Қолдану көрсеткіштері
Моксикум препаратын 18 жас шамасындағы және одан үлкен пациенттерде моксифлоксацинге сезімтал бактериялардан туындаған келесі бактериялық инфекцияларды емдеу үшін қолданады:
- ауруханадан тыс пневмонияда
- тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекцияларында.
Моксифлоксацинді, аталған инфекциялардың бастапқы емі үшін әдетте ұсынылатын, бактерияға қарсы препараттарды пайдалану талапқа сай емес деп саналған жағдайда ғана пайдалану керек.
Бактерияға қарсы дәрілерді дұрыс қолдану жөніндегі ресми нұсқаулықты қарастыру керек.