Показания к применению
жедел ауыруды қысқа мерзімді емдеу (мысалы, операциядан кейін, байламдардың созылуы, буынның шығып кетуі және деформация сияқты жазатайым оқиғалардан туындаған жарақаттар кезінде)
арқа мен бұлшықеттерде кенеттен ауырсыну
жедел ауыруды қысқа мерзімді емдеу (мысалы, операциядан кейін, байламдардың созылуы, буынның шығып кетуі және деформация сияқты жазатайым оқиғалардан туындаған жарақаттар кезінде)
арқа мен бұлшықеттерде кенеттен ауырсыну
кеторолак трометамолына немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
өршу кезеңіндегі асқазан-ішек жолдарының эрозиялық ойық жаралы зақымдануы, анамнезіндегі асқазан-ішектен қан кетулер, ойық жара ауруы немесе тесілуі
анамнезінде бронх демікпесі, ринит, ангионевроздық ісіну, есекжем немесе аллергиялық реакциялардың басқа түрлері, ацетилсалицил қышқылына (АСҚ) және басқа да стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер (ҚҚСД) сияқты аса
Кеторолак қан плазмасы ақуыздарымен елеулі дәрежеде байланысады (орташа 99.2% - ға) және байланысуы концентрациясына байланысты емес.
Мынадай дәрілік заттарды Кетанов препаратымен бір мезгілде қолдануға болмайды:
Кеторолакты ацетилсалицил қышқылымен немесе басқа ҚҚСД, оның ішінде циклооксигеназа-2 селективті тежегіштерімен қолдануға болмайды, өйткені ҚҚСД қабылдаумен байланысты елеулі жағымсыз құбылыстардың туындау қаупі едәуір артуы мүмкін.
Кеторолак тромбоциттер агрегациясын тежейді, тромбоксан концентрациясын төмендетеді және қан кету уақытын ұзартады. Аспириннің ұзаққа созылған әсерлерінен айырмашылығы, тромбоциттер функциясы кеторолакты енгізуді тоқтатқаннан кейін 24-48 сағат ішінде қалыпқа оралады.
Кетанов варфарин сияқты антикоагулянттармен біріктіріп қолдануға болмайды, өйткені ҚҚСД және антикоагулянттарды бір мезгілде қабылдау антикоагулянттық әсерді күшейтуі мүмкін.
Зерттеулер кеторолак пен варфарин немесе гепарин арасындағы елеулі өзара әрекеттесу туралы ақпарат жоқ, кеторолак пен гемостазға әсер ететін препараттарды бір мезгілде қолдану, соның ішінде антикоагулянттардың емдік дозалары (варфарин), гепариннің профилактикалық төмен дозалары (әр 12 сағат сайын 2500-5000 бірлік) және декстран қан кету қаупінің жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін.
Простагландиндер синтезін басатын кейбір препараттарды қолданғанда плазмадағы литий концентрациясының жоғарылауына әкелетін литийдің бүйрек клиренсінің тежелуі туралы хабарланады. Кеторолакпен емдеу кезінде плазмадағы литий концентрациясының жоғарылау жағдайлары туралы хабарланады.
Пробенецидті кеторолакпен бір мезгілде қолдануға болмайды, өйткені ол кеторолактың плазмадағы концентрациясын арттырады және жартылай шығарылу кезеңін ұзартады.
ҚҚСД мифепристонды қолданғаннан кейін 8-12 күн ішінде тағайындауға болмайды, өйткені ҚҚСД мифепристонның әсерін әлсіретуі мүмкін.
Кеторолакты окспентифиллинмен бір мезгілде қолданғанда қан кетуге жоғары бейімділік байқалады.
Кетанов препаратымен біріктіргенде келесі дәрілік заттарды сақтықпен тағайындау керек:
Барлық басқа ҚҚСД сияқты, кортикостероидтарды бір мезгілде қолданғанда асқазан-ішек жолында ойық жара немесе қан кету қаупінің жоғарылауына байланысты сақ болу керек.
Антитромбоцитарлық препараттармен және ҚҚСД-мен біріктірілген серотонинді кері қармау тежегіштерін біріктіргенде асқазан-ішектен қан кетудің жоғары даму қаупі болады.
Простагландин синтезін басатын кейбір препараттар метотрексат клиренсін азайтады, сондықтан оның уыттылығын арттыруы мүмкін.
Кетанов таблеткалары препараты қысқа мерзімді (5 күнге дейін) қолдану үшін ғана ұсынылады және тұрақты қолдану үшін ұсынылмайды.
Кетанов препаратын пайдалану туралы мәселені шешкен кезде препаратты қолданумен байланысты ықтимал пайда мен қауіптердің арақатынасын, сондай- ақ басқа емдік тактиканы қолдану мүмкіндігін мұқият бағалау керек.
Жағымсыз әсерлерді симптомдарды бақылау үшін қажетті ең қысқа уақыт кезеңі ішінде ең аз емдік дозаны пайдалана отырып, барынша азайтуға болады.
Емді кеторолактың парентеральді нысандарынан бастаған жөн және пациенттерді мүмкіндігінше тезірек пероральді емге ауыстырған жөн. Бастапқы ем ретінде кеторолак трометамолдың пероральді түрлерін қолдануға болмайды. Біріктірілген емнің (парентеральді және пероральді) жалпы ұзақтығы 5 күннен аспауы тиіс.
Дозалау режимі
Ересектер
18-ден 64 жасқа дейін: 10 мг ішке бір рет, содан кейін әр 6-8 сағат сайын 10 мг- ден, қажет болған жағдайда күніне 40 мг аспайды.
Ескерту
Пероральді препаратты бастапқы доза ретінде беруге болмайды. Әрбір нақты пациент үшін ең аз тиімді дозаны қолданыңыз. Препаратты қабылдау арасындағы 6-8 сағат аралықты қысқартпаңыз. Ересек пациенттерді емдеудің жалпы ұзақтығы 5 күннен аспауы тиіс.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қабылдау үшін.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
10 таблеткадан алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
немесе 10 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Наш сайт предлагает Вам возможность приобрести “Кетанов таблеткалары 10 мг №20” в аптеках городв . по доступным ценам. Удобное сопоставление стоимости, а также проверка доступности в аптеках. Информация о товаре включает в себя детальные инструкции и рекомендации по применению.
от
Ваша выгода до: 17₸
Выгода за счет лучшего поиска:
Средняя цена в Астане:
При заказе на Daribar от:
Ваша выгода до:
777₸
760₸
17₸