Показания к применению
ұйқы безінің экзокриндік созылмалы жеткіліксіздігі
ұйқы безінің экзокриндік созылмалы жеткіліксіздігі
белсенді заттарға, шошқа текті ақуыздарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
жедел панкреатит немесе созылмалы панкреатиттің жедел басталуы
кистоздық фиброзы бар 15 жасқа дейінгі балалар
сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпауы, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактаза сіңірілуінің бұзылуы проблемалары бар пациенттер
Ұйқы безі ферменттері фолий қышқылының сіңірілуін бәсеңдетеді. Басқа препараттарды осындай әсермен (мысалы, бикарбонат және циметидин) бірге қолданған жағдайда және ұйқы безі ферменттерінің жоғарғы дозаларымен ұзақ емдегенде қан сарысуындағы фолаттар концентрациясын мезгіл-мезгіл бақылау және/немесе фолий қышқылының жеткіліксіздігін толықтыру ұсынылады. Ұйқы безінің ферменттері темірдің сіңірілуін азайтуы мүмкін, алайда мұндай әрекеттесудің клиникалық мәні анықталмаған. Ұйқы безінің ферменттері акарбоза мен миглитол тиімділігін төмендетуі мүмкін.
Панзинорм® форте таблеткаларының қышқылға тұрақты қабығы он екі елі ішекте бұзылады. Егер он екі елі ішектің ішіндегісі жоғарыласа ферменттер уақытында босап шықпайды. H2 рецептор антагонистерін немесе протондық помпа тежегіштерін қолданғанда жететін асқазан сөлі секрециясының төмендеуі кейбір пациенттерде қабылданған ұйқы безі ферменттерінің тиімділігін жақсартады және Панзинорм® фортенің төменірек дозаларын қолдануға мүмкіндік береді.
Дозалау режимі
Ересектер (егде жастағыларды қоса) және балалар
Басында – әр тамақтануда бір немесе екі таблетка.
Дозаны, қажет болған жағдайда жауап реакциясы мен симптоматиканы мұқият бақылаумен біртіндеп арттыру керек. Дозаны жеке таңдау қажет.
Таблетканы тұтастай шайнамай жұтқан жөн.
Панзинорм® форте 20000 қолданудың барлық кезеңінде пациенттердің жеткілікті гидратациясын қамтамасыз ету маңызды.
Фиброзды колонопатия тәулігіне 10000 бірліктен липаза/кг астам қабылдайтын муковисцидозы бар пациенттерде тіркелген («Арнайы ескертулер» бөлімін қараңыз).
Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар
Симптомдары: емдік дозадан едәуір асып кететін Панзинорм® форте 20000 дозалары гиперурикозурия және гиперурикемия, жүрек айнуын, құсу, диарея, анус маңындағы терінің тітіркенуін және өте сирек - негізінен муковисцидозы бар пациенттерде фиброздаушы колонопатия туындатуы мүмкін.
Емі: препаратты тоқтату, сұйықты жеткілікті қабылдау, демеуші шаралар.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алғанда қажетті шаралар
Егер сіз тамақпен бірге дозаны қабылдауды ұмытып кетсеңіз, келесі тамақтануды күтіп, әдеттегі кестеге сай препаратты қабылдауды жалғастырыңыз.
Өткізіп алғанның орнын толтыру үшін препарат дозасын екі еселеп қабылдауға болмайды.
OPA/Al/PVC үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынады.
3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 С-ден аспайтын температурада, ылғалдан қорғалған жерде сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Наш сайт предлагает Вам возможность приобрести “Panzinorm forte таблеткалары 20000 бірлік №30” в аптеках городв . по доступным ценам. Удобное сопоставление стоимости, а также проверка доступности в аптеках. Информация о товаре включает в себя детальные инструкции и рекомендации по применению.
от
Ваша выгода до: 762₸
Выгода за счет лучшего поиска:
Средняя цена в Астане:
При заказе на Daribar от:
Ваша выгода до:
3102₸
2340₸
762₸