daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Кетонал Капсулалары 50 Мг №25 | Lek Pharmaceuticals d d

Астане қаласындағы Кетонал Капсулалары 50 Мг №25 | Lek Pharmaceuticals d d

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Корпусы ақ түсті және қақпағы көгілдір түсті қатты желатинді мөлдір емес капсулалар. Капсула ішінде – ұнтақ немесе сарғыш-ақ түсті тығын түріндегі масса.

Халықаралық атауы:

Кетопрофен

Өндіруші:

Lek Pharmaceuticals d d

Өндіруші ел:

Республика Словения

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: лактоза моногидраты, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, капсула қабығының құрамы: желатин, титанның қостотығы (Е 171), патенттелген көк V (Е 131). Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Корпусы ақ түсті және қақпағы көгілдір түсті қатты желатинді мөлдір емес капсулалар. Капсула ішінде – ұнтақ немесе сарғыш-ақ түсті тығын түріндегі масса.

Белсенді заттың дозасы:

50 мг

Қаптамадағы саны:

25 шт.

Аналогтары

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Ұзақ мерзімді симптоматикалық емдеу:

- созылмалы ревматизм, атап айтқанда ревматоидты артрит, шорбуынданатын спондилоартрит (немесе Фиссингер-Леруа-Рейтер синдромы және псориазды артрит сияқты тектес синдромдар)

- остеоартриттің кейбір ауыр түрлері (ауыр және әлсірететін)

Жедел көріністерін қысқа мерзімді симптоматикалық емдеу:

- абартикулярлық ревматизм (иық-жауырын периартриті, тендинит, бурсит)

- микрокристалды артрит

- остеоартроз

- арқаның ауыруы

- радикулалгия

- тірек-қимыл аппаратының жарақаттан кейінгі қатерсіз жедел аурулары

Қарсы көрсеткіштер

- кетопрофенге немесе кез келген қосымша заттарға жеке жоғары сезімталдық

- жүректің ауыр жеткіліксіздігі

- хирургиялық аорта-коронарлық шунттау жағдайында операциядан кейінгі ауыруды емдеу үшін

- анамнездегі созылмалы диспепсия

- белсенді түрдегі пептидтік ойық жара немесе асқазан-ішек қан кетуінің кез келген тарихы, ойық жараның пайда болуы немесе тесілуі

- қан кетулер (асқазан-ішектен, цереброваскулярлық немесе басқа белсенді қан кетулер)

- қан кетуге бейімділік

- бауыр немесе бүйрек функциясының айқын бұзылулары

- қан тарапынан бұзылулар (лейкопения, тромбоцитопения, гемокоагуляцияның бұзылулары)

- кетопрофенмен немесе фибраттармен емдеу аясында дамыған фотоаллергиялық және фотоуытты реакциялар

- геморрагиялық диатез

- ауыр сусыздану (құсу, диарея немесе сұйықтықты жеткіліксіз тұтыну салдарынан)

- тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

- порфирия

- III триместрдегі жүктілік және лактация кезеңі

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Кетопрофенді басқа ҚҚСП, оның ішінде ЦОГ-2 селективті тежегіштерімен қоса, бір мезгілде қабылдаудан аулақ болған жөн.

Жағымсыз әсерлер ең аз тиімді дозаны қолдану және ауырсыну синдромын басу үшін қажет қысқа уақыт ішінде азайтылуы мүмкін.

Тыныс алу жүйесі тарапынан бұзылулар

Созылмалы ринитпен, созылмалы синуситпен және/немесе мұрын полипозымен бірге жүретін демікпесі бар пациенттерде жалпы популяциямен салыстырғанда ацетилсалицил қышқылын және/немесе ҚҚСП қолданғаннан кейін аллергиялық реакциялардың пайда болу ықтималдығы жоғары. Кетопрофенді қолдану аясында, әсіресе ацетилсалицил қышқылына немесе ҚҚСП аллергиясы бар пациенттерде демікпе немесе бронх түйілуі дамуы мүмкін.

Егде жастағы пациенттер

Препаратты егде жастағы пациенттерге сақтықпен тағайындаған жөн.

ҚҚСП қабылдайтын егде жастағы пациенттерде, әсіресе өліммен аяқталуға әкелуі мүмкін АІЖ, қан кету және ойық жараның тесілуі тарапынан жағымсыз әсерлердің анағұрлым жоғары даму жиілігі бар.

Асқазан-ішектен қан кету, ойық жараның пайда болуы немесе тесілуі

Өліммен аяқталуы мүмкін асқазан-ішектен қан кетулер, ойық жараның пайда болуы және/немесе тесілуі барлық ҚҚСП үшін сипатталған және алдында жүретін симптомдармен немесе оларсыз немесе анамнезінде асқазан-ішек жолының ауыр ауруларымен емнің кез келген уақытында дамуы мүмкін.

Кетопрофенді қолдану әсіресе, жоғарғы дозаларда қолданғанда басқа ҚҚСП салыстырғанда ауыр асқазан-ішек уыттылығының жоғарғы даму қаупімен байланысты болуы мүмкін.

Асқазан-ішектен қан кету, ойық жаралану немесе тесілу қаупі анамнезінде ойық жарасы бар пациенттерде, әсіресе қан кету немесе тесілумен асқынған, сондай-ақ егде жастағы адамдарда ҚҚСП дозасын арттырғанда ұлғаяды. Бұл пациенттерді емдеуді ең төменгі ықтимал дозадан бастау керек. Осындай пациенттерде, сондай-ақ АІЖ тарапынан жағымсыз әсерлерді күшейте алатын дәрілік препараттармен біріктірілген ем жүргізу керек пациенттерде протекторлармен (мизопростол немесе протонды помпа тежегіштері) біріктірілген емді қолдану мүмкіндігін қарау керек.

Ойық жараның немесе қан кетудің даму қаупін жоғарылата алатын дәрілік заттарға пероральді кортикостероидтар, антикоагулянттар (варфарин), серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері немесе тромбозға қарсы дәрілер (ацетилсалицил қышқылының төменгі дозалары) жатады.

Анамнезінде асқазан-ішек аурулары (ойық жаралы колит, Крон ауруы) бар пациенттерде осы аурулардың өршу ықтималдығына байланысты кетопрофенді қолданғанда сақ болған жөн.

Анамнезінде асқазан-ішек аурулары бар пациенттерге, әсіресе егде пациенттерге асқазан-ішек жолы тарапынан болатын кез келген симптомдар туралы (әсіресе асқазан-ішектен қан кету туралы), атап айтқанда, емнің басында дәрігерге хабарлау керек.

Егер кетопрофенді қолдану аясында пациенттерде асқазан-ішектен қан кету немесе ойық жара пайда болса, кетопрофен қабылдауды тоқтату қажет.

Жүрек-қантамырлар және цереброваскулярлық бұзылулар

Кетопрофенді гипертензиясы, бақыланбайтын гипертензиясы, анамнезінде іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, расталған жүректің ишемиялық ауруы, шеткері артериялар атеросклерозы және/немесе цереброваскулярлы аурулары бар пациенттерде қолданғанда сақ болу керек, өйткені ҚҚСП қолдану аясында сұйықтықтың іркілуі және ісінулердің дамуы туралы хабарланды.

Клиникалық зерттеулер мен эпидемиологиялық деректер кейбір ҚҚСП қолдану (көбінесе жоғарғы дозаларда және ұзақ уақыт бойы емдеу кезеңінде) артериялық тромбоэмболиялық асқынулардың (мысалы, миокард инфаркті немесе инсульт) жоғары даму қаупіне байланысты болуы мүмкін екенін көрсетеді.

Барлық ҚҚСП сияқты, бақыланбайтын артериялық, гипертензия, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, жүректің ишемиялық ауруы, шеткері артериялық ауру және/немесе инсульт тарихы бар пациенттер (өтпелі ишемиялық ауруды қоса) мұқият тексеруден кейін ғана кетопрофенмен емделуі керек.

Жүрек-қантамырлар патологиясының қауіп факторлары бар пациенттерде (мысалы, артериялық гипертензия, гиперлипидемия, қант диабеті немесе темекі шегу) ұзақ мерзімді емдеу басталғанға дейін осындай назар аудару керек.

Аорта-коронарлық шунттау кезінде периоперациялық ауыруда ҚҚСП (аспиринді қоспағанда) қабылдаған пациенттерде артериялық тромбоэмболиялық асқынулар даму қаупінің жоғарылауы туралы хабарланды.

Тері реакциялары

ҚҚСП қабылдау аясында сирек жағдайларда күрделі, кейде өліммен аяқталатын, тері реакциялары (эксфолиативті дерматитті, Стивенс-Джонсон синдромын, Лайелл синдромын немесе уытты эпидермалық некролизді қоса туралы хабарланды.

Осы реакциялардың жоғарғы даму қаупі емнің бастапқы сатысында, көбінесе емнің бірінші айында байқалады. Тері бөртпесінің, шырышты қабықтар зақымдануының алғашқы белгілері пайда болғанда немесе аса жоғары сезімталдықтың кез келген басқа белгісі пайда болғанда кетопрофен қабылдауды тоқтату керек.

Жүрек-қантамыр жүйесінің, бүйректің немесе бауырдың бұзылуы

Бүйрек простагландиндерінің тамыр тарылтатын әсерін тежей отырып, ҚҚСП шумақтық сүзілуді төмендету есебінен функционалдық бүйрек жеткіліксіздігін тудыруы мүмкін. Бұл жағымсыз құбылыс Кетонал® капсуланың қабылданатын дозасына байланысты.

Емдеудің басында себебіне қарамастан гиповолемиямен, жегілік нефритпен, жүрек-қантамырлар жеткіліксіздігімен, циррозбен және нефрозбен ауыратын пациенттердің, сондай-ақ диуретиктер алатын АӨФ тежегіштерін, сартандарды қабылдайтын пациенттер немесе созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер, әсіресе егде жастағы пациенттердің жағдайына мұқият мониторинг жасау қажет. Мұндай пациенттерде кетопрофенді қолдану простагландиннің тежелуі нәтижесінде бүйрек қан ағымының төмендеуін туындатуы және интерстициялық нефритке, нефроздық синдромға және бүйрек жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін.

Сондай-ақ ҚҚСП қолдану нефроуыттылықтың әртүрлі түрлерін тудыруы мүмкін, бұл интерстициялық нефритке, нефроздық синдромға және бүйрек жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін.

Анамнезінде бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде трансаминазалар деңгейін, әсіресе ұзақ емдеген кезде мезгіл-мезгіл бағалап отыру қажет. Сирек жағдайларда кетопрофенді қолдану аясында пациенттерде кетопрофенді қолдану аясында сарғаю мен гепатиттің дамуы туралы хабарланды.

Сұйықтықтың іркілуі

Ісіну, гипертония немесе артериялық гипертензияның жоғарылауы, жүрек жеткіліксіздігі пайда болуы мүмкін сұйықтықтың іркілуі. Артериялық гипертензия немесе жүрек жеткіліксіздігі жағдайында емдеудің басынан бастап клиникалық мониторинг қажет. Гипотензиялық препараттардың әсерін төмендетуі мүмкін.

Гиперкалиемия

Гиперкалиемия, әсіресе қант диабеті, бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде және/немесе гиперкалиемиялық препараттармен бір мезгілде емдегенде пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда калиемияға үнемі мониторинг жүргізу қажет.

ҚҚСП қолдану әйелдердің фертильділігін нашарлатуы мүмкін және жүкті болғысы келетін пациенттерге ұсынылмайды. Бала туу қиынға соғатын немесе бедеулікке қатысты зерттеу процесінде жүрген пациенттерде ҚҚСП емдеуін тоқтатуды ескерген жөн.

Анамнезінде фотосезімталдық немесе фотоуытты реакциялары бар пациенттер мұқият бақылауда болуы тиіс.

Бауыр теңгерімі бұзылған немесе анамнезде бауыр аурулары бар пациенттерде трансаминазаларды, әсіресе ұзақ уақыт емдеген кезде үнемі бақылап отыру ұсынылады.

Кетопрофенді қолдану кезінде сарғаю мен гепатиттің сирек жағдайлары сипатталған.

Ұзақ емдеу кезінде қан формуласын, бауыр мен бүйрек функциясын бақылау ұсынылады.

Бұл препаратты басқа қабынуға қарсы стероидты емес препаратпен, пероральді антикоагулянтпен, литиймен, ауыруды басатын, қызуды түсіретін немесе қабынуға қарсы дозаларда аспиринмен,, аптасына 20 мг жоғары дозаларда метотрексатпен, төмен молекулалы және соған байланысты гепариндермен және фракцияланбаған гепариндермен (емдік дозаларда және/немесе егде жастағы субъектіде), пеметрекседпен емдеген кезде бүйрек функциясы әлсіз және орташа пациенттер қабылдауынан аулақ болу керек.

Препарат құрамында лактоза бар. Оны галактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза немесе галактоза мальабсорбция синдромы (сирек тұқым қуалайтын аурулар) бар пациенттерге қолдану ұсынылмайды.

Жүйелі қызыл жегі және дәнекер тіннің аралас аурулары

Асептикалық менингит даму қаупінің артуы мүмкін.

Көру бұзылулары

Кетопрофенді көру қабілеті бұзылған кезде, мысалы, бұлыңғыр көру кезінде қолдануды тоқтату керек.

Жасырын инфекциялардың симптомдарын бүркемелеу

Кетонал® инфекциялық аурудың симптомдарын бүркемелеуі мүмкін, бұл тиісті емдеуді бастаудың кешеуілдеуіне әкелуі мүмкін және осылайша аурудың ағымын қиындатады. Бұл бактериялық ауруханадан тыс пневмония мен желшешектің бактериялық асқынуларында байқалған. Дене температурасының жоғарылауы кезінде немесе инфекция кезінде ауырсынуды жеңілдету үшін Кетонал® препаратын қолдану кезінде инфекциялық аурудың мониторингін жүргізу ұсынылады. Медициналық мекемеден тыс емдеу жағдайында, егер симптомдар сақталса немесе күшейсе, пациент дәрігерге қаралуы тиіс.

Инфекция болған кезде басқа ҚҚСП сияқты, кетопрофеннің қабынуға қарсы, анальгетикалық немесе қызуды түсіретін әсері бар екенін атап өткен жөн, бұл қызба сияқты инфекция дамуының жалпы белгілерін бүркемелейді.

Кетонал® препаратын ауыр хирургиялық араласудан бұрын тоқтатып тастау керек.

Кетопрофенді алкогольді шамадан тыс пайдаланатын адамдарға сақтықпен қолдану керек.

Өзара әрекеттесуі

Гиперкалиемиямен байланысты қауіп

Кейбір дәрілік препараттар немесе емдік кластар гиперкалиемияның дамуына ықпал етуі мүмкін: калий тұздары, калий жинақтаушы диуретиктер, ангиотензин өзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштері, ангиотензин II антагонистері, қабынуға қарсы стероидты емес препараттар, гепариндер (төмен молекулалы немесе фракцияланбаған), циклоспорин немесе такролимус, триметоприм сияқты иммунодепрессанттар.

Осы препараттардың біріктірілімі гиперкалиемия қаупін арттырады. Бұл қауіп әсіресе калий жинақтаушы диуретиктерді қолданғанда, әсіресе бір-бірімен немесе калий тұздарымен үйлескенде зор, ал мысалы, ангиотензин өзгертуші фермент (АӨФ) тежегішінің және ҚҚСП біріктірілімі ұсынылған сақтық шараларын сақтаған кезде аз қауіп тудырады.

Гиперкалиемиялық препараттарға тән қауіптер мен шектеулер деңгейін білу үшін әр затқа тән өзара әрекеттесуге жүгіну керек.

Алайда, триметоприм сияқты кейбір заттар бұл қауіпке қатысты айрықша өзара әрекеттесудің мәні болып табылмайды. Сонымен де, олар жоғарыда аталған сияқты басқа препараттармен бірге триггер факторлары ретінде әрекет ете алады.

Препараттардың ұсынылмайтын біріктірілімдері:

Басқа ҚҚСП (оның ішінде жоғары дозадағы аспирин)

Ойық жара және асқазан-ішектен қан кету қаупінің жоғарылауы  (қосымша синергизм).

Ацетилсалицил қышқылына келетін болсақ, бұл қабынуға қарсы дозалар (дозасына≥ 1 г және / немесе күніне ≥ 3 г) және анальгетиктер немесе қызуды түсіретін дозалар (дозасына≥ 500 мг және / немесе күніне <3 г) туралы айтылады.

Антикоагулянттар: К дәруменінің антагонистері (варфарин), тромбин тежегіштері (дабигатран), Ха факторының тікелей тежегіштері  (апиксабан, ривароксабан, эдоксабан)

Асқазан-ішектен қан кету және ойық жаралардың түзілу қаупінің жоғарылауына байланысты антикоагулянттар немесе кортикостероидтармен бірге Кетонал® қабылдайтын пациенттер тұрақты мониторингтеуді қажет етеді.

Антикоагулянттар (гепарин және варфарин), серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері және тромбоциттер агрегациясының тежегіштері (яғни тиклопидин, клопидогрель) қан кетудің пайда болу қаупін арттырады.

Литий

Литий мен кетопрофенді бір мезгілде қолдану литийдің бүйрек арқылы экскрециясының төмендеуіне және кейіннен қан сарысуындағы литий деңгейінің уытты деңгейге дейін жоғарылауына әкелуі мүмкін. Қандағы литий концентрациясын мұқият бақылап, ҚҚСП емдеу кезінде және одан кейін литий препараттарының дозасын уақтылы түзету керек.

Метотрексат аптасына 15 мг астам дозаларда

Метотрексаттың гематологиялық уыттылығы қаупі, әсіресе оны жоғары дозаларда (аптасына 15 мг астам) қолдану кезінде артады, бұл метотрексаттың плазма ақуыздарымен қосылыстардан ығысуына және метотрексаттың бүйрек клиренсінің азаюына байланысты болуы мүмкін.

Кетопрофенмен емдеудің аяқталуы немесе басталуы мен метотрексатты қабылдау арасында кемінде 12 сағат өтуі тиіс.

Пеметрексед (бүйрек функциясы төмен және орташа пациенттер, креатинин клиренсі 45 мл/мин бастап 80 мл/мин дейін)

Пеметрекседтің уыттылығының жоғарылау қаупі (ҚҚСП әсерінен пеметрекседтің бүйрек клиренсінің төмендеуі).

Сақтықты қажет ететін біріктірілімдер:

АӨФ тежегіштері және ангиотензин II рецепторларының антагонистері

Кетопрофенді АӨФ тежегіштерімен, ангиотензин II рецепторларының антагонистерімен және бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде (мысалы, сусызданған пациенттерде немесе егде пациенттерде) циклооксигеназа-2 тежегіштерімен бір мезгілде қолдану бүйрек функциясының одан әрі нашарлауына, соның ішінде бүйректің жедел жеткіліксіздігінің дамуына әкелуі мүмкін. Гипотензиялық әсердің төмендеуі мүмкін, сондықтан жеткілікті гидратация қажет.

Диуретиктер

Диуретиктер қабылдайтын пациенттерде, әсіресе дегидратациясы (сусыздануы) бар пациенттерде простагландиннің тежелуі салдарынан бүйрек арқылы қан ағымының төмендеуіне байланысты бүйрек жеткіліксіздігінің жоғары қаупі бар. Мұндай пациенттерге емдеу басталғанға дейін бүйрек функциясын түзету үшін екі-үш дәрілік затты бір мезгілде қолданар алдында регидратация жүргізу керек.

Метотрексат аптасына 15 мг аз дозаларда

Кетопрофен мен метотрексатты бір мезгілде қолданудың алғашқы апталары ішінде аптасына бір рет толық қан талдауын жүргізу қажет. Егде жастағы пациенттерде немесе пациенттерде бүйрек функциясының бұзылуының қандай да бір белгілері пайда болған кезде жалпы қан талдауын жиі жүргізу талап етіледі.

Пеметрексед (бүйрек қызметі қалыпты пациенттер)

Пеметрекседтің уыттылығының жоғарылау қаупі (ҚҚСП әсерінен пеметрекседтің бүйрек клиренсінің төмендеуі).

Циклоспорин және такролимус

Нефроуытты жағымсыз әсерлердің, әсіресе егде жастағы адамдарда жоғарылау қаупі бар.

Тенофовир дизопроксил

Тенофовир нефроуыттылығының, әсіресе қабынуға қарсы дәрінің жоғары дозаларында немесе бүйрек жеткіліксіздігінің қауіп факторлары болған кезде жоғарылау қаупі бар. ҚҚСП және тенофовир дизопроксилді бір мезгілде қолданғанда бүйрек функциясын бақылап отыру керек.

Жүрек гликозидтері

Кетопрофен мен дигоксин арасындағы фармакокинетикалық өзара әрекеттесу анықталмаған. ҚҚСП жүрек-қантамыр жеткіліксіздігін күшейтіп, шумақтық сүзу жылдамдығын төмендетіп, қан плазмасындағы гликозидтер деңгейін жоғарылатуы мүмкін.

Ескеру қажет біріктірілімдер

Антиагрегантты дозалардағы ацетилсалицил қышқылы (1 және одан да көп дозаларда тәулігіне 50 мг-ден 375 мг-ға дейін)

Ойық жара мен асқазан-ішектен қан кету қаупінің жоғарылауы.

Кортикостероидтар

Ойық жараның пайда болу және асқазан-ішектен қан кету қаупінің жоғарылауы.

Антиагреганттар

Асқазан-ішектен қан кету қаупінің жоғарылауы.

Серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері

Асқазан-ішектен қан кету қаупінің жоғарылауы.

Фракцияланбаған гепариндер, төмен молекулалы гепариндер (профилактикалық дозалар)

Қан кету дамуы қаупінің жоғарылауы.

Деферасирокс

Ойық жаралар түзілуі мен асқазан-ішектен қан кету қаупінің жоғарылауы.

Бета-блокаторлар (эсмололдан басқа)

Гипертензияға қарсы әсердің төмендеуі (ҚҚСП вазодилатациялайтын простагландиндерді тежеу және сұйықтықтың фенилбутазонмен іркілуі).

Пентоксифиллин

Кетопрофенмен бір мезгілде қолдану қан кетудің туындау қаупін арттыруы мүмкін. Жиі клиникалық мониторинг және қан кету уақытын жиі бақылау қажет.

Басқа гиперкалиемиялық агенттер

Өлімге әкелуі мүмкін гиперкалиемия қаупі.

Никорандил

Никорандил және ҚҚСП қабылдайтын пациенттерде асқазан-ішек жолының ойық жарасының пайда болуы, тесілу және қан кету сияқты елеулі асқынулардың жоғары қаупі бар.

Хинолонды антибиотиктер

ҚҚСП және хинолондарды қабылдайтын пациенттерде құрысулардың даму қаупі жоғары болуы мүмкін.

Мифепристон

ҚҚСП мифепристонның тиімділігін төмендетуі мүмкін. ҚҚСП мифепристонды қолданғаннан кейін 8-12 күн ішінде қабылданбауы тиіс.

Зидовудин

Зидовудинмен бір мезгілде ҚҚСП қолданғанда гематологиялық уыттылық қаупі жоғары. Зидовудин мен ибупрофенді бір мезгілде қабылдайтын АИТВ және гемофилиясы бар пациенттерде гемартроздар мен гематомалардың пайда болу қаупі артады.

Дигоксин

Кетопрофен мен дигоксин арасындағы фармакокинетикалық өзара әрекеттесу байқалған жоқ. Алайда, әсіресе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде сақ болу керек, өйткені ҚҚСП бүйрек функциясын бұзып, жүрек гликозидтерінің бүйрек клиренсін төмендетуі мүмкін.

Пробенецид

Пробенецидті бір мезгілде қолдану қан плазмасындағы кетопрофен клиренсін айтарлықтай төмендетуі мүмкін.

Тромболитиктер

Қан кету дамуы қаупінің жоғарылауы.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектерге: әр 8 сағат сайын 1 капсуладан, 50 мг, қажеттілігіне қарай.

Ең жоғары тәуліктік доза 150 мг (3 капсула) аспауы тиіс. Пациентке әдетте Кетонал® 1 капсуладан таңертең, түсте және кешке тағайындалады.

Ревматоидты артрит пен остеоартритті емдеу үшін ұсынылатын доза әр 6 сағат сайын 1 капсула Кетонал® 50 мг құрайды.

Жеңіл және орташа ауырсыну және дисменорея кезінде ұсынылатын доза әр 6-8 сағат сайын 1 капсула Кетонал® 50 мг құрайды.

Симптомдарды басуға қажет болатын барынша қысқа уақыт ішінде ең төменгі тиімді дозада (50 мг) қабылдау арқылы жағымсыз әсерлерді азайтуға болады.

Ең аз тиімді доза симптомдарды жеңілдету үшін қажетті ең қысқа уақыт кезеңі ішінде қолданылуы тиіс.

Кетонал® препаратының пероральді түрлерін Кетонал® суппозиторийлерімен біріктіруге болады, мысалы: 1 капсула Кетонал® таңертең, 1 капсула (50 мг) түсте және 1 суппозиторий Кетонал® 100 мг кешке.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

Препаратты 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдануға болмайды.

Егде жастағы пациенттер

Егде пациенттерде күрделі жағымсыз әсерлер (мысалы, асқазан-ішектен қан кету) дамуының жоғарғы қаупі бар. Қажет болса мұндай пациенттер дәрігердің алдын ала кеңесінен кейін препаратты анағұрлым қысқа уақыт ішінде ең төменгі тиімді дозада (50 мг) қолдана алады. Сондай-ақ протекторларды қатар қолдану мүмкіндігін қарастыру керек.

Егер ҚҚСП емдеу қажет болса, мүмкін болатын ең аз дозаны қолдану керек және ҚҚСП емін бастағаннан кейін әр 4 апта сайын пациенттің асқазан-ішектен қан кетуіне қатысты бақылау жасап отыру керек.

Бауыр функциясы бұзылған пациенттер

Кетонал® препаратын бауыр функциясының жеңіл және орташа бұзылулары бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Мұндай пациенттер дәрігердің алдын ала кеңесінен кейін ең төменгі тиімді дозада (50 мг) қолдана алады.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер

Кетонал® препаратын бүйрек функциясының жеңіл және орташа бұзылулары бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Мұндай пациенттер дәрігердің алдын ала кеңесінен кейін ең төменгі тиімді дозада (50 мг) қолдана алады.

Енгізу әдісі мен жолы

Кетонал® препаратының капсуласын жеткілікті көлемдегі (кемінде 100 мл) сумен немесе сүтпен ішіп, тамақтану кезінде немесе одан кейін ішке қабылдайды.

Кетопрофеннің АІЖ жағымсыз әсерлерінің ықтималдығын төмендететін антацидтерді бір уақытта қабылдауға болады.

Емдеу ұзақтығы

Дәрігердің кеңесінсіз жол берілетін ең жоғары емдеу ұзақтығы - 5 күн. Егер пациенттің жағдайы жақсармаса немесе препаратты қолданғаннан кейін 3 күннен соң нашарласа дәрігерге қаралу қажет.

Артық дозаланған жағдайда қолдану тиіс шаралар

Артық дозалану жағдайлары кетопрофеннің 2,5 г дейінгі дозаларында байқалған.

Симптомдары: ересектерде бас ауыруы, бас айналу, ұйқышылдық, сылбырлық, жүрек айну, құсу, диарея және іштің немесе эпигастрий ауыруы. Ауыр уыттану кезінде гипотензия, тыныс алудың бәсеңдеуі және асқазан-ішектен қан кету байқалды.

Емі: арнайы антидот жоқ. Пациент сусыздануды қалыпқа келтіру, бүйрек функциясын бақылау және ықтимал ацидозды түзету үшін симптоматикалық ем тағайындалатын мамандандырылған ауруханаға дереу ауыстырылуы тиіс. Бүйрек жеткіліксіздігі туындау жағдайында препаратты жою үшін гемодиализді қолдануға болады.

Асқазанды шаю немесе белсендірілген көмірді енгізу кетопрофеннің сіңуін шектеу үшін қолданылуы мүмкін.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне консультацияға жүгіну бойынша ұсынымдар

Егер сізде инфекция болса және қызба және ауырсыну сияқты инфекция симптомдары сақталса немесе нашарласа, дереу дәрігермен кеңесу ұсынылады.

Шығарылу түрі

25 капсуладан алғашқы ашылуы бақыланатын пластик қақпақтармен тығындалған янтарь түсті шыны құтыларға салынады.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Астана қаласындағы «кетонал капсулалары 50 мг №25» бағасының өзгеру диаграммасы

0500100015002000250012-0217-0222-0227-0204-0309-0314-0319-0324-0329-033-048-0413-0418-0423-0428-043-058-0513-0518-0523-0528-052-067-0612-0617-0622-0627-062-077-0712-0717-0722-0727-071-086-0811-0816-0821-0826-0831-085-0910-0915-09
Орташа баға
Ең төменгі баға

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыкетонал капсулалары 50 мг №25дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Бағалаулар және пікірлер

Тауар рейтингі
5.00/5
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
10 бағалау
1
star
0
2
star
0
3
star
0
4
star
0
5
star
10
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
22 Июня 2024
Комментарий: Отлично помогают.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
20 Июня 2024
Комментарий: Справляется со своей задачей.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
10 Июня 2024
Комментарий: Давно дружу с этим препаратом, использую по необходимости. Спасибо.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
29 Мая 2024
Комментарий: Обычные обезболивающие, хорошо помогают при зубной боли. В других случаях справляются тоже. Но от зубной боли — самое лучшее средство.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
28 Мая 2024
Комментарий: Ибуфен не помогал после операции, а кетонал снял всю боль, и я могла спать по ночам.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
16 Мая 2024
Комментарий: Хорошее обезболивающее, быстро начинает работать.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
27 Апреля 2024
Комментарий: Спасает от болей при месячных очень хорошо.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
13 Апреля 2024
Комментарий: Прекрасное болеутоляющее средство!
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
22 Марта 2024
Комментарий: Мне очень нравятся эти таблетки, они помогают с давлением и сердце функционирует лучше.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
18 Июля 2023
Достоинства: Капсулы получила, спасибо.
1935

-ден

Сіздің үнемдеуіңіз: 568

i

Жақсы іздеудің арқасында пайда:

Орташа баға Астане:

Daribar-дан тапсырыс бергенде:

Сіздің үнемдеуіңіз:

2503

1935

568

Себетке

Құрамы

Тауар туралы қысқашаАналогтарыНұсқаулықСатып алу мәліметтеріАстана қаласындағы «кетонал капсулалары 50 мг №25» бағасының өзгеру диаграммасыБағалаулар және пікірлер

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube