Показания к применению
Ересектер мен 2 жастан асқан балалардың парентеральді қоректенуі үшін пероральді немесе энтеральді қоректендіру мүмкін болмаған, жеткіліксіз немесе қарсы көрсетілімді жағдайларда.
Ересектер мен 2 жастан асқан балалардың парентеральді қоректенуі үшін пероральді немесе энтеральді қоректендіру мүмкін болмаған, жеткіліксіз немесе қарсы көрсетілімді жағдайларда.
Оликлиномель N4-550E препаратын келесі жағдайларда қолдануға болмайды:
шала туылған нәрестелер, емшек ему жасындағы балалар және 2 жасқа дейінгі балалар, калория мен азоттың дұрыс емес арақатынасына, сондай-ақ сай емес энергия құндылығына байланысты;
жұмыртқа, соя немесе арахис ақуыздарына, жүгеріге/одан өндірілген өнімдерге немесе бөлімде тізбеленген кез келген әсер етуші немесе қосымша заттарға жоғары сезімталдық;
амин қышқылдары алмасуының туа біткен бұзылыстары;
ауыр гиперлипидемия немесе гипертриглицеридемиямен сипатталатын липидтер метаболизмінің айқын бұзылуы;
ауыр гипергликемия;
қан плазмасындағы натрийдің, калийдің, магнийдің, кальцийдің және/немесе фосфордың патологиялық жоғары концентрациялары
Сақтықпен: плазманың осмолярлығы жоғары, бүйрекүсті безі жеткіліксіздігі, бауыр жеткіліксіздігі, жүрек жеткіліксіздігі, өкпе патологиясы, эндокриндік жүйе мен зат алмасу тарапынан бұзылуы, қан ұюы және анемиясы бұзылған пациенттерге. Коагулограмманы және ұю көрсеткіштерін мұқият бақылау қажет.
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Оликлиномель N4-550E препаратын қоса алғанда, толық парентеральді қоректендіруге (ТПҚ) арналған ерітінділерді тым жылдам енгізу ауыр зардаптарға немесе өлімге әкелуі мүмкін.
Аллергиялық реакцияның кез келген белгілері немесе симптомдары (шамадан тыс терлеу, дене температурасының жоғарылауы, қалтырау, бас ауыруы, терідегі бөртпелер, ентігу немесе бронх түйілуі сияқты) пайда болған кезде инфузияны дереу тоқтату керек.
Вена ішіне инфузия жүргізу кезінде пациентті мұқият бақылау қажет.
Су және электролит теңгерімінің бұзылуы айқын бұзылулары, майдың шамадан тыс жүктелуімен қатар жүретін жай-күй және зат алмасуының айқын бұзылулары инфузия басталғанға дейін түзетілуі қажет.
Цефтриаксонды құрамында кальций бар в/і енгізуге арналған басқа ерітіндімен бір мезгілде араластыруға немесе енгізуге болмайды, тіпті егер оларды енгізу вена ішіне енгізуге арналған әртүрлі жүйелер арқылы немесе әртүрлі учаскелерге жүзеге асырылса да. Цефтриаксонды және құрамында кальций бар ерітінділерді, егер вена ішіне енгізуге арналған әртүрлі жүйелер пайдаланылса және енгізу вена ішіне енгізуге арналған жүйені ауыстыру кезінде немесе преципитацияны болдырмау мақсатында инфузия арасында натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісімен вена ішіне енгізуге арналған жүйені мұқият жуғаннан кейін әр түрлі учаскелерге жүзеге асырылса, бірінен соң бірін енгізуге болады. Құрамында кальций бар ТПҚ арналған ерітінділердің тұрақты инфузиясы талап етілетін пациенттерде медицина қызметкерлері преципитацияның пайда болуының осындай қаупінен айырылған басқа бактерияға қарсы препаратты тағайындау мүмкіндігін қарастыруы тиіс. Егер тұрақты парентеральді тамақтануды қажет ететін пациенттерге цефтриаксон енгізу қажет болса, ТПҚ және цефтриаксонға арналған ерітіндіні бір мезгілде, бірақ вена ішіне енгізуге арналған әртүрлі жүйелер арқылы және әртүрлі учаскелерге енгізуге болады. Сондай-ақ, цефтриаксонды енгізу кезінде ТПҚ үшін ерітіндіні инфузиялауды тоқтатуға болады, бұл ретте вена ішіне енгізуге арналған жүйені осы ерітінділерді енгізу арасында мұқият жуу керек.
Дәрілік өзара әрекеттесуді зерттеу жүргізілген жоқ.
Кальций мен цефтриаксон преципитаттарын қалыптастыру цефтриаксонды құрамында кальций бар ерітінділермен араластырған кезде, вена ішіне енгізуге арналған бір жүйенің көмегімен енгізген кезде мүмкін болады. Цефтриаксонды құрамында кальций бар ерітінділермен, соның ішінде Оликлиномель N4-550E препаратымен, вена ішіне енгізуге арналған бір жүйе арқылы (мысалы, Y-тәрізді қосылыс арқылы) бір мезгілде араластыруға және вена ішіне енгізуге болмайды. Алайда, цефтриаксон мен құрамында кальций бар ерітінділерді, егер инфузия арасында вена ішіне енгізуге арналған жүйе тиісті ерітіндімен мұқият жуылса, бірінен соң бірін енгізуге болады.
Оликлиномель N4-550E препаратының құрамында липидтер эмульсиясында табиғи түрде болатын К дәрумені бар. Оликлиномель N4-550E препаратының ұсынылатын дозаларындағы К дәруменінің құрамы кумарин туындыларының әсеріне әсер етпеуі тиіс.
Инфузияға арналған бұл эмульсияны жалған агглютинация даму қаупіне байланысты қанмен бір мезгілде сол инфузиялық жүйе арқылы енгізуге болмайды.
Осы эмульсиядағы липидтер кейбір зертханалық көрсеткіштердің мәндерін өзгерте алады (мысалы: билирубин, лактатдегидрогеназа, қанды оттегімен қанықтыру, гемоглобин), егер қан үлгісі липидтер шығарылғанға дейін алынса (әдетте, егер липидтердің ағымы тоқтаса, олар 5-6 сағаттан кейін шығарылады).
Оликлиномель N4-550E препаратында калий бар болғандықтан, оны калий сақтайтын диуретиктер (мысалы, амилорид, спиронолактон, триамтерен), ангиотензин өзгертетін фермент (АӨФ) тежегіштері, ангиотензин II рецепторларының антагонистері немесе такролимус және циклоспорин иммуносупрессанттары алатын пациенттерге тағайындағанда сақ болу керек, гиперкалиемияның даму қаупіне байланысты.
200, 300 немесе 400 мл 10% липидті эмульсиядан; 400, 600 немесе 800 мл электролиттері бар амин қышқылдарының 5.5 % ерітіндісінен; 400, 600 немесе 800 мл кальций қосылған 20 % глюкоза ерітіндісінен тиісінше пластик контейнерге салынатын ортақ пластик қаптамада орналасқан (жалпы көлемі 1000, 1500, 2000 мл) үш оқшауланған камераға орналастырады.
Үш камералы контейнер қорғаныш пластик пакетке салынған.
Контейнерде полиэтиленмен ламинатталған қағаз пакетке салынған адсорбент бар.
6 (1000 мл) немесе 4 (1500 мл және 2000 мл) контейнер медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа (топтық ыдысқа) салынады.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Препарат контейнер ашылғаннан кейін дереу қолданылуы керек.
Қаптаманың бүтіндігі бұзылған кезде қолдануға болмайды.
2-ден - 25°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Қорғаныш пластик пакетте сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Үш камераның ішіндегісін араластырғаннан кейін инфузияға арналған эмульсия 2°-ден 8°С-ге дейінгі температурада 7 күн сақталады, одан кейін 25°С-ден аспайтын температурада 48 сағатқа дейін сақталады.
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Препарат контейнер ашылғаннан кейін дереу қолданылуы керек.
Қаптаманың бүтіндігі бұзылған кезде қолдануға болмайды.
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Наш сайт предлагает Вам возможность приобрести “Оликлиномель N4-550 Е инфузияға арналған эмульсия 1500 мл” в аптеках городв . по доступным ценам. Удобное сопоставление стоимости, а также проверка доступности в аптеках. Информация о товаре включает в себя детальные инструкции и рекомендации по применению.