Состав
Бір таблетканың құрамында:
белсенді зат - винпоцетин, 10 мг,
қосымша заттар: сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, тальк, жүгері крахмалы, лактоза моногидраты.

Бір таблетканың құрамында:
белсенді зат - винпоцетин, 10 мг,
қосымша заттар: сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, тальк, жүгері крахмалы, лактоза моногидраты.
Неврология: Ми қан айналымы бұзылуларының әр түрлерінде: инсульттан кейінгі жағдай, вертебробазилярлы жетіспеушілік, тамырлы деменция, бас миы тамырларының атеросклерозы, жарақаттан кейінгі және гипертониялық энцефалопатия. Мидың қанмен қамтамасыз етілуі бұзылуына байланысты психикалық немесе неврологиялық бұзылу көрінісін азайту үшін.
Офтальмология: Көздің қантамырлық қабығының және торқабығының созылмалы тамырлы аурулары.
Отология: Қарттыққа байланысты саңыраулықтың перцептивті типі, Меньер ауруы және құлақтың шыңылдауы.
- белсенді затқа немесе 6.1-тармақта көрсетілген препараттың кез-келген қосымша компонентіне жоғары сезімталдық
- жүктілік, баланы емізу кезеңі және контрацепцияның сенімді әдісін пайдаланбайтын, бала туушылық қабілеті сақталған әйелдерде қолдану
- 18 жасқа дейінгі балаларда және жасөспірімдерде (тиісті клиникалық зерттеулер деректерінің болмауына байланысты).
- тұқымқуалайатын галактоза жақпаушылығымен байланысты және жалпы лактаза жетіспеушілігі немесе глюкозо-галактозды мальабсорбция
Клопамид, глибенкламид, дигоксин, аценокумарол немесе гидрохлоротиазид сияқты винпоцетин мен бета-блокаторларды (хлоранолол және пиндолол сияқты) бір мезгілде қолданған кезде өзара әрекеттесулер байқалған жоқ.
Кейбір жағдайларда альфа-метилдопа мен винпоцетинді бір мезгілде қолданған кезде елеусіз қосымша әсері туралы хабарланған, мұндай біріктірілімде артериялық қысымды тұрақты бақылап отыру ұсынылады.
Өзара әрекеттесу мүмкіндігін растайтын деректердің болмауына қарамастан, винпоцетинді орталық жүйке жүйесіне әсер ететін препараттармен бір мезгілде қолданған кезде, сондай-ақ жүрек ырғағына қарсы және антикоагулянтты әсері бар препараттарды бір мезгілде қолданған жағдайда сақтық таныту ұсынылады.
QT аралығы ұзаруы
QT аралығы ұзару синдромы болған кезде немесе QT аралығының ұзаруына ықпал ететін дәрілік затты бір мезгілде қабылдаған кезде ЭКГ-бақылауын жүргізу ұсынылады.
Қосымша заттар
Кавинтон Форте препаратының әрбір таблеткасының құрамында 83 мг лактоза бар. Сирек кездесетін, тұқымқуалайтын галактоза жақпаушылығымен жүретін, жалпы лактаза жетіспеушілігі немесе глюкозо-галактозды мальабсорбциясы бар пациенттер бұл препаратты қабылдамаған жөн.
Жүктілік және лактация кезінде
Жүктілік кезінде және баланы емізу кезінде, сондай-ақ контрацепцияның сенімді әдісін пайдаланбайтын, бала туушылық қабілеті сақталған әйелдерде винпоцетинді қолдануға болмайды.
Жүктілік
Винпоцетин плацентарлық тосқауыл арқылы енеді, алайда плацентада және ұрықтың қанында оның концентрациясы жүкті әйелдің қанына қарағанда төмен. Репродуктивті уыттылығын көрсету мүмкін, даму ақауларымен қоса алғанда.
Винпоцетиннің үлкен дозасын қабылдау плаценталық қан кету немесе түсік тастауға әкелуі мүмкін, плаценталық қан ағынының күшеюі нәтижесінде деген болжам бар.
Бала емізу
Винпоцетин емшек сүтіне енеді. Ананың қанына қарағанда ана сүтінде шамамен винпоцетин концентрациясы он есе жоғары болды. 1 сағат ішінде емшек сүтіне қабылданған дозаның 0,25%-ы енеді. Винпоцетин емшек сүтіне өтетіндіктен, және де оның емшек жасындағы балаларға әсері туралы деректер болмағандықтан, баланы емізу кезінде оны қолдану қарсы көрсетілімде.
Препараттың көлік құралын немесе потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпалының ерекшеліктері
Винпоцетиннің көлік құралын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне ықпалы туралы деректер жоқ.
Дозалау режимі
Әдеттегі тәуліктік дозасы 5–10 мг-нан 3 ретті құрайды (15–30 мг тәулігіне).
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Кавинтон Форте препаратын балаларға қолдануға болмайды.
Бүйрек және бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауыр мен бүйрек қызметі бұзылған пациенттер әдеттегі дозаны ала алады.
Артық дозалану жағдайлары тіркелген жоқ. Арнайы антидоты жоқ. Емі: симптоматикалық және сүйемелдеуші ем.
15 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
2 немесе 6 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.
Жарықтан қорғалған жерде, 15 °С-ден 30 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.
от
Ваша выгода до: 228₸
Выгода за счет лучшего поиска:
Средняя цена в Караганде:
При заказе на Daribar от:
Ваша выгода до:
2468₸
2240₸
228₸