Қолдану көрсеткіштері
Дәрілік препарат 18 жастан асқан ересектерде қолданылады
• он екі елі ішектің ойық жара ауруын емдеу;
• он екі елі ішектің ойық жара ауруы қайталануының профилактикасы;
• асқазанның ойық жара ауруын емдеу;
• асқазанның ойық жара ауруының қайталануының профилактикасы;
• ойық жара ауруында тиісті антибиотиктермен біріктіріп Helicobacter pylori (H. pylori) эрадикациялау;
• қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (ҚҚСП) қабылдаумен байланысты дамыған асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруын емдеу;
• қауіп тобындағы пациенттерде ҚҚСП қабылдаумен байланысты дамыған асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруының профилактикасы;
• рефлюкс-эзофагитті емдеу;
• рефлюкс-эзофагиті емделген пациенттерде қайталанудың ұзақ мерзімді профилактикасы;
• симптоматикалық гастроэзофагеальді рефлюксті ауруды емдеу;
• Золлингер-Эллисон синдромын емдеу.