daribar logo
Каталог
search-icon
Город
Қаз
Аптекам
Консультация

Корзина

Астане қаласындағы Тромбопол Таблеткалары 150 Мг №30 | Фармацевтический завод "ПОЛЬФАРМА" АО Производственный отдел в Новой Дембе

Астане қаласындағы Тромбопол Таблеткалары 150 Мг №30 |  Фармацевтический завод "ПОЛЬФАРМА" АО Производственный отдел в Новой Дембе

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Доставка или бронь на 24 часа

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage
Описание:

Ішекте еритін қабықпен қапталған, қызғылт түсті, екі беті дөңес дөңгелек таблеткалар

Международное наименование:

Ацетилсалицил қышқылы

Производитель:

Фармацевтический завод "ПОЛЬФАРМА" АО Производственный отдел в Новой Дембе

Страна производитель:

Польша

Действующее вещество:

қосымша заттар: ұнтақ тәрізді целлюлоза, жүгері крахмалы, натрий крахмалы гликоляты (С типі) қабықтың құрамы: гипромеллоза, Acryl-еze® қызғылт: метакрил қышқылының сополимері, тальк, титанның қостотығы (Е171), триэтилцитрат (Е1505), понсо 4R (Е124), коллоидты кремнийдің қостотығы (аэросил) (Е551), натрий гидрокарбонаты, натрий лаурилсульфаты

Дозировка активного вещества:

150 мг

Лекарственная форма:

Ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткалар, 150 мг

Количество в упаковке:

30 шт.

Аналоги

Инструкция

Состав

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 150.00 мг ацетилсалицил қышқылы,

қосымша заттар: ұнтақ тәрізді целлюлоза, жүгері крахмалы, натрий крахмалы гликоляты (С типі)

қабықтың құрамы: гипромеллоза, Acryl-еze® қызғылт: метакрил қышқылының сополимері, тальк, титанның қостотығы (Е171), триэтилцитрат (Е1505), понсо 4R (Е124), коллоидты кремнийдің қостотығы (аэросил) (Е551), натрий гидрокарбонаты, натрий лаурилсульфаты

Показания к применению

Жүректің жедел және созылмалы ишемиялық ауруы.

Противопоказания

Тромбопол келесі жай-күйлері/аурулары бар пациенттерге қарсы көрсетілімде:

салицилаттарға, қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға (ҚҚСП) немесе қосымша заттарының кез келгеніне белгілі немесе күдік болған аса жоғары сезімталдық

қан кетулерге бейімділік (К дәруменінің тапшылығы, тромбоцитопения, гемофилия)

белсенді ойық жара ауруы

бүйрек функциясының ауыр бұзылулары (ШСЖ <0,2 мл/с

(10 мл/мин))

бауыр функциясының ауыр бұзылулары

жүрек функциясының ауыр бұзылулары

жүктіліктің үшінші триместріндегі 100 мг/тәулік астам дозалар

қызбасы бар 15 жасқа дейінгі балалар (Рейе синдромы дамуының қаупі)

Меры предосторожности

Жағымсыз әсерлердің даму қаупінің жоғарылығына байланысты басқа ҚҚСП бірге Тромбополды ұзақ уақыт қолданудан аулақ болу керек.

Тромбопол 2 жасқа дейінгі балаларда дәрігердің тағайындауынсыз қолданылмауы тиіс.

Асқазан-ішектен қан кету қаупіне байланысты ауырсыну, қабыну, қызба және ревматизм аурулары жағдайында егде жастағы пациенттерде ұзақ уақыт қолданудан аулақ болу керек. Жүректің жедел немесе созылмалы ишемиялық ауруы мен инсультті емдеу үшін, сондай-ақ асқазан-ішектен қан кету қаупіне байланысты инсульт пен жүректің ишемиялық ауруының профилактикасы үшін егде жастағы пациенттерде ацетилсалицил қышқылының (АСҚ) төмен дозаларын сақтықпен қолдану керек. 15 жасқа дейінгі балалардағы вирустық инфекцияларды емдеу үшін дәрігердің кеңесі болмай тұрып, құрамында АСҚ бар өнімдер қолданылмауы тиіс. Кейбір вирустық аурулар, әсіресе А тұмауы, В тұмауы және желшешек Рейе синдромының даму қаупімен байланысты, бұл өте сирек кездесетін, бірақ өмірге қауіптілігі зор, дереу емдеуді қажет ететін ауру. Қауіп АСҚ бір мезгілде қолдану жолымен ұлғаюы мүмкін, бірақ себеп-салдарлық байланысы әлі анықталмаған. Егер осы аурулармен байланысты тұрақты түрде құсу пайда болса, бұл Рейе синдромының белгісі болуы мүмкін.

Егер қан кетудің жоғарылау қаупі ишемия қаупінен асып кетсе, жоспарлы хирургиялық араласудан бірнеше күн бұрын төмен дозада емдеуді тоқтату керек пе, соны ескеру қажет.

АСҚ бронх түйілуін тудыруы мүмкін және демікпе ұстамаларын немесе басқа аллергиялық реакцияларды тудыруы ықтимал. Қауіп факторларына бұрыннан бар демікпе, пішен қызбасы, мұрын полиптері және созылмалы респираторлық аурулар жатады. Бұл сондай-ақ басқа дәрілерге аллергиялық реакциялар (мысалы, тері реакциялары, қышыну және есекжем) білінетін пациенттерге де қатысты. Сондықтан Тромбополды басқа анальгетиктерге/қабынуға қарсы препараттарға/ревматизмге қарсы дәрілік затттарға сезімталдығы жоғары пациенттерде және басқа аллергиялары болған кезде ерекше сақтықпен қолдану керек.

Келесі жағдайларда ерекше сақ болу керек:

асқазан-ішек жолдарының шырышты қабығының аурулары, диспепсияға бейімділік

антикоагулянттармен бір мезгілде емдеу (К дәрумені антагонистерімен және гепаринмен)

Специальные указания

Қосымша заттар

Бұл дәрілік препараттың әр таблеткасының құрамында 1 ммольден аз натрий (23 мг) бар, яғни құрамында натрий жоқ дерлік.

Тромбопол құрамында аллергиялық реакция тудыруы мүмкін понсо 4R (Е124) бояғышы бар.

Педиатрияда қолдану

жасқа дейінгі балаларда дәрігердің тағайындауынсыз қолдануға

болмайды.

Қызбасы бар 15 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды

Жүктілік немесе лактация кезінде

Төмен дозалар (тәулігіне 100 мг дейін)

Клиникалық зерттеулер тәулігіне 100 мг-ға дейінгі дозалардың арнаулы бақылауды қажет ететін, белгілі бір акушерлік жағдайларда қолдануға қауіпсіз болатынын көрсетеді.

Тәулігіне 100-500 мг дозалар

Күніне 100-ден 500 мг-ға дейінгі дозаларда клиникалық тәжірибе жеткіліксіз, сондықтан тәулігіне 500 мг немесе одан жоғары дозаға арналған ұсыныстарды орындау қажет (төменде келтірілген).

Күніне 500 мг немесе одан жоғары дозалар

Үшінші триместрде:

Жүктіліктің үшінші триместрінде простагландин синтезінің тежегіштері қарсы көрсетілімде, өйткені шарананы келесілерге ұшыратуы мүмкін:

жүректің уыттануы (артериялық түтіктің мерзімінен бұрын жабылуы және өкпе гипертониясы)

бүйрек жеткіліксіздігіне және тиісінше қағанақ суы азаюына әкелуі мүмкін бүйрек дисфункциясы

Жүктіліктің соңына қарай простагландин синтезінің тежегіштері, сондай-ақ анасы мен жаңа туған нәрестені келесілерге ұшыратуы ықтимал:

қан кету уақытының ұзаруы, соның салдарынан тіпті өте төмен дозаларда болуы мүмкін тромбоциттер агрегациясының төмендеу мүмкіндігі

босанудың кешеуілдеуіне немесе ұзаққа созылуына әкелуі мүмкін жатырдың жиырылу қабілетінің тежелуі

Бірінші және екінші триместр:

Простагландин синтезінің тежегіштерін қатаң көрсетілімдер болған жағдайда ғана қолдануға болады және дозасы мүмкіндігінше төмен болуы, ал емдеу мерзімі мүмкіндігінше қысқа болуы тиіс.

Жоғарыда аталған себептерге байланысты жүктіліктің үшінші триместрінде АСҚ тәулігіне 100 мг немесе одан жоғары дозада қолдануға болмайды.

Бала емізу кезінде пайдалану тәжірибесі жоқ. Емшек сүтімен емізу кезеңінде АСҚ тағайындамас бұрын, емшек еметін жастағы балалар үшін потенциалды қаупіне қатысты препаратпен емнің ықтимал пайдасын бағалау керек.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Анықталмаған.

Тромбопол машиналарды жүргізу және пайдалану қабілетіне әсер етпейді немесе елеусіз әсер етеді.

Рекомендации по применению

Дозалау режимі

Ересектер:
Күніне 150 мг

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

2 жасқа дейінгі балаларда дәрігердің тағайындауынсыз қолдануға болмайды.

Бауыр функциясы бұзылған пациенттер

Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолданылмауы тиіс. Бауыр функциясы бұзылған пациенттерді емдеу кезінде дозаны түзету қажет болуы мүмкін .

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер

Бүйрек функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерде қолданылмауы тиіс (шумақтық сүзіліс жылдамдығы (ШСЖ) <0,2 мл / с (10 мл/мин)). Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерді емдеу кезінде дозаны түзету қажет болуы мүмкін .

Енгізу әдісі және жолы

Ішке қабылдауға арналған.

Ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткаларды тамақтан кейін, оларды тұтасымен жұта отырып қабылдау керек.

Ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткаларды қолданғанда ацетилсалицил қышқылының (АСҚ) асқазанға жағымсыз реакциялары азаяды. Сондықтан, ешқандай жағдайда ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткаларды бөлуге болмайды.

Емдеу ұзақтығы

Ұзақ пайдаланған кезде препаратты болуы мүмкін ең аз дозада қолдану керек.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Уыттылық
Қауіпті дозасы
Ересектер: 300 мг/кг.

Балалар: 2 күннен астам уақыт бойы күніне 100 мг/кг қарағанда, бір доза 150 мг/кг немесе одан көп.

Әдетте, салицилаттармен жеңіл дәрежедегі созылмалы улану тек жоғары дозаларды ұзақ уақыт қабылдағаннан кейін ғана пайда болады.

Симптомдары

Салицилаттармен созылмалы улану әдетте тек жоғары дозаларды ұзақ уақыт қабылдағаннан кейін ғана пайда болады.

Қызба, тахипноэ, құлақтағы шуыл, респираторлық алкалоз, метаболизмдік ацидоз, сылбырлық, орташа сусыздану, жүрек айнуы және құсу.
Салицилаттармен ауыр немесе жедел уланудың симптомдары гипогликемия (әсіресе балаларда), энцефалопатия, кома, гипотензия, өкпе ісінуі, құрысулар, коагулопатиялар, мидың ісінуі және жүрек ырғағының бұзылуы болып табылады.

АСҚ жедел уыттану (>300 мг/кг) көбінесе жедел бүйрек жеткіліксіздігін тудырады, ал 500 мг/кг-дан жоғары дозалар өлімге әкелуі мүмкін.

Уыттану әдетте созылмалы артық дозаланған пациенттерде немесе дәрілік заттарды шамадан тыс қабылдайтындарда, сондай-ақ егде жастағы пациенттерде немесе балаларда ауырлау болады.

Емі

АСҚ жедел артық дозалануы жағдайында асқазан босатылуы тиіс. Егер 120 мг/кг-дан астам қабылданды деген күдік болса, белсендірілген көмірдің қайталама дозалары енгізілуі мүмкін. Сарысулық салицилат қабылдағаннан кейін кем дегенде әр 2 сағат сайын және салицилат деңгейі тұрақты төмендей бастағанға дейін, ал қышқыл-сілтілік теңгерім жақсарғанға дейін өлшенуі тиіс.

Протромбиндік уақыт және/немесе халықаралық қалыптасқан қатынас (ХҚҚ), атап айтқанда, егер қан кетуге күдік болса, бақылануы тиіс.
Су-электролит теңгерімі қалпына келтірілуі керек. Сілтілік диурез және гемодиализ плазмадан салицилатты шығарудың тиімді әдісі болып табылады. Гемодиализ ауыр уыттану жағдайында қарастырылуы тиіс, өйткені ол

Передозировка

Уыттылық
Қауіпті дозасы
Ересектер: 300 мг/кг.

Балалар: 2 күннен астам уақыт бойы күніне 100 мг/кг қарағанда, бір доза 150 мг/кг немесе одан көп.

Әдетте, салицилаттармен жеңіл дәрежедегі созылмалы улану тек жоғары дозаларды ұзақ уақыт қабылдағаннан кейін ғана пайда болады.

Симптомдары

Салицилаттармен созылмалы улану әдетте тек жоғары дозаларды ұзақ уақыт қабылдағаннан кейін ғана пайда болады.

Қызба, тахипноэ, құлақтағы шуыл, респираторлық алкалоз, метаболизмдік ацидоз, сылбырлық, орташа сусыздану, жүрек айнуы және құсу.
Салицилаттармен ауыр немесе жедел уланудың симптомдары гипогликемия (әсіресе балаларда), энцефалопатия, кома, гипотензия, өкпе ісінуі, құрысулар, коагулопатиялар, мидың ісінуі және жүрек ырғағының бұзылуы болып табылады.

АСҚ жедел уыттану (>300 мг/кг) көбінесе жедел бүйрек жеткіліксіздігін тудырады, ал 500 мг/кг-дан жоғары дозалар өлімге әкелуі мүмкін.

Уыттану әдетте созылмалы артық дозаланған пациенттерде немесе дәрілік заттарды шамадан тыс қабылдайтындарда, сондай-ақ егде жастағы пациенттерде немесе балаларда ауырлау болады.

Емі

АСҚ жедел артық дозалануы жағдайында асқазан босатылуы тиіс. Егер 120 мг/кг-дан астам қабылданды деген күдік болса, белсендірілген көмірдің қайталама дозалары енгізілуі мүмкін. Сарысулық салицилат қабылдағаннан кейін кем дегенде әр 2 сағат сайын және салицилат деңгейі тұрақты төмендей бастағанға дейін, ал қышқыл-сілтілік теңгерім жақсарғанға дейін өлшенуі тиіс.

Протромбиндік уақыт және/немесе халықаралық қалыптасқан қатынас (ХҚҚ), атап айтқанда, егер қан кетуге күдік болса, бақылануы тиіс.
Су-электролит теңгерімі қалпына келтірілуі керек. Сілтілік диурез және гемодиализ плазмадан салицилатты шығарудың тиімді әдісі болып табылады. Гемодиализ ауыр уыттану жағдайында қарастырылуы тиіс, өйткені ол

Побочные действия

Өте жиі

қан кетудің ұзартылған уақыты

тромбоциттер агрегациясының тежелуі

қыжыл, қышқылдық рефлюкс, іштің ауыруы

Жиі

қан кетуге жоғары бейімділік

бас ауруы

демікпесі бар пациенттердегі бронх түйілуі

асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөлігіндегі эритема және эрозия, жүрек айну, диспепсия, құсу, диарея

ұйқысыздық

Жиі емес

жасырын қан кету

вертиго (бас айналуы), ұйқышылдық

құлақтағы шуыл

ентігу

асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөлігіндегі ойық жара және қан кетулер,қан аралас құсу, мелена (қара нәжіс)

аллергиялық реакциялар (есекжем, ангионевроздық ісіну )

анафилаксиялық реакциялар

Сирек

трансаминаза мен сілтілі фосфатаза мәндерінің жоғарылауы

ұзақ емдеудегі анемия, глюкоза-6-фосфат дегидрогеназасының туа біткен тапшылығы бар кездегі гемолиз

миішілік қан кетулер

естудің дозаға байланысты қайтымды жойылуы және кереңдік (плазмадағы төменірек концентрацияда)

асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөлігіндегі ауыр дәрежедегі қан кетулер және тесілу

Форма выпуска

ПВХ/ПВДХ (поливинилхлоридті/поливинилденхлоридті) үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салады.

Пішінді ұяшықты 3 немесе 6 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Дәрілік препараты бар қорапшаларды картон қораптарға салады

Условия хранения

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада

сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Срок годности

1 жыл 6 ай

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Детали покупки

Оплата

При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

График изменения цены на «тромбопол таблеткалары 150 мг №30» в Астане

017034051068085012-0217-0222-0227-0204-0309-0314-0319-0324-0329-033-048-0413-0418-0423-0428-043-058-0513-0518-0523-0528-052-067-0612-0617-0622-0627-062-077-0712-0717-0722-0727-071-086-0811-0816-0821-0826-0831-085-0910-0915-09
Средняя цена
Минимальная цена

Уникальные возможности покупки на Daribar.kz

Наш сайт предлагает Вам возможность приобреститромбопол таблеткалары 150 мг №30в аптеках городв . по доступным ценам. Удобное сопоставление стоимости, а также проверка доступности в аптеках. Информация о товаре включает в себя детальные инструкции и рекомендации по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация
740

от

Ваша выгода до: 187

i

Выгода за счет лучшего поиска:

Средняя цена в Астане:

При заказе на Daribar от:

Ваша выгода до:

927

740

187

В корзину

Содержание

Кратко о товареАналогиИнструкцияДетали покупкиГрафик изменения цены на «тромбопол таблеткалары 150 мг №30» в Астане

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube