Состав
1 жасқа дейінгі балалар.
1 жасқа дейінгі балалар.
Тресиба® ФлексТач® препараты инсулин деглудек деп аталатын ұзақ әсер ететін негіздік инсулин түрінде болады. Оны ересектер, жасөспірімдер және 1 жасқа толған және одан үлкен балаларда қант диабетін емдеуге қолданады. Тресиба® ФлексТач® препараты қандағы қант деңгейін төмендетуге көмектеседі. Ол тәулігіне бір рет қабылданады.
осы дәрілік препараттың әсер етуші затына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық («Дәрілік препарат құрамы» бөлімінде тізбеленген)
1 жасқа дейінгі балалар.
Егер басқа дәрілік препараттарды қабылдап жүрсеңіз, таяуда қабылдасаңыз немесе қабылдауыңыз мүмкін болса, дәрігеріңізбен, фармацевт немесе медбикемен хабарласыңыз. Кейбір дәрілік препараттар қандағы қант деңгейіне ықпалын тигізеді, соның салдарынан инсулин дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Инсулинмен еміңізге ықпал ете алатын ең кең таралған дәрілік препараттар төменде тізбеленген.
Егер мыналарды қолдансаңыз, қаныңызда қант деңгейі күрт төмендеп кетуі мүмкін (гипогликемия):
қант диабетін емдеуге арналған басқа дәрілік препараттар (ішуге және инъекцияға арналған)
инъекциялық сульфаниламидтер
тестостерон сияқты анаболикалық стероидтар
бета-блокаторлар – жоғары артериялық қысымды төмендету үшін. Қандағы тым төмен қант деңгейінен сақтандыратын белгілерді айыру қиын болуы мүмкін («Қандағы тым төмен қант деңгейінің хабаршы- симптомдары» бөлімін қараңыз)
ацетилсалицил қышқылы (және басқа салицилаттар) – ауырсынуды жеңілдетуге және жеңіл қызбаға арналған
моноаминоксидаза (МАО) тежегіштері – депрессияны емдеу үшін
ангиотензин өзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштері – кейбір жүрек ауруларын немесе жоғары артериялық қысымды емдеу үшін.
Егер мыналарды қолдансаңыз, қаныңызда қант деңгейі күрт көтеріліп кетуі мүмкін (гипергликемия):
даназол – эндометриозды емдеу үшін
пероральді контрацептивтер – ұрықтануға қарсы таблеткалар
қалқанша без гормондары – қалқанша без ауруларын емдеу үшін
өсу гормоны – өсу гормоны тапшылығын жою үшін
глюкокортикоидтар, кортизонды қоса – қабынуды емдеу үшін
симпатомиметиктер, эпинефрин (адреналин), сальбутамол немесе тербуталин сияқты – бронх демікпесін емдеу үшін
Тресиба® ФлексТач® препараты және алкоголь
Егер алкоголь тұтынсаңыз, инсулин қажеттілігі өзгеруі мүмкін. Қаныңызда қант деңгейі не көтеріліп, не түсіп кетуі мүмкін. Сондықтан қандағы қант деңгейін әдеттегіден жиірек бақылап отыру қажет.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Егер жүкті болсаңыз (жүкті болуыңыз мүмкін деп санасаңыз немесе бала тууды жоспарласаңыз) немесе бала емізіп жүрсеңіз, осы дәрілік препаратты қолданар алдында өз дәрігеріңізбен немесе фармацевтпен кеңесіңіз. Жүктілік кезінде және босанудан соң инсулин дозасын түзету қажет болуы мүмкін. Жүктілік уақытында қант диабетін мұқият бақылау қажет. Сәбиіңіздің саулығы үшін қандағы қант деңгейін тым қатты төмендетіп алмау (гипогликемия) ерекше маңызды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Қандағы қант деңгейінің тым төмен немесе тым жоғары болуы көлік құралдарын басқару немесе аспаптармен әлде механизмдермен жұмыс істеу қабілетіңізге жайсыз ықпал етуі мүмкін. Егер қандағы қант деңгейі тым төмен немесе тым жоғары болса, зейін қою немесе шапшаң назар аудару қабілетіңізге нұқсан келуі мүмкін. Бұл немесе айналаңыздағы адамдарға қауіпті болуы мүмкін. Дәрігеріңізден мынаны сұраңыз, көлік құралдарын басқара аласыз ба, егер:
қандағы қант деңгейінің тым төмендеп кетуі жиі болса
қандағы қант деңгейінің тым қатты түсіп кеткенін айыру қиын болса.
Натрий мөлшері
Тресиба® ФлексТач® препаратында 1 ммоль (23 мг) мөлшерінен аз натрий/доза бар, яғни оның құрамында натрий мүлде жоқ деуге болады.
Инъекция орнындағы тері өзгерістері
Егер инсулиннің тым көп мөлшерін енгізіп қойсаңыз, қандағы қант деңгейі өте қатты түсіп кетуі мүмкін (гипогликемия), «Қандағы тым төмен қант деңгейі» деген ұсыныстарды қараңыз.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Дозаны өткізіп алған кезде препаратты енгізулер арасында, кем дегенде, 8 сағат үзілісті қамтамасыз ете отырып, өткізіп алған дозаны дереу енгізу қажет. Егер келесі дозаны енгізу қажет болатын тұста бұрынғы дозаны өткізу керек, өзіңізге әдеттегі енгізу кестесін ұстаныңыз, екі есе дозасын енгізбеңіз, ал препаратты тәулігіне бір рет енгізу кестесін жаңғырту керек.
Тоқтату симптомдары қаупінің болуына көрсетілім
Дәрігердің кеңесінсіз инсулинмен емделуді тоқтатпаңыз. Егер инсулин қолдануды тоқтатсаңыз, бұл қандағы қант деңгейінің өте жоғары деңгейіне және кетоацидозға (қанда қышқыл өте көп болатын жағдай) алып келуі мүмкін, ұсынымды «Қандағы тым жоғары қант деңгейі» деген бөлімде қараңыз.
Бір жағында галобутил резеңке/полиизопреннен жасалған дискілермен тығындалған және екінші жағында көп реттік инъекцияларға арналған пластик мультидозалы бір реттік шприц-қаламдарға дәнекерленген галобутилді резеңке поршендері бар I гидролитикалық класты шыны картридждерде 3 мл препараттан.
Әр шприц-қаламға өздігінен желімденетін заттаңба жапсырылады.
Көп реттік инъекцияларға арналған 5 пластик мультидозалы бір реттік шприц-қаламнан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
егер инсулин мөлдір немесе түссіз болып көрінбесе.
Енгізу әдісі және жолы
Тресиба® ФлексТач® препараты инъекция түрінде тері астына енгізіледі (теріастылық инъекция). Венаға немесе бұлшықетке енгізбеңіз.
Препарат енгізуге арналған ең үздік орын жамбастың, иықтың алдыңғы бөлігі немесе құрсақ қабырғасының алдыңғы жағы (іш) болып табылады.
Терінің домбығып немесе ойылып кетуінің даму қаупін төмендету үшін енгізу аумағының шегінде күн сайын енгізілетін жерді өзгертіңіз («ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін
30 ай
Аталған дәрілік препаратты шприц-қалам заттаңбасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін және картон қорапшадағы «дейін жарамды» деген сөзден кейін пайдаланбаңыз. Жарамдылық мерзімінің өткен күні көрсетілген айдың соңғы күні болып табылады.
Сақтау шарттары
Осы препаратты балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
2°C-ден 8°C-ге дейінгі температурада (тоңазытқышта) сақтау керек. Салқындататын элементтің қасында сақтауға болмайды. Мұздатып қатыруға болмайды.
Жарықтан қорғау үшін шприц-қаламды жабық қалпақшамен сақтау керек.
Алғашқы ашылуынан кейін
Тресиба® ФлексТач® препаратын, алдын ала толтырылған шприц-қаламды (ФлексТач®) үнемі өзіңізбен бірге алып жүріп, оны бөлме температурасында (30°C-ден аспайтын температурада) немесе тоңазытқышта (2°C–8°C температурада) 8 аптаға дейін сақтай аласыз.
Дәрілік препараттарды ешқашан кәріз жүйесіне немесе тұрмыс қалдықтарымен бірге тастамаңыз. Енді керек болмайтын дәрілік препараттарды қалай тастау керегін фармацевтіңізден біліңіз. Осы шаралар қоршаған ортаны қорғауға көмектеседі.
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Наш сайт предлагает Вам возможность приобрести “Tresiba Flextach шприц-қалам 100 ХБ/мл 3мл №5” в аптеках городв . по доступным ценам. Удобное сопоставление стоимости, а также проверка доступности в аптеках. Информация о товаре включает в себя детальные инструкции и рекомендации по применению.