Состав
Лиофилизаты бар бір құтының ішінде
белсенді зат – 20 мг фамотидин,
қосымша заттар: аспарагин қышқылы, маннитол.
Еріткіш: натрий хлориді, инъекцияға арналған су.
Лиофилизаты бар бір құтының ішінде
белсенді зат – 20 мг фамотидин,
қосымша заттар: аспарагин қышқылы, маннитол.
Еріткіш: натрий хлориді, инъекцияға арналған су.
он екі елі ішектің ойық жарасында;
асқазанның малигнизациясыз ойық жарасында;
гастроэзофагеальді рефлюкстік ауруда;
гиперсекрециямен қатар жүретін басқа да жай-күйлерде (мысалы, Золингер –Эллисон синдромы);
жалпы анестезия жүргізген кезде асқазанның қышқылды ішіндегісімен аспирациялануының алдын алуда (Мендельсон синдромы).
әсер етуші затқа немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
жүктілік және емшек емізу кезеңі (қолдану тәжірибесі болмауына байланысты);
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.
Егде жастағы пациенттер
Жасына байланысты дозаны түзету қажет емес.
Дозалану режимі
Инъекцияға арналған Квамател препаратты ішке қабылдауға мүмкіндігі жоқ пациенттерде стационар жағдайларында қолдануға ұсынылған.
Препарат пероральді емін жүргізу мүмкін болғанға дейін қолданылуы мүмкін.
Ұсынылатын доза күніне екі рет (әрбір 12 сағат сайын) вена ішіне (в/і) 20 мг құрайды.
Золлингер –Эллисон синдромында
Бастапқы доза әрбір 6 сағат сайын в/і 20 мг құрайды. Осыдан кейінгі доза секреция көлеміне және пациенттің клиникалық жағдайына байланысты болады.
Жалпы анестезияда асқазанның қышқылды ішіндегісімен аспирациялануының алдын алу үшін
Операция күнінде таңертең в/і 20 мг, кем дегенде операция басталуына дейін 2 сағат бұрын.
Вена ішіне енгізуге арналған бір реттік доза 20 мг-ден асырылмайды.
Патологиялық гиперсекреция синдромы бар пациенттерде бір жылдан артық кезең бойы тәулігіне 800 мг дейін пайдаланылған, онда қатар жүретін күрделі жағымсыз құбылыстар туындамаған.
Емі: симптоматикалық және демеуші ем; пациент жағдайына мониторинг жүргізу.
72,8 мг препарат резеңке тығынмен тығындалған және алюминий қалпақшамен жабылған мөлдір түссіз шыны құтыда.
5 мл еріткіш сындыру таңбасы бар түссіз шыны ампулаларда.
Препараты бар 5 құты және еріткіші бар 5 ампуладан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон ұстағыш жапсырылған картон қорапшаға салынады.
Түпнұсқалық қаптамасында, жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Наш сайт предлагает Вам возможность приобрести “Кваматель бөтелкелері 20 мг №5” в аптеках городв . по доступным ценам. Удобное сопоставление стоимости, а также проверка доступности в аптеках. Информация о товаре включает в себя детальные инструкции и рекомендации по применению.