Показания к применению
ересектердегі ауырлығы жеңілден орташа дәрежеге дейінгі жедел ауыру синдромын қысқа мерзімді симптоматикалық емдеу
ересектердегі ауырлығы жеңілден орташа дәрежеге дейінгі жедел ауыру синдромын қысқа мерзімді симптоматикалық емдеу
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
тромбоцитопения
басқа қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерге (ҚҚСД), оның ішінде ацетилсалицил қышқылына (демікпе, ринит, ангионевроздық ісіну немесе есекжем сияқты симптомдар) аса жоғары сезімталдық
жүректің ауыр жеткіліксіздігі
асқазан-ішектен қан кету, цереброваскулярлық қан кету немесе қан ұюның басқа да бұзылуы
ҚҚСД алдыңғы емдеумен байланысты анамнезінде асқазан-ішектен қан кетудің немесе тесілуінің болуы
белсенді формадағы немесе анамнездегі қайталанатын пептидтік ойықжаралар/қан кету (дәлелденген жараланудың немесе қан кетудің екі немесе одан көп жекелеген эпизоды)
бауыр функциясының ауыр бұзылуы
бүйрек функциясының ауыр бұзылуы (сарысу креатинині > 700 мкмоль/л)
жүктіліктің үшінші триместрі
Ксефокам мен мыналарды бір уақытта қолданғанда
циметидинді, плазмадағы лорноксикам концентрациясы жоғарылайды, бұл лорноксикамның жағымсыз әсерлері қаупінің жоғарылауына әкелуі мүмкін (лорноксикам мен ранитидин немесе антацидтер арасында ешқандай өзара әрекеттесу анықталған жоқ).
антикоагулянттарды, антикоагулянттардың, мысалы, варфарин әсерлерінің күшеюі ықтимал. Халықаралық қалыптасқан қатынасты (ХҚҚ) қатаң мониторингілеу қажет.
фенпрокумонды, фенпрокумонның емдік әсері төмендеуі мүмкін
гепаринді, жұлын немесе эпидуральді анестезия контекстінде қан кету және жұлын немесе эпидуральді гематомалардың пайда болу қаупі артады.
ангиотензин өзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштерін, АӨФ тежегіштерінің гипертензияға қарсы әсері төмендеуі мүмкін.
диуретиктерді, диуретиктер, тиазидтік диуретиктер және калий жинақтаушы диуретиктердің диуретикалық және гипертензияға қарсы әсерлерінің (гиперкалиемия және нефроуыттылық қаупінің жоғарылауы) төмендеуі мүмкін.
бета-адренергиялық рецепторлардың блокаторларын, гипертензияға қарсы тиімділіктің төмендеуі ықтимал.
ангиотензин II рецепторлардың блокаторларын, гипертензияға қарсы тиімділіктің төмендеуі ықтимал.
дигоксинді, дигоксиннің бүйрек клиренсі төмендеуі мүмкін, бұл дигоксин уыттылығы қаупін арттырады.
кортикостероидтарды, асқазан-ішек жолында жаралар немесе қан кету қаупі артады.
хинолонды антибиотиктерді (мыс., левофлоксацин, офлоксацин): құрысу ұстамалары қаупінің жоғарылауы.
антитромбоцитарлық препараттарды (мыс., клопидогрел): қан кету қаупінің жоғарылауы.
басқа ҚҚСД: асқазан-ішек жолында жаралар немесе қан кету қаупі артады.
метотрексатты: метотрексаттың сарысулық концентрациясының жоғарылауы. Нәтижесінде уыттылық жоғарылауы мүмкін. Біріктірілген емді жүргізу қажет болған жағдайда қатаң мониторингті жүзеге асыру керек.
серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері (СКҚСТ): қан кету қаупінің жоғарылауы.
литийді: ҚҚСД литий бүйрек клиренсін тежейді, соның нәтижесінде литийдің сарысулық концентрациясы уытты деңгейге дейін артуы мүмкін. Сондықтан сарысудағы литий деңгейі, әсіресе емнің басында, дозаны таңдау және емдеуді тоқтату кезінде бақылануы тиіс.
циклоспоринді: циклоспориннің сарысулық концентрациясының жоғарылауы. Циклоспориннің нефроуыттылығы бүйрек простагландиніне әсер етуінен ҚҚСД әсерімен жоғарылауы мүмкін. Біріктірілген ем барысында бүйрек функциясының көрсеткіштерін қадағалау қажет.
сульфонилмочевина туындылары (мысалы, глибенкламид): гипогликемия қаупінің жоғарылауы.
CYP2C9 изоферменттерінің белгілі индукторлары мен тежегіштері: лорноксикам (Р450 2С9 (CYP2C9 изоферменті) цитохромының қатысуымен метаболизденетін басқа ҚҚСД сияқты) CYP2C9 изоферменттерінің белгілі индукторлары мен тежегіштерімен өзара әрекеттеседі.
такролимусты: бүйректегі простациклин синтезін азайту нәтижесінде нефроуыттылық қаупінің жоғарылауы. Біріктірілген ем барысында бүйрек функциясының көрсеткіштерін қадағалау қажет.
пеметрекседті: ҚҚСД пеметрекседтің бүйрек клиренсін азайтуы мүмкін, бұл бүйрек пен асқазан-ішек жолына уытты әсердің күшеюіне, сондай-ақ миелосупрессияға әкеледі.
Ксефокам Рапид препаратын тағаммен және сусындармен бір уақытта қолдану
Үлбірлі қабықпен қапталған Ксефокам Рапид таблеткаларды тамақпен бірге қабылдау кезінде лорноксикамның сіңуінің баяулауы байқалады. Сондықтан, әрекеттің тез басталуын (ауырсынуды басуды) қамтамасыз ету қажет болған жағдайда, Ксефокам Рапид препараттын тамақпен бірге қабылдауға болмайды.
Тағам сіңуді шамамен 20 % төмендетеді және Tmax арттырады.
Дозалау режимі
Бұл дәрілік затты қабылдағанда емдеуші дәрігердің нұсқауларын әрдайым дәл сақтаңыз. Егер сізде препаратты дұрыс қолдану туралы күмән туындаса, емдеуші дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.
Жедел ауыры синдромында күніне 8-16 мг лорноксикам керек. Бірінші емдеу күні бастапқы доза 16 мг, содан соң 12 сағаттан кейін 8 мг құрайды. Кейіннен ең жоғары тәуліктік дозасы 16 мг құрайды.
Енгізу әдісі және жолы
Ксефокам Рапид таблеткаларын жеткілікті мөлшердегі сұйықтықпен ішіп қабылдау қажет. Тамақ Ксефокам Рапид препаратының тиімділігін төмендететіндіктен, Ксефокам Рапид препаратын аспен бір мезгілде қабылдауға болмайды
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажетті шаралар
Артық дозаланғанда сізде келесі симптомдар пайда болуы мүмкін: жүрек айнуы, құсу және орталық жүйке жүйесімен астасқан симптомдар (бас айналу немесе көрудің бұзылуы сияқты).
Сондай-ақ, комаға ауысатын атаксия сияқты ауыр симптомдар және құрысу, бауыр мен бүйрек зақымдануы және қан ұюының ықтимал бұзылуы дамуы мүмкін.
Егер сіз Ксефокам Рапид препаратының дозасын арттырып алсаңыз
Егер сіз Ксефокам Рапид препаратының тағайындаған мөлшерінен артық қабылдасаңыз, онда дәрілік затты қабылдауды тоқтатып, емдеуші дәрігеріңізбен немесе фармацевтпен хабарласыңыз.
Ксефокам Рапид препаратын қабылдауды ұмытып кетсеңіз
Сіз өткізіп алған таблетканың орнына препараттың қосарлы дозасын қабылдауға болмайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Егер сізде осы препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаса, емдеуші дәрігерге немесе фармацевтке хабарласыңыз.
6 таблеткадан алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады. 1 немесе 2 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
30 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Наш сайт предлагает Вам возможность приобрести “Ксефокам Рапид таблеткалары 8 МГ №6” в аптеках городв . по доступным ценам. Удобное сопоставление стоимости, а также проверка доступности в аптеках. Информация о товаре включает в себя детальные инструкции и рекомендации по применению.
от
Ваша выгода до: 213₸
Выгода за счет лучшего поиска:
Средняя цена в Астане:
При заказе на Daribar от:
Ваша выгода до:
1053₸
840₸
213₸