Қолдану көрсеткіштері
Кез келген орналасудағы жарақаттан кейінгі, интра- және операциядан кейінгі ісінулерді кешенді емдеу құрамында:
- ми мен жұлынның, оның ішінде бассүйекішілік қан құйылулары, бассүйекішілік қысымның жоғарылауы және ісіп-домбығу құбылысы бар ауыр ісінулерде;
- ми қан айналымының созылмалы бұзылуы және вегето-қантамырлық дистониясы кезінде ликворлы-веноздық бұзылуында;
- тірек-қимыл аппаратына таралатын, жергілікті қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылыстары мен ауыру синдромы қатар жүретін жұмсақ тіндердің ісінуінде;
- омыртқа бағанының, дененің, аяқ-қолдардың тарапынан ісініп-ауыру синдромында;
- жедел тромбофлебит кезінде, ісіну-қабыну синдромымен қатар жүретін аяқтың веналық қан айналымының ауыр бұзылуларында.