daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Караганде қаласындағы Амлипин Таблеткалары 5 Мг/5 Мг №30 | «Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш.»

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Қабықпен қапталған, қызыл түсті, дөңгелек, екі беті дөңес таблеткалар.

Өндіруші:

«Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш.»

Өндіруші ел:

Турция

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: жүгері крахмалы, кальций гидрофосфаты, лактоза моногидраты 25 мг, повидон (К30), натрий крахмал гликоляты, магний стеараты, қабықтың құрамы: гипромеллоза (Е15), титанның қостотығы (Е171), тазартылған тальк, темірдің (III) қызыл тотығы (Е172), пропиленгликоль 0.724 мг. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Қабықпен қапталған, қызыл түсті, дөңгелек, екі беті дөңес таблеткалар.

Белсенді заттың дозасы:

5 мг/5 мг

Дәрілік түрі:

Қабықпен қапталған таблеткалар, 5 мг/5 мг

Қаптамадағы саны:

30 шт.

Аналогтары

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Ересектерде эссенциальді артериялық гипертензияны емдеуде.

Амлипин препараты ересек пациенттерде артериялық қысымды (АҚ) тиісті бақылауды қамтамасыз ететін дозаларда, амлодипин мен лизиноприлді бір мезгілде бөлек қабылдауға балама ретінде көрсетілген.

Қарсы көрсеткіштер

Амлодипин

- амлодипинге немесе басқа қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық

- ауыр артериялық гипотензия

- шок (оның ішінде кардиогенді шок)

- сол жақ қарыншаның шығу жолының обструкциясы (мысалы, ауыр дәрежедегі аорталық стеноз)

- жедел миокард инфарктісінен кейін гемодинамикалық тұрғыдан тұрақсыз жүрек жеткіліксіздігі

Лизиноприл

- лизиноприлге немесе ангиотензин түрлендіретін ферменттің басқа тежегіштеріне (АӨФ тежегіштері) аса жоғары сезімталдық;

- АӨФ тежегіштерін қолданумен байланысты анамнездегі ангионевроздық ісіну;

- сакубитрил мен валсартан біріктірілімін бір мезгілде қолдану (лизиноприлмен емдеуді сакубитрил мен валсартан біріктірілімінің соңғы дозасын қабылдағаннан кейін кемінде 36 сағаттан кейін бастаған жөн);

- тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық ангионевроздық ісіну;

- жүктіліктің II және III триместрі;

- құрамында алискирен бар препараттарды бір мезгілде қолдану (қант диабеті немесе бүйрек жеткіліксіздігі (шумақтық сүзілу жылдамдығы (ШСЖ) 60 мл/мин/1,73 м 2 кем)).

Амлипин

- жүктілікті жоспарлау, жүктілік және лактация кезеңдері.

Амлодипин мен лизиноприлді қолданумен байланысты жоғарыда көрсетілген барлық қарсы көрсетілімдер Амлипин препаратына жатады.

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Амлодипин мен лизиноприлді қолданумен байланысты төменде көрсетілген барлық ескертулер мен сақтық шаралары Амлипин препаратына жатады. Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Амлодипин

Басқа дәрілік заттардың амлодипинге әсері

CYP3A4 тежегіштері

Күшті немесе орташа CYP3A4 тежегіштерімен (протеаза тежегіштері, азолдар тобының зеңге қарсы препараттары, эритромицин немесе кларитромицин, верапамил немесе дилтиазем сияқты макролидтер тобының антибиотиктері) бірге қолданғанда амлодипиннің жүйелік әсері едәуір артуы мүмкін, осыған байланысты артериялық гипотензияның даму қаупі артады. Жоғарыда аталған фармакокинетикалық дәрілік өзара әрекеттесулердің клиникалық көріністері егде жастағы пациенттерде анағұрлым айқын болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда пациенттердің клиникалық жағдайына мониторинг жүргізген жөн, сондай-ақ амлодипин дозасын түзету қажеттілігі туындауы мүмкін.

CYP3A4 индукторлары

CYP3A4 индукторларымен бір мезгілде қолданғанда қан плазмасындағы амлодипин концентрациясының мәні өзгеруі мүмкін. Сондықтан АҚ-ны бақылау және қажет болған жағдайда, амлодипин дозасын CYP3A4 индукторларымен, әсіресе күшті CYP3A4 индукторларымен (мысалы, рифампицин және құрамында шайқурай (Hypericum perforatum)бар препараттар) біріктіріп пайдалану кезінде де, одан кейін де түзету керек.

Амлодипинді грейпфрутпен немесе грейпфрут шырынымен бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды, себебі кейбір пациенттерде бұл ретте дәрілік заттың биожетімділігі артуы және оның гипотензивті әсері күшеюі мүмкін.

Дантролен (инфузия)

Зерттеулерде верапамил мен дантроленді (вена ішіне инфузия) енгізген кезде гиперкалиемиямен байланысты өліммен аяқталатын қарыншалар фибрилляциясы және жүрек-қантамыр коллапсы дамитыны анықталды. Гиперкалиемияның даму қаупіне байланысты дантроленді амлодипин сияқты КӨБ-мен бір мезгілде қатерлі гипертермияның дамуына бейімділігі бар пациенттерде, сондай-ақ қатерлі гипертермияны емдеу кезінде тікелей қолданудан аулақ болу ұсынылады.

Амлодипиннің басқа дәрілік заттарға әсері

Амлодипин гипотензивті әсері бар басқа дәрілік заттармен бірге қолданғанда АҚ төмендеуіне қатысты аддитивті әсер етеді.

Такролимус

Амлодипинмен бір мезгілде қолданғанда қандағы такролимус концентрациясының жоғарылау қаупі болады, мұның фармакокинетикалық өзара әрекеттесу механизмі толықтай зерттелмеген. Амлодипинді такролимуспен бірге қолдану қажеттілігі туындаған жағдайларда такролимустың уытты әсерінің дамуын болдырмау мақсатында оның қандағы концентрациясын бақылау және қажет болған кезде дозаны түзету керек.

Рапамицин туындылары

Сиролимус, темсиролимус және эверолимус сияқты рапамицин туындылары CYP3A субстраттары болып табылады, ал амлодипин әлсіз CYP3A тежегіші болып табылады. Сондықтан амлодипинмен бір мезгілде қолданғанда рапамицин туындыларының жүйелік әсері артуы мүмкін.

Циклоспорин

Циклоспориннің ең төменгі концентрацияларының ауытқымалы артуы (орташа алғанда 0-ден 40 %-ға дейін) байқалған, бүйрек трансплантациясын бастан өткерген пациенттерден басқа, дені сау адамдарда немесе басқа популяцияларда циклоспорин мен амлодипиннің өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілген жоқ. Бүйрек трансплантациясын жасатқан пациенттерде амлодипин мен циклоспоринді бірге қолданған кезде қандағы циклоспорин концентрациясына мониторинг жүргізу, сондай-ақ қажет болған жағдайда оның дозасын төмендету керек.

Симвастатин

Амлодипинмен (10 мг) бір мезгілде көп рет қолданған кезде симвастатиннің (80 мг) жүйелік әсері симвастатинмен монотерапия кезіндегі осындай әсермен салыстырғанда 77% - ға артты. Амлодипинмен ем алатын пациенттерде симвастатин дозасы тәулігіне 20 мг аспауы тиіс.

Амлодипин аторвастатиннің, дигоксиннің және варфариннің фармакокинетикалық параметрлеріне әсер етпеді.

Лизиноприл

Гипотензивті дәрілер

Лизиноприлді басқа гипотензивті дәрілермен (мысалы, нитроглицерин немесе басқа нитрат тәрізді заттар, басқа вазодилататорлар) бір мезгілде пайдаланған кезде АҚ-ның төмендеуіне қатысты дәрілік заттардың аддитивті әсері байқалуы мүмкін.

Зерттеулер деректері АӨФ тежегіштерін , АРБ немесе алискиренді біріктіріп қолдану (РААЖ қосарлы блокадасы) РААЖ-ға әсер ететін дәрілік заттармен жүргізілетін монотерапиямен салыстырғанда артериялық гипотензия, гиперкалиемия және бүйрек функциясының төмендеуі (жедел бүйрек жеткіліксіздігін қоса) сияқты жағымсыз реакциялар туындауының анағұрлым жоғары жиілігімен байланысты екенін көрсетеді.

Қолдану кезінде ангионевроздық ісінудің даму қаупін ұлғайтатын дәрілік заттар

АӨФ тежегіштерін сакубитрил және валсартан біріктірілімімен бірге қолдану ангионевроздық ісінудің даму қаупінің жоғарылауына байланысты қарсы көрсетілген.

АӨФ тежегіштерін рапамицин туындыларымен (мысалы, темсиролимус, сиролимус, эверолимус), бейтарап эндопептидаза тежегіштерімен (мысалы, ракекадотрил), вилдаглиптинмен немесе плазминогеннің тіндік активаторымен бір мезгілде қолданғанда ангионевроздық ісінудің даму қаупі артуы мүмкін.

Диуретиктер

Лизиноприлмен ем алатын пациенттерде диуретиктерді пайдаланған кезде, әдетте, АҚ төмендеуіне қатысты дәрілік заттардың аддитивті әсері байқалады.

Жекелеген жағдайларда диуретиктермен ем алатын пациенттерде, әсіресе қысқа уақыт ішінде, емдеу схемасына лизиноприл қосылған кезде АҚ-ның елеулі төмендеуі байқалуы мүмкін. Егер лизиноприлмен емдеуді бастар алдында диуретиктерді пайдалануды тоқтатса, симптоматикалық артериялық гипотензияның даму қаупі барынша азайтылуы мүмкін.

Құрамында калий бар препараттар, калий сақтайтын диуретиктер, құрамында калий бар тұз алмастырғыштар және қан сарысуындағы калий деңгейін жоғарылататын басқа да дәрілік заттар

Әдетте, лизиноприлмен ем алатын пациенттерде қан сарысуындағы калий концентрациясы қалыпты мәндер шегінде болса да, жекелеген жағдайларда гиперкалиемия байқалуы мүмкін. Калий сақтайтын диуретиктерді (мысалы, спиронолактон, триамтерен немесе амилорид), құрамында калий бар препараттарды немесе құрамында калий бар тұз алмастырғыштарды лизиноприлмен бірге қолданғанда, әсіресе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде қан сарысуындағы калий концентрациясы едәуір артуы мүмкін. Лизиноприлді қан сарысуындағы калий деңгейін жоғарылатуы мүмкін басқа дәрілік заттармен, мысалы, триметоприм және ко-тримоксазолмен (триметоприм мен сульфаметоксазолдың біріктірілімі) құрамдастырылған пайдалану кезінде сақ болу керек (триметоприм калий сақтайтын диуретик амилоридке ұқсас әсер етуі мүмкін). Лизиноприлдің жоғарыда аталған біріктірілімдерін қолдану ұсынылмайды; мұндай біріктірілімдерді пайдалану қажет болған жағдайда сақтық таныту керек және қан сарысуындағы калий деңгейін жиі бақылау керек.

Лизиноприлді организмнен калийді шығаратын диуретиктермен біріктіріп қолданғанда, диуретиктерді қабылдаумен байланысты гипокалиемия төмендеуі мүмкін.

Циклоспорин

АӨФ тежегіштері мен циклоспоринді біріктіріп қолданған кезде гиперкалиемия дамуы мүмкін, сондықтан осындай біріктірілімдерді қолданған кезде қан сарысуындағы калий деңгейін бақылау ұсынылады.

Гепарин

АӨФ тежегіштері мен гепаринді бірге қолданғанда гиперкалиемия дамуы мүмкін, сондықтан осындай біріктірілімдерді пайдаланған кезде қан сарысуындағы калий деңгейін бақылау ұсынылады.

Литий препараттары

АӨФ тежегіштерін литий препараттарымен бір мезгілде қолданған кезде қан сарысуындағы литий концентрациясының қайтымды жоғарылауы және оның уытты әсері туралы хабарланды. Тиазидті диуретиктермен бірге пайдаланған кезде литийдің уытты әсерінің даму қаупі артуы мүмкін, бұл ретте АӨФ тежегіштерін қолдану аясында дамитын литиймен уыттанудың ауырлығы артуы мүмкін. Лизиноприлді литий препараттарымен бірге қолдану ұсынылмайды, алайда, егер мұндай біріктірілімдерді пайдалану қажет болса, қан сарысуындағы литийдің деңгейін мұқият бақылау керек.

Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер (ҚҚСД), оның ішінде ацетилсалицил қышқылы тәулігіне 3 г және одан астам дозаларда

ҚҚСД-мен бір мезгілде қолданғанда (мысалы, қабынуға қарсы әсері бар дозалардағы ацетилсалицил қышқылы, 2-типті циклооксигеназаның селективті тежегіштері және селективті емес ҚҚСД) АӨФ тежегіштерінің гипотензивті әсері төмендеуі мүмкін. АӨФ және ҚҚСД тежегіштерін біріктіріп қолданған кезде бүйрек функциясының бұзылу ауырлығы артуы мүмкін, жедел бүйрек жеткіліксіздігінің дамуын қоса алғанда, сондай-ақ қан сарысуындағы калий концентрациясы, әсіресе бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде жоғарылауы мүмкін; жоғарыда көрсетілген өзгерістер, әдетте, қайтымды сипатта болады; Мұндай біріктірілімдерді, әсіресе егде жастағы пациенттерде сақтықпен қолдану керек. АӨФ тежегіштерімен және ҚҚСД-мен біріктірілген ем алатын пациенттерде емдеудің бастапқы кезеңінде және кейіннен емдеу процесінде бүйрек функциясын бақылау керек, сондай-ақ пациенттер сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін тұтынуы тиіс.

Алтын препараттары

Алтын препараттарының инъекциялық нысандарын (мысалы, натрий уротиомалаты) пайдалану салдарынан дамитын және айтарлықтай білінетін вазодилатацияның симптомдары, оның ішінде ысынулар, жүрек айнуының, бас айналудың және артериялық гипотензияның симптомдары АӨФ тежегіштерімен ем қабылдайтын пациенттерде жиі байқалады.

Трициклді антидепрессанттар / психозға қарсы дәрілер/ анестезияға арналған дәрілер

Анестезияға арналған кейбір дәрілермен, трициклді антидепрессанттармен және психозға қарсы дәрілермен біріктіріп қолданған кезде АӨФ тежегіштерінің гипотензивті әсері артуы мүмкін.

Симпатомиметиктер

Симпатомиметиктермен бірге қолданғанда АӨФ тежегіштерінің гипотензивті әсері төмендеуі мүмкін.

Гипогликемиялық дәрілер

Эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижелері АӨФ тежегіштерімен бір мезгілде қолданған кезде гипогликемиялық дәрілердің (инсулин және пероральді гипогликемиялық дәрілер) әсері артуы мүмкін, бұл ретте гипогликемияның даму қаупі артады. Біріктірілген емнің алғашқы апталарында және бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде жоғарыда көрсетілген өзгерістердің пайда болу қаупі артады.

Ацетилсалицил қышқылы, тромболитиктер, β-блокаторлар, нитрат тәрізді заттар

Лизиноприлді антиагрегантты әсер ететін дозаларда ацетилсалицил қышқылымен, тромболитиктермен, β-блокаторлармен және/немесе нитрат тәрізді дәрілермен бір мезгілде қолдануға болады.

Амлипин

Амлодипинмен және лизиноприлмен байланысты жоғарыда аталған барлық өзара әрекеттесулер Амлипин препаратына жатады.

Арнайы ескертулер

Амлодипин

Гипертензивті кризі бар пациенттерде амлодипинді қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Амлодипинді жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде сақтықпен қолданған жөн. Ауыр жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде ұзақ мерзімді плацебо-бақыланатын зерттеуде (Нью-Йорк кардиологиялық қауымдастығының (NYHA) жіктеуі бойынша III және IV класс) амлодипинмен ем қабылдаған пациенттер тобында өкпе ісінуінің пайда болу жиілігі плацебо ем қабылдаған пациенттер тобындағы көрсеткіштен асып түсті. Іркілісті жүрек жеткіліксіздігіне шалдыққан пациенттерде кальций өзекшелерінің блокаторларын (КӨБ), оның ішінде амлодипинді сақтықпен пайдалану керек, себебі бұл ретте жүрек-қантамыр асқынуларының және өліммен аяқталған жағдайдың даму қаупі артуы мүмкін.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде амлодипин үшін «концентрация-уақыт» қисығының астындағы аудан (AUC) мен жартылай шығарылу кезеңі мәндерінің жоғарылауы байқалады, мұндай пациенттерде дәрілік затты дозалау жөніндегі ұсынымдар жоқ. Емді амлодипиннің ең аз тиімді дозасын пайдалана отырып бастаған жөн, емнің басында және дәрілік заттың дозасын арттырған кезде сақ болу керек. Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде амлодипин дозасын біртіндеп арттыру қажет, бұл ретте пациенттерді мұқият медициналық бақылауды қамтамасыз ету керек.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде амлодипин дозасын түзету талап етілмейді. Қан плазмасындағы амлодипин концентрациясының өзгеруі бүйрек функциясының бұзылу дәрежесіне байланысты емес. Амлодипин организмнен диализ арқылы шығарылмайды.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде амлодипин дозасын арттырған кезде сақ болу керек.

Лизиноприл

Симптоматикалық артериялық гипотензия

Симптоматикалық артериялық гипотензия асқынбаған артериялық гипертензиясы бар пациенттерде сирек байқалады. Артериялық гипотензияның даму қаупі артериялық гипертензиясы бар пациенттерде айналымдағы қан көлемі (АҚК) төмендегенде, мысалы, диуретиктерді қабылдау, құрамында тұз мөлшері төмен диетаны ұстану, диализ, құсу, диарея жүргізу салдарынан немесе ауыр ренинге тәуелді артериялық гипертензиясы бар пациенттерде артады.

Симптоматикалық артериялық гипотензия жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде (бүйрек жеткіліксіздігімен бірге немесе онсыз) тіркелді. Артериялық гипотензияның даму қаупі жүрек жеткіліксіздігінің ауыр түрлеріне шалдыққан пациенттерде артады, бұл ілмекті диуретиктердің жоғары дозаларын пайдаланумен, гипонатриемияның пайда болуымен немесе бүйрек функциясының бұзылуымен байланысты. Артериялық гипотензияның даму қаупі жоғары пациенттерді емдеудің басында және лизиноприл дозасын түзету кезінде мұқият бақылауды қамтамасыз ету қажет. Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) немесе цереброваскулярлық аурулары бар, АҚ елеулі төмендеуі миокард инфарктісінің дамуымен немесе ми қанайналымының жедел бұзылуымен қатар жүруі мүмкін пациенттер де мұқият қадағалауда болуы тиіс.

Артериялық гипотензия туындаған кезде пациентті жатқызу керек; қажет болған жағдайда физиологиялық ерітіндіні вена ішіне енгізу керек. Транзиторлы артериялық гипотензия лизиноприлді кейіннен қолдануға қарсы көрсетілім болып табылмайды; дәрілік затты, әдетте, АҚК ұлғаюы аясында АҚ артқаннан кейін де пайдалануға болады.

АҚ қалыпты немесе төмен жүрек жеткіліксіздігіне шалдыққан кейбір пациенттерде лизиноприлді қолданған кезде жүйелік АҚ-ның қосымша төмендеуі байқалуы мүмкін. Бұл әсер күтілетін болып табылады және әдетте емдеуді тоқтатуды қажет етпейді. Егер артериялық гипотензия клиникалық симптомдардың дамуымен қатар жүрсе, дозаны төмендету немесе дәрілік затты қолдануды тоқтату қажеттілігі туындауы мүмкін.

Жедел миокард инфарктісі кезіндегі артериялық гипотензия

Вазодилататорлармен емдеуден кейін елеулі гемодинамикалық бұзылулардың пайда болу қаупі бар жедел миокард инфарктісіне шалдыққан пациенттерде лизиноприлмен емдеуді бастамаған жөн (систолалық АҚ 100 мм сын.бағ. және одан кем пациенттер, кардиогенді шокқа шалдыққан пациенттер). Егер миокард инфарктісінен кейінгі алғашқы 3 күн ішінде систолалық АҚ 120 мм сын.бағ. құраса және одан аз болса, лизиноприл дозасын төмендету керек. Егер систолалық АҚ 100 мм сын.бағ. немесе одан кем болса, дәрілік заттың демеуші дозасын 5 мг-ға дейін немесе уақытша 2,5 мг-ға дейін төмендету керек. Артериялық гипотензия (систолалық АҚ 90 мм.сын. бағ.аз) 1 сағаттан астам уақыт бойы тіркелген жағдайда, лизиноприлмен емдеуді тоқтату керек.

Аортальді клапан стенозы, митральді клапан стенозы, гипертрофиялық кардиомиопатия

Басқа АӨФ тежегіштері сияқты лизиноприлді митральді клапан стенозы және сол жақ қарыншаның шығу жолының обструкциясы бар пациенттерде, мысалы, аортальді стеноз немесе гипертрофиялық кардиомиопатия кезінде сақтықпен қолдану керек.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде (креатинин клиренсі (Crcl) 80 мл/мин кем) лизиноприлдің бастапқы дозасын Clcr ескере отырып (1-кестені қараңыз), ал кейіннен пациенттің емге жауабына қарай таңдаған жөн. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қандағы калий мен креатинин деңгейін ұдайы бақылап отыру керек.

1-кесте. Бүйрек жеткіліксіздігі кезіндегі лизиноприл дозасын түзету

* Дозаны және / немесе қолдану жиілігін АҚ деңгейін ескере отырып түзету қажет.

Сақтық шаралары

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ұсынылатын доза - тәулігіне бір рет 1 таблетка, ең жоғары тәуліктік доза - 1 таблетка.

Әдетте, тіркелген дозалардағы дәрілік заттардың біріктірілімінен тұратын препараттар ауруларды бастапқы емдеу ретінде көрсетілмейді.

Амлипин препаратын препаратта бар амлодипин мен лизиноприл дозалары дәрілік заттардың жеке белгіленген тиімді демеуші дозаларына сәйкес келген жағдайларда ғана пайдалану керек. Емдеу кезінде біріктірілімнің қандай да бір компоненттерінің дозасын өзгерту қажет болған жағдайда, құрамында тиісті дозадағы дәрілік зат бар біріктірілімді таңдау немесе дәрілік заттарды бөлек қабылдауға көшу ұсынылады.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

18 жасқа дейінгі балалардағы Амлипин препаратының қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Егде жастағы пациенттер (65 жастан асқан)

Егде жастағы пациенттерде Амлипин препаратын сақтықпен қолдану керек.

Зерттеулерде жасына байланысты амлодипин мен лизиноприлдің тиімділігі мен қауіпсіздігі бейініндегі өзгерістер байқалмады. Препараттың оңтайлы демеуші дозасын жеке тәртіппен анықтау үшін амлодипин мен лизиноприлдің дозаларын жеке таңдау қажет.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде препараттың оңтайлы бастапқы және демеуші дозасын анықтау үшін жеке тәртіппен амлодипин мен лизиноприл дозасын жеке таңдау қажет.

Амлипинмен емдеу кезінде бүйрек функциясын, қан сарысуындағы калий мен натрий деңгейін бақылау қажет. Егер Амлипин препаратымен емдеу аясында бүйрек функциясының төмендеуі байқалса, препаратты қолдануды тоқтатып, тиісті түрде іріктелген дозаларда амлодипин мен лизиноприлді бөлек қабылдауды жалғастыру керек.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Жеңіл және орташа ауырлық дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде Амлипин препаратын дозалау жөніндегі ұсынымдар жоқ, сондықтан препаратты осындай пациенттерде қолданған кезде сақ болу қажет; емді препаратты ең аз дозада пайдалана отырып, бастау керек. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде препараттың оңтайлы бастапқы және демеуші дозасын анықтау үшін жеке тәртіппен амлодипин мен лизиноприл дозасын жеке таңдау қажет.

Ауыр бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде амлодипиннің фармакокинетикалық параметрлерін зерттеу жүргізілмеген, мұндай пациенттерде дәрілік затты ең аз дозада пайдалана отырып, амлодипинмен емдеуді бастаған жөн, кейіннен дозаны біртіндеп арттыруға болады.

Енгізу әдісі және жолы

Таблеткалар тамақ ішуге қарамастан ішке қабылданады.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Амлодипин

Адамдарда амлодипиннің әдейі артық дозалануы туралы деректер шектеулі.

Симптомдары

Қазіргі кездегі мәліметтерге сәйкес, амлодипиннің ауыр дозалануы кезінде айқын шеткері вазодилатация, сондай-ақ рефлекторлық тахикардия пайда болуы мүмкін. Айқын артериялық гипотензияның даму, ұзақ уақыт бойы, оның ішінде шоктың және өліммен аяқталған жағдайдың дамуы орын алуы мүмкін жағдайлар туралы хабарланған.

Амлодипиннің артық дозалануының салдары ретінде кардиогенді емес өкпе ісінуінің дамуы туралы сирек жағдайларда хабарланды, оның басталу мерзімі кейінге шегеріліп (енгізгеннен кейін 24-48 сағаттан кейін) және өкпені жасанды желдетуді қажет етуі мүмкін. Кардиогенді емес өкпе ісінуінің дамуына ықпал ететін факторлар перфузия мен жүрек шығарылымын сақтау үшін жасалған ерте реанимациялық іс-шаралар болуы мүмкін (соның ішінде сұйықтықтың шамадан тыс жүктелуі).

Емі

Амлодипиннің артық дозалануымен байланысты клиникалық маңызды артериялық гипотензия кезінде пациентті шалқасынан (аяқтың жоғары көтерген қалпы) жатқызу, жүрек-қантамыр жүйесі функцияларының сақталуын қамтамасыз ету және жүрек-қантамыр және тыныс алу жүйелері, АҚК және диурез функцияларының тұрақты мониторингін жүргізу қажет.

Тамырлардың тонусын және АҚ қалпына келтіру үшін тамыр тарылтатын дәрілерді пайдалану орынды болуы мүмкін (қолдануға қарсы көрсетілімдер болмаған кезде). Кальций глюконатын вена ішіне енгізген кезде кальций өзекшелерінің блокадасына байланысты әсерлердің кері дамуы мүмкін.

Кейбір жағдайларда асқазанды шаю тиімді болуы мүмкін. Амлодипин (10 мг) қабылдағаннан кейін 2 сағат ішінде белсендірілген көмірді пайдаланған кезде дәрілік заттың сіңу жылдамдығы төмендегені анықталды.

Амлодипиннің қан плазмасы ақуыздарымен байланысу дәрежесі жоғары болғандықтан, дәрілік зат организмнен диализ арқылы шығарылмайды.

Лизиноприл

Симптомдары

Адамдарда лизиноприлдің артық дозалануы туралы деректер шектеулі.

АӨФ тежегіштерінің артық дозалануымен байланысты симптомдарға: артериялық гипотензия, циркуляторлық шок, электролиттік теңгерімнің бұзылуы, бүйрек жеткіліксіздігі, гипервентиляция, тахикардия, пальпитация, брадикардия, бас айналу, үрей және жөтел жатады.

Емі

Лизиноприлдің артық дозалануы кезінде физиологиялық ерітіндіні вена ішіне енгізу ұсынылады. Артериялық гипотензияның дамуы кезінде пациентке шалқасынан (аяқты жоғары көтерген қалпы) жатқызу қажет.

Мүмкіндігінше ангиотензин II (инфузия) және/немесе катехоламиндерді (вена ішіне енгізу) қолдану туралы мәселені қарастырған жөн. Лизиноприл қабылдағаннан кейін аз уақыт өткен жағдайда, дәрілік затты организмнен шығаруға бағытталған шараларды қабылдау қажет (мысалы, құстырту, асқазанды шаю, адсорбциялайтын дәрілер мен натрий сульфатын пайдалану). Лизиноприл жүйелі қан ағымынан гемодиализ арқылы шығарылады. Дәрілік емге төзімді брадикардияның дамуымен кардиостимулятор қондырғысы көрсетілген. Өмірлік маңызды ағзалар мен жүйелер функцияларына, су-электролиттік теңгерімге және қан сарысуындағы креатинин концентрациясына жиі мониторинг жүргізу қажет.

Амлипин

Адамда Амлипин препаратының артық дозалануы туралы деректер жоқ.

Препараттың артық дозалануы кезінде айқын артериялық гипотензиямен, жедел тамыр жеткіліксіздігімен, электролиттік теңгерімнің бұзылуымен, бүйрек жеткіліксіздігімен, гипервентиляциямен, тахикардиямен, пальпитациямен, брадикардиямен, бас айналумен, алаңдаушылықпен және жөтелмен айқын білінетін шеткері вазодилатация білінуі мүмкін. Препараттың артық дозалануы кезінде симптоматикалық ем жүргізу ұсынылады, пациентті жатқызу, жүрек-қантамыр және тыныс алу жүйелерінің функцияларын демеуді қамтамасыз ету және өмірлік маңызды ағзалар мен жүйелердің, АҚ, АҚК, су-электролиттік теңгерімнің функцияларына, сондай-ақ қан сарысуындағы креатинин концентрациясына мониторинг жүргізу қажет. Айқын артериялық гипотензия дамыған жағдайларда пациентті шалқасынан жатқызу (аяқты жоғары көтерген қалпы) қажет; егер ерітінділерді вена ішіне енгізу кезінде тиісті әсер байқалмаса, тамыр тарылтатын дәрілерді қолдану орынды болуы мүмкін (қолдануға болмайтын жағдайлар болмаған кезде). Мүмкіндігінше ангиотензин II (инфузия) қолдану туралы мәселені қарау керек. Кальций глюконатын вена ішіне енгізген кезде кальций өзекшелерінің блокадасына байланысты әсерлердің кері дамуы мүмкін.

Лизиноприл гемодиализ арқылы жүйелі қан ағымынан шығарылады, бұл ретте жоғары ағынды диализдік жарғақшаларды (мысалы, AN69) пайдалану ұсынылмайды.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну ұсынылады

Шығарылу түрі

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

3 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Караганда қаласындағы «Амлипин таблеткалары 5 мг/5 мг №30» бағасының өзгеру диаграммасы

0700140021002800350012-0217-0222-0227-0204-0309-0314-0319-0324-0329-033-048-0413-0418-0423-0428-043-058-0513-0518-0523-0528-052-067-0612-0617-0622-0627-062-077-07
Орташа баға
Ең төменгі баға

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыАмлипин таблеткалары 5 мг/5 мг №30 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube