Показания к применению
- Ересектерге менопаузадан кейінгі кезеңде остеопорозды емдеу үшін көрсетілген. Омыртқа мен ортан жілік сынулары қауіптерін төмендетеді
- Ересектерге менопаузадан кейінгі кезеңде остеопорозды емдеу үшін көрсетілген. Омыртқа мен ортан жілік сынулары қауіптерін төмендетеді
белсенді затқа немесе препараттың кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық;
өңештің дамуындағы ауытқулар және өңештің тарылуы немесе ахалазия секілді өңештің босауын баяулататын басқа факторлар;
пациенттің кемінде 30 минут бойына тұрып тұруға немесе отыруға қабілетсіздігі;
гипокальциемия
тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.
Дозалау режимі
Ұсынылған доза аптасына бір рет 70 мг алендрон қышқылын (1 таблетка) құрайды.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Остеопороз кезінде бисфосфонаттармен емдеудің тиімді ұзақтығы анықталмаған. Әрбір пациент үшін, әсіресе 5 және одан да көп жылдық емдеуден кейін, дәрілік препаратты қолдануға байланысты артықшылықтар мен ықтимал қауіптерге сәйкес емдеуді жалғастыру қажеттілігі туралы мәселені мезгіл-мезгіл қарастырған жөн.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған жағдайда қажетті шаралар
Пациенттерге дозаны өткізіп алған жағдайда есіне түскеннен кейін келесі күні таңертең препараттың 1 таблеткасын қабылдау керектігін хабарлау керек. Бір күнде 2 таблетканы қабылдауға болмайды; кестеге сәйкес белгіленген күні препаратты аптасына бір рет 1 таблеткадан қолдануды жалғастыру қажет.
Пациенттердің ерекше топтары
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Креатинин клиренсі 35 мл / мин асатын пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді. Креатинин клиренсі 35 мл / мин кем пациенттерде препаратты қолдану ұсынылмайды (мұндай пациенттерде препаратты қолдану тәжірибесі шектеулі).
Егде жастағы пациенттер
Клиникалық зерттеулерде алендрон қышқылының тиімділігі немесе қауіпсіздік бейіндерінде жас айырмашылықтары анықталған жоқ. Сондықтан егде жастағы пациенттерде дозаны түзету қажет емес.
Балалар
18 жасқа дейінгі балаларда препаратты қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Пациенттердің осы санатында препаратты қолдану ұсынылмайды.
Глюкокортикостероидтарды (ГКС) қабылдауға байланысты остеопорозды емдеуге арналған препаратты қолдану бойынша зерттеулер жүргізілмеген.
Енгізу әдісі мен жолы
Таблеткалар ішке қабылданады.
Алендрон қышқылы дұрыс сіңу үшін:
- таблеткаларды бірінші тамақтанудан, сусындарды тұтынудан немесе дәрілік препараттарды қолданудан кемінде 30 минут бұрын қабылдау керек;
- таблеткаларды тек кәдімгі сумен ішу керек, басқа сусындар (минералды суды қоса), тамақ өнімдері мен кейбір дәрі-дәрмектер алендрон қышқылының сіңуін төмендетуі мүмкін.
Асқазанға түсуді жеңілдету және өңештің жергілікті тітіркену немесе өңештің тітіркену/жағымсыз реакциялардың пайда болу қаупін азайту үшін:
- таблеткаларды таңертең ұйқыдан кейін бір стақан сумен (кем дегенде 200 мл) ішу керек;
- таблеткаларды толығымен жұту керек, ауыз-жұтқыншақ аймағында ойық жаралардың пайда болуына әкелуі мүмкін болғандықтан, таблетканы ұсақтауға, шайнауға немесе оны ауызда ерітуге болмайды;
- пациенттер таблеткаларды қабылдағаннан кейін кем дегенде 30 минут бойы көлденең күйде болмау керек, бірінші тамақ таблеткаларды қабылдағаннан кейін кемінде 30 минуттан кейін желінуі керек;
- таблеткаларды түнгі ұйқы алдында немесе таңертеңгі тұруға дейінгі уақытта қабылдауға болмайды.
Егер пациенттер тамақпен бірге кальций мен D дәруменін жеткілікті мөлшерде тұтынбайтын болса, оған кальций мен D дәрумені бар препараттарды қосымша қабылдау керек.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы керек шаралар
Симптомдары
Артық дозаланғанда (пероральді қабылдау) гипокальциемия, гипофосфатемия, АІЖ жоғарғы бөліктерінен жағымсыз реакциялар, соның ішінде диспепсия, қыжыл, эзофагит, гастрит, ойық жара байқалуы мүмкін.
Емдеу
Алендрон қышқылының артық дозалануын емдеуге арналған арнайы ұсыныстар жоқ. Алендрон қышқылын байланыстыру үшін сүт немесе антацидтерді қабылдау керек. Өңештің тітіркену қаупін азайту үшін құсықты келтіруге болмайды; пациенттер толығымен тік күйде болуы керек.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Егер дәрі – дәрмектік препаратты қолдану туралы сұрақтар туындаса, дәрігерден кеңес алу керек.
4 таблеткадан Alu/Alu және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
Медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге 1 пішінді ұяшықты қаптамадан картоннан жасалған қорапшаға салынады.
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Наш сайт предлагает Вам возможность приобрести “Лондромакс таблеткалары 70 мг №4” в аптеках городв . по доступным ценам. Удобное сопоставление стоимости, а также проверка доступности в аптеках. Информация о товаре включает в себя детальные инструкции и рекомендации по применению.
от
Ваша выгода до: 695₸
Выгода за счет лучшего поиска:
Средняя цена в Астане:
При заказе на Daribar от:
Ваша выгода до:
4585₸
3890₸
695₸