Қолдану көрсеткіштері
Сүт безінің бастапқы обыры (бСБО)
Перьета® препараты трастузумабпен және химиотерапиямен біріктірілімде келесілер үшін қолданылады:
сүт безінің HER2-оң жергілікті-таралған, ісік-инфильтрациялы немесе қайталану қаупі жоғары бастапқы обыры (бСБО) бар ересек пациенттердегі неоадъюванттық ем үшін
HER2-оң ересек пациенттердегі қайталану қаупі жоғары бСБО адъюванттық емі үшін.
Сүт безінің метастаздық обыры (мСБО)
Перьета® препараты трастузумабпен және доцетакселмен біріктірілімде сүт безінің HER2-оң метастаздық немесе жергілікті-қайталанатын, операция жасалмайтын обыры бар, бұрын метастаздық ауруына қатысты анти-HER2 емін немесе химиотерапия қабылдамаған ересек пациенттерді емдеу үшін қолданылады.