Показания к применению
Триттико® ересек пациенттерде үреймен қатар жүретін немесе жүрмейтін депрессиялық бұзылыстарды емдеу үшін қолдануға арналған.
Триттико® ересек пациенттерде үреймен қатар жүретін немесе жүрмейтін депрессиялық бұзылыстарды емдеу үшін қолдануға арналған.
- тразодонға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- алкогольмен уыттану және ұйықтататын препараттармен уыттану
- жедел миокард инфарктісі
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.
Дозалау режимі
Тәуліктік доза 75 – 150 мг құрайды, кешке ұйықтар алдында қабылданады.
Дозаны тәулігіне екі рет қабылдаумен тәулігіне 300 мг дейін арттыруға болады.
Ауруханадағы пациенттер үшін дозаны тағы тәулігіне 600 мг дейін ұлғайтуға болады, көп реттік дозалар түрінде қабылданады.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге тразодонды қауіпсіздігі бойынша деректердің болмауына байланысты қабылдауға болмайды.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы адамдар үшін және денсаулығы нашар пациенттерге ұсынылған бастапқы доза тәулігіне 100 мг құрайды, бөлінген дозалар түрінде немесе ұйықтар алдында бір рет қабылданады. Дозаны препараттың жағымдылығы мен тиімділігін ескере отырып біртіндеп ұлғайтуға болады. Пациенттердің осы тобы 100 мг асатын бір реттік дозаларды қабылдамауы тиіс.
Тәулігіне 300 мг артық дозаларды пайдалану қажеттілігі сирек туындады.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Тразодон қарқынды бауыр метаболизміне ұшырайды, препаратты қабылдау гепатоуыттылықпен астасуы мүмкін. Препаратты бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге, әсіресе ауыр дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігі болғанда сақтықпен тағайындау керек. Бауыр функциясына мерзімді мониторинг жүргізіп отыру қажет.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Әдетте дозаны түзету талап етілмейді, алайда ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге абайлап тағайындау керек.
Енгізу әдісі мен жолы
Пациенттің ауру ауырлығына, дене салмағына, жасына және денсаулығының жалпы күйіне байланысты дозаны біртіндеп арттыру үшін сызығы бар таблеткаларды үшке бөлуге болады.
Қабылдау уақытын көрсете отырып қолдану жиілігі
Емдеуді кейіннен тәуліктік дозаны көбейте отырып, препаратты кешкі қабылдаудан бастау керек.
Препаратты аш қарынға немесе тамақтан кейін қабылдауға болады.
Емдеу ұзақтығы
Препаратпен емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Ұсынылғаннан асатын дозаларда келесі симптомдар пайда болуы мүмкін:
- ұйқышылдық;
- бас айналуы;
- жүрек айнуы;
- құсу.
Күрделі жағдайларда келесі симптомдар пайда болуы мүмкін:
- кома;
- тахикардия (жүрек соғу жиілігінің жоғарылауы);
- артериялық гипотензия (төмен артериялық қысым);
- гипонатриемия (жалпы дімкәстікті туындататын қандағы натрий деңгейінің төменденуі);
- құрысулар;
- тыныс жеткіліксіздігі.
- жүрек тарапынан бұзылулар, соның ішінде брадикардия (жүрек соғу жиілігінің төмендеуі), аритмия (жүрек ырғағының бұзылуы). Симптомдар артық дозаланғаннан кейін 24 сағат ішінде немесе одан кейін пайда болуы мүмкін.
Триттико® препаратының жоғары дозасын абайсыз қабылдаған жағдайда бұл туралы дереу өзіңіздің дәрігеріңізге хабарлаңыз немесе жақын жердегі ауруханаға жүгініңіз.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған жағдайда қажетті шаралар
Өткізіп алған дозаны өтеу үшін қосарлы дозаны қабылдамаңыз.
Тоқтату симптомы қаупінің болуын көрсету
Тразодонмен емдеу курсын аяқтаған кезде, әсіресе бұл курс ұзақ болса, жүрек айнуын, бас ауыруын және жалпы дімкәстікті қамтитын препаратты тоқтату симптомдарының туындау ықтималдығын барынша азайту үшін препаратты толық тоқтатқанға дейін дозаны біртіндеп азайту ұсынылады.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Осы препаратты қолдану бойынша қандай да бір қосымша сұрақтар туындаған жағдайда өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
Әрбірінде 10 таблеткадан 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Наш сайт предлагает Вам возможность приобрести “Триттико таблеткалары 150 мг №20” в аптеках городв . по доступным ценам. Удобное сопоставление стоимости, а также проверка доступности в аптеках. Информация о товаре включает в себя детальные инструкции и рекомендации по применению.
от
Ваша выгода до: 474₸
Выгода за счет лучшего поиска:
Средняя цена в Астане:
При заказе на Daribar от:
Ваша выгода до:
7114₸
6640₸
474₸