Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат - темір (III) гидроксиді декстранды кешені - 312.5 мг
(50.0 мг үш валентті темірге баламалы),
қосымша зат: инъекцияға арналған су
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат - темір (III) гидроксиді декстранды кешені - 312.5 мг
(50.0 мг үш валентті темірге баламалы),
қосымша зат: инъекцияға арналған су
Тек ересектер мен 14 жастан асқан балалар үшін
- темірдің өз депосына жылдам тасымалдануының клиникалық қажеттілігінде
- пероральді қолдануға арналған темір препараттарының тиімсіздігі немесе
жақпаушылығында.
Темір тапшылығы диагнозы тиісінше зертханалық зерттеулерге (мысалы, сарысудағы ферритин, сарысудағы темір, трансферрин, гипохромдық эритроциттердің қанығуы) негізделуі тиіс.
Жүктіліктің екінші және үшінші триместрлерінде Космофер® препаратымен емдеу тек аса қажет болған жағдайда және анасы үшін пайдасы мен шарана үшін ықтимал қаупін мұқият бағалаудан кейін ғана тағайындалуы тиіс.
жүктіліктің бірінші триместрі
14 жасқа дейінгі балалар
әсер етуші затқа немесе оның қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық
басқа парентералды темір препараттарына белгілі күрделі аса жоғары сезімталдық
темір тапшылығынан туындамаған анемия (мысалы, гемолиздік анемия)
организмнің темірмен шамадан тыс қанығуы немесе оның шығарылуының бұзылуы (яғни гемохроматоз, гемосидероз)
декомпенсацияланған бауыр циррозы және гепатит
жедел немесе созылмалы инфекция, өйткені темірді парентералды енгізу
бактериялық немесе вирустық инфекцияларды өршітуі мүмкін
жедел бүйрек жеткіліксіздігі.
КосмоФер® тек 0,9% натрий хлориді ерітіндісімен немесе 5% глюкоза ерітіндісімен сұйылтылуы тиіс. Басқа ерітінділермен немесе емдік заттармен сұйылтуға рұқсат етілмейді.
Фармацевтикалық
Егер пациент құрамында темір бар басқа қоспаларды немесе темір препараттарын пероральді қабылдап жүрсе, КосмоФер® тағайындаудың қажеті жоқ. Инъекцияға арналған «КосмоФер®» ерітіндісінің құрамында темірдің физиологиялық түрі, ферритинге ұқсас тұрақты сулы гидроксид-декстран кешеніндегі темір бар. Препарат ортасындағы темірді онымен тығыз байланысқан декстран тізбектерімен қоршалған тұрақты коллодиальді кешен ретінде сипатталады. Стерильді ерітіндідегі рН бейтарап, шамамен 5,2 – 6,5. Натрий гидроксиді немесе хлорсутек қышқылы рН тұрақтандыру үшін пайдаланылады. Ерітіндінің құрамында ешқандай консервант жоқ. Парентералды енгізуге арналған темірдің декстрандық кешендері өзінің тұрақтылығымен және сарысуда босап шығу жылдамдығымен ерекшеленеді.
Фармакодинамикалық
КосмоФер® инъекцияларын пероральді препараттармен параллель тағайындамау керек, өйткені пероральді темірдің сіңуі төмендейді. Пероральді темір терапиясы КосмоФер® препаратының соңғы инъекциясын қабылдағаннан кейін 5 күннен ерте басталмауы тиіс. Емдеуші дәрігерді немесе фармацевті, сіз қолданып жүрген немесе жақын арада қолданған кез келген басқа дәрілік препараттар туралы, тіпті егер сіз оларды өз бетіңізше алсаңыз да, дер кезінде хабардар етуіңіз керек.
Фармакокинетикалық
Темір (III)-гидроксиді декстрандық кешенінің үлкен (5 мл немесе одан көп) дозаларын қолдану препаратты қабылдағаннан кейін төрт сағаттан соң алынған қан сынамаларында сарысуды қоңыр түсті етуі мүмкін. Дәрі қан сарысуындағы билирубин мөлшерінің жалған жоғарылауына және кальций мөлшерінің жалған төмендеуіне себеп болуы мүмкін.
Дәрілік заттардың өзара әрекеттесуінің басқа түрлері: КосмоФер® препаратының тағам өнімдерімен және темекімен өзара әрекеттесуі туралы ақпарат жоқ.
КосмоФер препаратын әр енгізу кезінде және енгізгеннен кейін пациенттерде аса жоғары сезімталдық реакцияларының белгілері мен симптомдарының бар-жоқтығын мұқият қадағалау қажет.
Космофер препаратын тек, анафилаксиялық реакцияларды бағалау мен басуға оқып үйренген қызметкер болғанда, жан жақты қамтылған реанимация қамтамасыз етілген жағдайларда ғана енгізу керек. КосмоФер препаратының әр инъекциясынан кейін жағымсыз әсерлерін анықтау үшін пациент кемінде 30 минут бойы қадағалауда болуы тиіс (Арнайы сақтандырулар бөлімін қараңыз).
2 мл препараттан шыны ампулаларға құйылады. Әр ампулаға өзі желімденетін заттаңба жапсырылады.
5 ампуладан пластик контейнерге салынады.
Бір контейнерден медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25 ºС-ден аспайтын температурада
сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынады “Космофер ампулалары 50мг/мл 2мл №5” дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.
-ден