daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Эрбинол Жергілікті Спрей 1% 20г | Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш

Астане қаласындағы Эрбинол Жергілікті Спрей 1% 20г | Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Түссізден ақшыл сары түске дейінгі мөлдір немесе жеңіл бозаңданған ерітінді.

Халықаралық атауы:

Тербинафин

Өндіруші:

Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш

Өндіруші ел:

Турция

Белсенді заттың дозасы:

1%

Дәрілік түрі:

1 % сыртқа қолдануға арналған спрей – 20.0 мл.

Қаптамадағы саны:

1 шт

Нұсқаулық

Құрамы

Бiр мл препараттың құрамында:

белсенді зат - 10,08 мг тербинафин гидрохлориді,

қосымша заттар: пропиленгликоль, макрогол 300, 96% этанол, тазартылған су.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Түссізден ақшыл сары түске дейінгі мөлдір немесе жеңіл бозаңданған ерітінді.

Қолдану көрсеткіштері

- терінің зеңдік инфекциялары: дерматофиттерден (Trichophyton rubrum, Trichophyton mentagrophytes, Trichophyton verrucosum, Trichophyton violaceum, Microsporum canis және Epidermophyton floccosum), сондай-ақ патогенді зеңдерден Pityrosporum orbiculare (Malassezia furfur) туындаған аяқ микозы, шап эпидермофитиясы (tinea cruris), белдеме теміреткісі (tinea corporis)

- түрлі-түсті теміреткі, Malassezia furfur-ден туындаған

Қарсы көрсеткіштер

- тербинафинге немесе препарат құрамына кіретін қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

Сақтық шаралары

Эрбинол спрейін терінің зақымдалған орындары бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек, өйткені препараттың құрамына кіретін этанол тітіркенуді тудыруы мүмкін.

Препаратты көзге тигізбеу керек. Препаратты бетке жағуға болмайды. Егер спрей көзге немесе бетке кездейсоқ тисе, оларды ағып жатқан сумен жуып тастау керек.

Деммен ішке жұтудан аулақ болыңыз. Кездейсоқ деммен жұтқан жағдайда егер қандай да бір симптомдар дамыса немесе сақталса дәрігерден кеңес алған жөн.

Эрбинолды балалар аңғармайтын және қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Қосымша заттар

Эрбинол спрейі құрамында терінің тітіркенуін тудыруы мүмкін пропиленгликоль бар.

Этанол зақымдалған теріде күйдіру сезімін тудыруы мүмкін.

Педиатрияда қолдану

Препаратты балаларда қолдану ұсынылмайды, өйткені қауіпсіздік пен тиімділік туралы мәліметтер жеткіліксіз.

Егде жастағы пациенттер

Жас пациенттермен салыстырғанда егде жастағы пациенттерде дозалауында немесе жағымсыз әсерлерде қандай да бір айырмашылықтарды болжауға мүмкіндік беретін деректер немесе тәжірибе жоқ.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Спрей түріндегі тербинафин үшін дәрілік өзара әрекеттесуді зерттеу жүргізілген жоқ.

Арнайы сақтандырулар

Жүктілік

Жүкті әйелдерде тербинафинді қолдану туралы деректер жоқ.

Жануарларға жүргізілген зерттеулер репродуктивтік уыттылықты көрсеткен жоқ . Алайда, жүкті әйелдерде тербинафинді қолдану тәжірибесі шектеулі болғандықтан, препаратты жүктілік кезінде қолдануды тек аса қажет болған жағдайларда ғана қарастыру керек.

Емшекпен емізу

Тербинафин емшек сүтіне өтеді. Жергілікті қолданудан кейінгі жүйелік әсері елеусіз деп болжанады. Емшекпен емізу кезінде препаратты қолдануды күтілетін пайдасы нәрестеге қаупінен асып кеткен жағдайларда ғана қарастырған жөн.

Нәрестенің препарат қолданылған терінің қандай да бір бөлігімен, оның ішінде кеуде терісімен жанасуын болдырмау керек.

Фертильділік

Жануарларға жүргізілген зерттеулер тербинафиннің фертильділікке қандай да бір әсерін көрсеткен жоқ .

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препарат автокөлікті жүргізу, сондай-ақ жоғары зейін қоюмен байланысты жұмыстарды орындау қабілетіне әсер етпейді немесе елеусіз әсер етеді.

Арнайы нұсқаулар

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалану режимі

Ересектер

Көрсетілімдерге байланысты препарат тәулігіне 1 немесе 2 рет қолданылады.

Препаратты қолданар алдында зақымдалған жерлерді мұқият тазалап, кептіру керек. Препаратты зақымдалған теріге және оған жақын орындарға 5-10 см қашықтықта оларды мұқият ылғалдандыру үшін жеткілікті мөлшерде шашыратылады. Интертригинозды форма жағдайында (субмаммарлы, саусақ аралық, бөксе аралық, шаптық) препарат жағылған бөлікті әсіресе түнде дәке таңғышымен жабуға болады.

Енгізу әдісі және жолы

Тек сыртқа қолдануға арналған.

Эрбинол спрейін бірінші рет қолданар алдында шашыранды пайда болғанша бүріккіш қондырғыны бірнеше рет басу керек, (әдетте, үш басуға дейін), бұл препараттың қолдануға дайын екендігін көрсетеді. Құтысын ашқаннан кейін препаратты 3 ай ішінде пайдалану керек.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу ұзақтығы аурудың көрсетілімі мен ауырлығына байланысты.

Емдеудің орташа ұзақтығы:

– белдеме теміреткісі (tinea corporis) – 1 апта (тәулігіне 1 рет);

– аяқ микоздары – 1 апта (тәулігіне 1 рет);

– түрлі-түсті теміреткі – 1 апта (тәулігіне 2 рет);

Клиникалық көріністердің айқындығының азаюы әдетте емдеудің алғашқы күндерінде байқалады. Тұрақты емдемегенде немесе оны мерзімінен бұрын тоқтату жағдайында инфекцияның қайта жаңғыру қаупі бар. Препаратты қолдану аяқталғаннан кейін 1 аптадан соң жақсару белгілері болмаған кезде пациентке диагнозды растау үшін емдеуші дәрігермен кеңесу ұсынылады.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Сыртқа қолданған кезде тербинафиннің жүйелі сіңуі төмен, бұл артық дозалану ықтималдығының өте төмендігін шарттайды. Спрейдің бір құтысының ішіндегісін абайсызда жұту 250 мг дозада (ересектерге арналған тәуліктік пероральді доза) бір тербинафин таблеткасын қабылдаумен бірдей. Абайсызда ішке көп мөлшерде спрей қабылдаған кезде, жағымсыз реакциялар тербинафин таблеткаларының артық дозалануында байқалатынға ұқсас болады. Оларға бас ауруы, жүрек айну, эпигастрий аймағындағы ауырсыну және бас айналу жатады. Кездейсоқ жұтылған жағдайда дәрілік препараттағы этанолдың (4032,8 мг/құты) мөлшерін ескеру керек.

Емі

Препарат ішке кездейсоқ түскен жағдайда артық дозаланудың емі, ең алдымен, белсендірілген көмір қабылдау жолымен және қажет болған жағдайда симптоматикалық демеуші ем жүргізу арқылы организмнен белсенді затты шығару болып табылады.

Артық дозалану

Шығарылу түрі

Препараттың 1% ерітіндісін 20 мл–ден бүріккіші мен қалпақшасы бар полиэтилен құтыға құяды.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25оС -ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

25оС -ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Көлемі

20 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Астана қаласындағы «Эрбинол жергілікті спрей 1% 20г» бағасының өзгеру диаграммасы

0600120018002400300012-0217-0222-0227-0204-0309-0314-0319-0324-0329-033-048-0413-0418-0423-0428-043-058-0513-0518-0523-0528-052-067-0612-0617-0622-0627-062-077-0712-0717-07
Орташа баға
Ең төменгі баға

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыЭрбинол жергілікті спрей 1% 20гдәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
2360

-ден

Сіздің үнемдеуіңіз: 332

i

Жақсы іздеудің арқасында пайда:

Орташа баға Астане:

Daribar-дан тапсырыс бергенде:

Сіздің үнемдеуіңіз:

2692

2360

332

Себетке

Құрамы

Тауар туралы қысқашаНұсқаулықСатып алу мәліметтеріАстана қаласындағы «Эрбинол жергілікті спрей 1% 20г» бағасының өзгеру диаграммасы

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube