Показания к применению
- ішкі және сыртқы геморрой
- анальді сызаттар
- проктит

- ішкі және сыртқы геморрой
- анальді сызаттар
- проктит
- препараттың белсенді, әсіресе цинхокаин гидрохлоридіне немесе кез келген компоненттеріне аса жоғарғы сезімталдық
- препарат жағылған аймақтағы туберкулездік немесе мерездік процесстер
- вирустық аурулар (желшешек) және поствакцинальді тері реакциялары
- жүктіліктің I триместрі
Ультрапрокт® препаратын көздің шырышты қабығына байқамай тигізіп алудан сақтаныңыз. Қолданудан кейін қолды жақсылап жуу керек.
Құрамында кобицистат бар препараттарды қоса, CYP3A изоферменті тежегіштерімен бірге қолдану жүйелі жағымсыз әсерлерінің туындау қаупін потенциалды жоғарылатады. Бұл біріктірілімді пайдасы жүйелі кортикостероидтардың жағымсыз әсерлері қаупінен астам болмаған жағдайларда қолданудан аулақ болу керек, және пациенттерге тиісінше мониторинг жүргізу керек.
Дозалау режимі
Ультрапрокт ® жақпамайын күніне екі рет жұқалап жағады, бірінші күні симптоматиканы жылдам жеңілдету үшін үш немесе төрт ретке дейін пайдалану керек. Ауру қайталанбауы үшін Ультрапрокт® препаратын кем дегенде тағы бір апта бойы, аз жиілікпен, (күніне 1 рет) симптомдар толық жойылса да, қолдану керек. Әдетте жақсару жылдам туындайды, бірақ ол емдеудің тым жылдам тоқтатылуына негіз болмауы керек. Алайда, емдеу ұзақтығы мүмкіндігінше 4 аптадан аспауы керек.
Енгізу әдісі мен жолы
Ультрапрокт® жақпамайын қолданар алдында анустық аймақты мұқият тазарту керек.. Ең дұрысы, Ультрапрокт® препаратын дефекациядан кейін қолданған жөн.
Ректальді жақпамайдың аздаған мөлшерін (шамамен өлшемі бұршақ дәніндей), анус маңына және артқы өтіс тесігіне жағу керек. Жақпамайды тік ішекке енгізу үшін қоса берілген ұштықты пайдалану керек. Алайда, жедел ауыруды туындататын қатты қабыну кезінде алдымен жақпамайды саусақпен жағу ұсынылады.
Емдеу ұзақтығы
Емдеудің ұзақтығы мүмкіндігінше 4 аптадан аспауы тиіс.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Флуокортолон және цинхокаин гидрохлоридінің күрделі эфирлерінің жедел уыттылығына жүргізілген зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес Ультрапрокт® препаратын бір рет ректальді немесе перианальді қолданғанда, тіптен кездейсоқ артық дозаланғанда да жедел уыттанудың біліну мүмкіндігі төмен.
Симптомдары: препаратты кездейсоқ пероральді қабылдағанда (мысалы, жақпамайдың біршама граммын немесе бірнеше суппозиторийді жұтып қойған кезде) негізінен цинхокаин гидрохлоридінің соматикалық сипатта жағымсыз әсерлерінің білінуі, бұл дозаға байланысты ауыр жүрек-қантамырлық симптомдары (жүрек қызметінің тоқтап қалуына дейін) және орталық жүйке жүйесі бұзылу симптомдары (құрысулар, тыныс алу функциясы тоқтауына дейін тежелуі) түрінде байқалуы ықтимал.
Емі: симптоматикалық.
30 г ламинацияланған жабыны бар алюминий сықпада. 1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және арнайы пластик ұштықпен бірге картон қорапшаға салынады.
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Наш сайт предлагает Вам возможность приобрести “Ультрапрокт жақпа 30 г” в аптеках городв . по доступным ценам. Удобное сопоставление стоимости, а также проверка доступности в аптеках. Информация о товаре включает в себя детальные инструкции и рекомендации по применению.