daribar logo
Каталог
search-icon
Город
Қаз
Аптекам
Консультация

Корзина

Астане қаласындағы Ибуфен Нәресте Суппозиторийлері 60 Мг №5 | «Фармина» ООО

Астане қаласындағы Ибуфен Нәресте Суппозиторийлері 60 Мг №5 | «Фармина» ООО

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Доставка или бронь на 24 часа

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage
Описание:

Ақ немесе ақ дерлік, пішіні торпедо тәрізді суппозиторийлер.

Международное наименование:

Ибупрофен

Производитель:

«Фармина» ООО

Страна производитель:

Республика Польша

Дозировка активного вещества:

60 мг

Количество в упаковке:

5 шт.

Аналоги

Инструкция

Показания к применению

Жеңілден орташа қарқындылыққа дейін ауыруды қысқа мерзімді симптоматикалық емдеу үшін.

Қызбаны қысқа мерзімді симптоматикалық емдеу үшін.

Ішке қабылдауға арналған препараттарды қабылдау мүмкін болмаған кезде, мысалы, құсу жағдайында, Ибуфен Бэби препаратын қолдану ұсынылады.

Препарат 60 мг дозасында 3 айдан 2 жасқа дейінгі балаларда қолдануға арналған.

Препарат 125 мг дозасында 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларда қолдануға арналған.

Противопоказания

әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

анамнезінде ацетилсалицил қышқылын, ибупрофенді немесе басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (ҚҚСП) қабылдауға байланысты аса жоғары сезімталдық реакцияларының (мысалы, бронхтүйілу, ангионевроздық ісіну, демікпе, ринит немесе есекжем) болуы

ҚҚСП тобындағы препараттармен емдеу нәтижесінде анемнезінде қан кету немесе асқазан-ішек жолдарының тесілуі

цереброваскулярлық немесе басқа жедел қан кету

этиологиясы анықталмаған қан түзілуінің бұзылуы

белсенді фазада немесе анемнезінде ойық жарадан қан кету (ойық жара ауруының немесе ойық жарадан қан кетудің екі немесе одан да көп расталған эпизодтары)

қатты сусыздану (құсу, іш өту немесе сұйықтықтың жеткіліксіз тұтынылуынан туындаған)

бауырдың ауыр жеткіліксіздігі, бүйректің ауыр жеткіліксіздігі немесе жүректің ауыр жеткіліксіздігі

жүктіліктің III триместрі

дене салмағы 6 кг-дан аз, 3 айға толмаған еметін балалар (60 мг доза үшін)

дене салмағы 12,5 кг дейінгі балалар (125 мг доза үшін).

Взаимодействие

Ибупрофенді келесілермен бірге қолданбау қажет:

ацетилсалицил қышқылымен, дәрігердің нұсқауы бойынша аз ғана (күніне 75 мг дейінгі) дозаларда қолданылатын жағдайлардан басқасында. Бір мезгілде қолдану жағымсыз реакциялар қаупін арттыруы мүмкін.

циклооксигеназа-2 селективті тежегіштерін қоса, қабынуға қарсы стероидты емес препараттар тобына жататын басқа да дәрілермен. Жағымсыз реакциялар қаупін болдырмау үшін қабынуға қарсы стероидты емес препараттардың екеуін немесе бірнешеуін бір мезгілде қолданбау керек.

Ибупрофен мен кейбір дәрілерді бір мезгілде қолдану келесі жағымсыз өзара әрекеттесулерге алып келуі мүмкін:

кортикостероидтар - ас қорыту жүйесінің ойықжаралану және қан кету қаупінің жоғарылауы

антикоагулянттар - ҚҚСП антикоагулянттардың, мысалы, варфариннің әсерін күшейтуі мүмкін. Осы себепті, оларды бір мезгілде қолдану, тек дәрігердің бақылауымен ғана мүмкін болады.

тромбозға қарсы және серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері - ас қорыту жүйесінен қан кету қаупінің жоғарылауы

ангиотензин өзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштері мен ангиотензин II антагонистері: ҚҚСП диурездік әсерін және гипертензияға қарсы басқа препараттардың әсерін төмендетуі мүмкін. Бүйрек функциясы бұзылған кейбір пациенттерде АӨФ тежегішін немесе ангиотензин II антагонисін және циклооксигеназаны тежейтін препараттарды бірге қолдану әдетте қайтымды болатын жедел бүйрек жеткіліксіздігі мүмкіндігін қоса, бүйрек функциясының ары қарай нашарлауына алып келуі мүмкін. Бұл өзара әрекеттесулерді, ибупрофенді АӨФ тежегіштерімен немесе ангиотензин II антагонистерімен бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерде ескеру керек. Осылайша, бір мезгілде қолдануды сақтықпен жүргізу керек. Пациенттер суды жеткілікті мөлшерде ішуі тиіс, қатарлас ем басталғаннан кейін және ары қарайғы кезеңдік ем кезінде бүйрек функциясына мониторинг жүргізу қажет.

жүрек гликозидтері - ҚҚСП жүрек функциясының жеткіліксіздігін ушықтыруы, шумақтық сүзілуді төмендетуі және плазмадағы жүрек гликозидтерінің деңгейін арттыруы мүмкін

литий - литийдің шығарылуын нашарлатуы

метотрексат - метотрексаттың шығарылуын нашарлатуы

циклоспорин - ҚҚСП нефроуыттылық қаупін арттыруы

аминогликозидтер – сезімтал адамдарда бүйрек функциясын нашарлатуы, аминогликозидтердің шығарылуын нашарлатуы және олардың плазмадағы концентрацияларын жоғарылатуы

пробенецид – метаболизмді баяулатуы және ҚҚСП пен олардың метаболиттерінің шығарылуын нашарлатуы

диабетке қарсы препараттар – сульфонамид метаболизмін баяулатуы, оның жартылай ыдырау мерзімін ұзартуы және гипогликемия қаупін жоғарылатуы

зидовудин - зидовудинмен және ибупрофенмен бір мезгілде ем қабылдап жүрген гемофилиясы бар АИТВ-оң пациенттерде гемартроз бен гематома қаупінің артқаны туралы деректер бар.

Специальные указания

Препаратты анус немесе тік ішек бұзылулары бар пациенттерде қолданғанда сақ болу қажет.

Инфекциялар

Ибуфен Бэби ысыну және ауырсыну секілді инфекциялар белгілерін бүркемелеуі мүмкін. Сондықтан Ибуфен Бэби асқыну қаупінің артуына әкелуі мүмкін инфекцияның тиісті емін кешіктіруі ықтимал. Бұл бактериялармен туындаған пневмонияда және желшешекпен байланысты терінің бактериялық инфекцияларында байқалды. Егер сіз бұл дәріні инфекция кезінде қабылдап, инфекция симптомдары сақтала немесе нашарлай беретін болса, дереу дәрігерге қаралыңыз.

Фертильділік

Циклооксигеназа/простагландин синтезін тежейтін препараттар әйелдердің ұрпақ өрбіту қабілетін төмендетуі және овуляцияға әсер етуі мүмкіндігі туралы деректер бар. Көрсетілген әсер қайтымды сипатқа ие және емдеу тоқтатылғаннан кейін тыйылады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Ибуфенді туылмаған нәрестеге зиян тигізуі немесе босану кезінде қиындықтар келтіруі мүмкін болғандықтан, жүктіліктің соңғы 3 айында қолдануға болмайды. Туылмаған нәрестеде бүйрек және жүрек проблемаларын тудыруы мүмкін. Бұл ана мен оның баласында қан кету бейімділігін тудырып, босанудың күтілгеннен кеш немесе ұзағырақ болуына әкелуі мүмкін. Жүктіліктің алғашқы 6 айында аса қажет болмаса және дәрігермен ұсынылмаса, Ибуфен Бэбиді қабылдамаңыз. Егер әйел пациентке осы кезеңде немесе жүкті болуға тырысып жүрген кезде ем қажет болса, онда оған мүмкіндігінше қысқа уақыт ішінде ең төменгі дозаны қолдану керек. Жүктіліктің 20 аптасынан бастап бірнеше күннен артық қабылданып жүрген Ибуфен Бэби туылмаған нәрестеде бүйрек проблемаларын тудыруы, бұл амниондық сұйықтықтың төмен деңгейіне (олигогидрамниоз) немесе бала жүрегіндегі қан тамырларының (артериялық түтіктің) тарылуына әкелуі мүмкін. Егер бірнеше күннен артық ем қажет болса, дәрігер қосымша бақылауды ұсынуы мүмкін.

Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Қысқа мерзімде қолданылғанда препарат автокөлік жүргізу, қозғалыстағы механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді немесе болмашы әсер етеді.

Рекомендации по применению

Ректальді қолдануға арналған.

Бір реттік доза дене салмағына 10 мг/кг аспауы тиіс.

Ибупрофеннің ең жоғарғы тәуліктік дозасы дене салмағына 20-30 мг/кг құрайды және жекелеген 3-4 дозаға бөлінуі тиіс.

Форма выпуска

5 суппозиторийден полиэтиленмен ламинацияланған поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаларда. 1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптамадан қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Условия хранения

Түпнұсқалық қаптамасында, ылғалдан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Срок годности

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Детали покупки

Оплата

При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

...loading

Уникальные возможности покупки на Daribar.kz

Наш сайт предлагает Вам возможность приобрестиИбуфен нәресте суппозиторийлері 60 мг №5в аптеках городв . по доступным ценам. Удобное сопоставление стоимости, а также проверка доступности в аптеках. Информация о товаре включает в себя детальные инструкции и рекомендации по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube