Қолдану көрсеткіштері
Дәрілік препарат ересектерде қолдануға арналған:
- антибиотиктермен, сульфаниламидтермен емдеу, сәулемен емдеу кезінде және емдеуден кейін ішектің физиологиялық флорасы бұзылғанда
- саяхатшылардағы диареяда
- ас қорытудың жеткіліксіздігі синдромында, ферментопатияларда, диспепсияда
- диареяда, метеоризмде, іш қатуларда
- этиологиясы әртүрлі (бактериялық және вирустық) жедел және созылмалы энтероколиттерде біріктірілген ем құрамында
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
препараттың белсенді затына немесе компоненттеріне жоғары сезімталдық
тромбоз, эритремия, эритроцитоз
сүт өнімдерін көтере алмаушылық
В12 дәрумені – анемия тапшылығы
пернициозды анемия
қатерлі жаңа түзілімдер
кобаламин тапшылығы
жүктілік және лактация кезеңі
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары
Лактон препаратын қабылдамас бұрын дәрігермен кеңесіңіз.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Антацидтермен (кальций, алюминий және магний препараттары), колестираминмен, этил спиртімен, вальпрой қышқылымен, сульфонамидтермен және цитостатиктермен бір мезгілде қабылдау лактонның емдік әсерін төмендетеді.
Құрысуға қарсы препараттар (фенитоин және карбамазепин), стероид емес анальгетиктер, эстрогендер, пероральді контрацептивтер фолий қышқылына қажеттілікті арттырады.
Фолий қышқылы фенитоиннің тиімділігін төмендетеді.
Метотрексат, пириметамин, триамтерен, триметоприм дигидрофолатредуктазды тежейді және фолий қышқылының әсерін төмендетеді (осы препараттарды қабылдайтын пациенттерге кальций фолинатын тағайындау керек).
Аминогликозидтер, салицилаттар, эпилепсияға қарсы препараттар, колхицин, калий препараттары В12 дәруменінің сіңірілуін төмендетеді.
Хлорамфеникол В12 дәруменінің гемопоэтикалық әсерін төмендетеді. Қанның ұюын арттыратын препараттармен біріктіруге болмайды.
Арнайы ескертулер
Онкологиялық аурумен ауыратын науқастарға, тромбоз және целиакиймен ауыратын науқастарға қабылдау кезінде сақтық шараларын сақтау қажет. Үлкен дозаларды қабылдаған кезде резистенттіліктің пайда болуы мүмкін.
Құрамында фолий қышқылы бар препараттар В12-анемия тапшылығын (пернициозды), нормацитарлы және апластикалық анемияны емдеу үшін пайдаланылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, зейін қоюды талап ететін көлік құралын немесе ықтимал қауіпті механизмді басқару кезінде сақ болу керек.