүрзігу және механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне әсер етпейді.

Өзара әрекеттесуі

Бір мезгілде қолданғанда антибиотиктердің курстық дозалары төмендетілуі мүмкін. Басқа дәрілік препараттармен үйлесімсіздік жағдайлары байқалмаған.

Арнайы ескертулер

Егде жастағы пациенттер үшін доза түзетілмейді.

Педиатрияда қолдану

Бұл препаратты 6 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды (клиникалық қолдану тәжірибесі жоқ).

Жүктілік немесе лактация кезеңі

Егер сіз жүкті болсаңыз немесе жүктімін деп санасаңыз Галавит препарат қабылдамаңыз.

Егер сіз емшек емізіп жүрген болсаңыз Галавит препарат қабылдамаңыз.

Препаратың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Галавит препараты көлік құралын жүрзігу және механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне әсер етпейді.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектер және 12 жастан асқан балаларға кешенді ем құрамында:

Урогенитальді ауруларда - шығу тегі хламидиялық және трихомонадтық уретрит, хламидиялық простатитте: 1-күні 100 мг-ден екі рет, содан соң 100 мг-ден күнара. Курсы 10-15 инъекция (патологиялық үдерістің ауырлығына байланысты).

Жедел кезеңдегі сальпингоофоритте, эндометритте: 2 күн 200 мг-ден күніне 1 рет, содан соң 100 мг-ден 72 сағат аралықпен, қолдану ұзақтығы аурудың ауырлығына байланысты. Курсқа барлығы 20 инъекция. Созылмалы кезеңде: 5 күн 100 мг-ден күніне 1 рет, содан соң 100 мг-ден әр 72 сағат сайын. Курсы 20 инъекция.

Кіші жамбас ағзаларының іріңді-қабыну ауруларында: жедел кезеңде – 1 күн 200 мг бір рет, 3 күн 100 мг-ден күн сайын, содан соң 100 мг-ден күнара 5 инъекция. Курсы 9 инъекция. Созылмалы кезеңде – 5 күн 100 мг-ден күніне 1 рет, содан соң 100 мг әр 72 сағат сайын. Курсы – 20 инъекция.

Герпес вирусынан туындаған созылмалы қайталанатын аурулар кезінде: күн сайын 100 мг-ден 5 инъекция, содан соң 100 мг-ден күнара 15 инъекция. Курсы 20 инъекция.

Папиллома вирусынан туындаған ауруларда: 5 күн 100 мг-ден күніне 1 рет, содан соң 100 мг-ден күнара 15 инъекция. Курсы 20 инъекция.

Жатыр миомасы бар науқастарды операциядан кейін оңалту үшін және ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдердегі операциядан кейінгі асқынуда: 5 күн 100 мг-ден күніне 1 рет, содан соң 100 мг-ден күнара. Курсы – 15 инъекция.

Операцияға дейінгі және кейінгі кезеңде операциядан кейінгі инфекциялық асқынулардың профилактикасы және емдеу үшін (оның ішінде, онкологиялық науқастарда) 100 мг-ден күніне 1 рет 5 инъекция операцияға дейін, операциядан кейін 100 мг-ден күнара 5 және 5 инъекция 100 мг-ден 72 сағат аралықпен тағайындайды. Курсы – 15 инъекция. Аурудың ауыр ағымы кезінде бастапқы доза 200 мг бір рет немесе 100 мг-ден күніне 2 рет.

Ауыз қуысы және тамақ шырышты қабығының қабыну ауруларында, пародонт ауруларында: бастапқы доза 100 мг күнделікті - 5 инъекция, содан соң 100 мг-ден 72 сағат аралықпен. Курсы 15 инъекция.

Асқазан және 12 елі ішектің ойық жара ауруында жедел кезеңде: 2 күн 200 мг-ден күніне 1 рет, содан соң 100 мг-ден 72 сағат аралықпен. Курсы 15-25 инъекция. Созылмалы кезеңде: 5 күн 100 мг-ден күніне 1 рет, содан соң 100 мг-ден 72 сағаттан кейін. Курсы 20 инъекция.

А, В, С вирусты гепатиттерінде: бастапқы доза бір рет 200 мг құрайды, содан соң 100 мг-ден күніне 2 рет уыттану мен қабыну симптомдары басылғанша. Кейінгі курстың жалғасуы 100 мг-ден 72 сағат аралықпен. Курсы 20 -25 инъекция.

Созылмалы қайталанатын фурункулезде, тілмеде: 5 күн 100 мг-ден күніне 1 рет, содан соң 100 мг-ден күнара. Курсы 20 инъекция.

Астениялық жағдайларда, невроздық және соматоформалы бұзылыстарда, алкогольдік және есірткіге тәуелділігі бар пациенттерде психикалық, мінез-құлықтық және постабстинентті бұзылыстарда: 5 күн 100 мг-ден күнделікті, содан соң 100 мг-ден 72 сағаттан кейін. Курсы 15-20 инъекция.

Дене жұмыс қабілетін жоғарылату үшін: 100 мг-ден күнара – 5 инъекция, содан соң 100 мг-ден 72 сағаттан кейін, курсы 20 инъекцияға дейін.

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларда монотерапияда:

Созылмалы урогенитальді инфекциялар, оның ішінде қайталану аралығы кезеңінде клиникалық ремиссияны демеу мақсатында иммунитетті оңалту шараларын өткізген кезде: 100 мг-ден күнара курсы 10 инъекция;

Уыттану және/немесе диареямен қатар жүретін асқазан-ішек жолының жедел және созылмалы инфекциялық-қабыну аурулары: 200 мг бір рет, содан соң уыттану симптомдары басылғанша 100 мг-ден күніне 2 рет. Курсты 100 мг-ден 72 сағат аралықпен кейіннен жалғастыруға болады. Курсы 20-25 инъекция.

6 жастан асқан балаларда кешенді ем құрамында:

Шығу тегі бактериялық және вирустық тыныс алу жолдары мен ЛОР-мүшелерінің жиі қайталанатын ауруларында (жиі ЖРВИ, бронхит, пневмония, созылмалы тонзиллит, созылмалы отит, созылмалы аденоидит): 6-дан 12 жасқа дейінгі балаларға 50 мг бір инъекциядан күн сайын 5 күн бойы, содан соң 50 мг-ден күнара күніне бір рет 10 – 15 күн бойы. Курсы 10-15 инъекция. 12 жастан асқан 18 жасқа дейінгі балаларға: емдеу сол сызба бойынша 100 мг-ден бұлшықет ішіне инъекция түрінде.

Іріңді хирургиялық ауруларда (күйік зақымданулары, қайталанатын фурункулез, созылмалы остеомиелит, оментиттен бірге гангреналы аппендицит, перитонит, іріңді плеврит): 6-дан 12 жасқа дейінгі балаларға 50 мг бір инъекциядан күнделікті – 5 күн, содан соң 50 мг бір инъекциядан күнара 10 – 15 күн бойы. Курсы 10-13 инъекция; 12 жастан асқан 18 жасқа дейінгі балаларға: емдеу сол сызба бойынша 100 мг-ден бұлшықет ішіне инъекция түрінде жүргізіледі. Таңу кезінде Галавит мүмкіндігінше сыртқа қолдану керек, инъекцияға арналған судағы Галавит 1 % ерітіндісіне малынған стерильді сүрткілермен таңғыш түрінде (болтушкамен таңғыштар немесе суда еритін жақпамай таңғыштары).

Енгізу әдісі және жолы

Бұлшықет ішіне. Енгізер алдында препаратты 2 мл инъекцияға арналған суда немесе 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде сұйылтады.

Емдеу ұзақтығы

Препаратты қолдану ұзақтығы аурудың сипатына, ауырлығына және ұзақтығына байланысты.

Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар

Препаратты қолданған кезінде артық дозалану жағдайлары анықталған жоқ.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алғанда қажетті шаралар

Препаратты қабылдауды жіберіп алған кезде, жіберіп алғанның орнын толтыру үшін дозаны екі есеге көбейтуге болмайды. Препаратты ұсынылған сызба бойынша қолдануды жалғастырыңыз.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар

Препаратты осы қосымша-параққа толық сәйкес немесе емдеуші дәрігердің немесе дәріхана қызметкерінің ұсыныстарымен қабылдаңыз. Күдік туындаған кезде емдеуші дәрігерден немесе дәріхана қызметкерінен кеңес алыңыз.

Шығарылу түрі

50 мг немесе 100 мг ұнтақ резеңке тығынмен тығындалған және алюминий қалпақшамен қаусырылған сыйымдылығы 5 мл құтыларда.

5 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен (қосымша парақпен) бірге картон қорапшада.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 15-ден 25 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

4 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыГалавит бөтелке 100 мг №5дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube