daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Караганде қаласындағы Панаш Кремі 0,25% 30 Г | Кусум Хелткер Пвт. Лтд.

Караганде қаласындағы Панаш Кремі 0,25% 30 Г | Кусум Хелткер Пвт. Лтд.

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Бозғылт сарыдан сары түске дейінгі тұтқыр крем.

Халықаралық атауы:

Тиоколхикозид

Өндіруші:

Кусум Хелткер Пвт. Лтд.

Өндіруші ел:

Республика Индия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: карбомер (карбопол 940), динатрий эдетаты, жеңіл сұйық парафин, изопропил спирті, пропиленгликоль, глицерин (глицерол), натрий гидроксиді пеллеттер, изопропилмиристат (Kollicream IPM), полиоксил 40 (гидрогенизацияланған майсана майы (Cremophor RH40)), тазартылған су. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Бозғылт сарыдан сары түске дейінгі тұтқыр крем.

Белсенді заттың дозасы:

2,5мг/г

Дәрілік түрі:

Крем 0.25%

Қаптамадағы саны:

1 шт.
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

Бір грамм кремнің құрамында

белсенді зат – тиоколхикозид 2.5 мг,

қосымша заттар: карбомер (карбопол 940), динатрий эдетаты, жеңіл сұйық парафин, изопропил спирті, пропиленгликоль, глицерин (глицерол), натрий гидроксиді пеллеттер, изопропилмиристат (Kollicream IPM), полиоксил 40 (гидрогенизацияланған майсана майы (Cremophor RH40)), тазартылған су.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Бозғылт сарыдан сары түске дейінгі тұтқыр крем.

Қолдану көрсеткіштері

- ауырсындыратын бұлшықет спазмдарын симптоматикалық емдеу

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- тері жамылғыларының бүтіндігінің бұзылуы

- бұлшықет гипотониясы

- жеңіл паралич

- антикоагулянттармен емдеу және қан құйылуға бейімділік

- жүктілік және лактация кезеңі

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Аса жоғары сезімталдық реакциялары дамыған жағдайда препаратпен емдеуді тоқтату керек.

ПАНАШ® кремін ашық жараларға тигізбей, тек зақымдалмаған теріге ғана жағу керек. Жаққаннан кейін окклюзиялық таңғышты қолдануға болмайды. Препараттың көзге және шырышты қабықтарға түсуіне жол бермеу керек.

Тиоколхикозид эпилепсиясы бар пациенттерде немесе эпилепсиялық ұстамалар қаупі бар пациенттерде құрысуды тудыруы мүмкін.

Пациенттер жүктілік басталған жағдайда ықтимал қауіп туралы және контрацепцияның тиімді әдістерін пайдалану қажеттілігі туралы хабардар етілуі керек.

Дәрігерлер мен пациенттердің қауіпсіздігі туралы жаңа ақпаратты уақтылы алу үшін кез келген жағымсыз реакциялар туралы хабарлауды сұрайды.

Басқа дәрілік  препараттармен өзара әрекеттесуі

Дәрілік өзара әрекеттесу туралы деректер жоқ. Алайда, басқа миорелаксанттармен бір мезгілде қолданған кезде сақ болу керек. 

Орталық жүйке жүйесін тежейтін препараттармен, оның ішінде алкогольмен, антигипертензивті препараттармен, кураре тәрізді препараттармен бір мезгілде қолданғанда миорелаксацияның күшеюі және ОЖЖ бәсеңдеуі, гипотонияның дамуы мүмкін.

Антикоагулянттармен бір мезгілде қолданған кезде қан кету қаупі артады.

Арнайы сақтандырулар

Қосымша заттар

ПАНАШ® кремінің құрамында препараттың әр грамында 50 мг пропиленгликоль бар, бұл 50 мг/г-ға баламалы. Пропиленгликоль теріні тітіркендіруі мүмкін.

ПАНАШ® құрамында пропиленгликоль бар болғандықтан, оны ашық жараларға немесе жарақаттанған немесе зақымдалған терінің үлкен бөліктеріне (мысалы, күйік) емдеуші дәрігермен немесе фармацевтпен кеңеспей пайдаланбаңыз.

Препарат құрамында көмекші зат ретінде кастор майы бар, бұл терінің реакциясын тудыруы мүмкін.

Педиатрияда қолдану

Дәрілік зат балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолданылмауы тиіс.

Жүктілік кезінде қолдану

Жүкті әйелдерде тиоколхикозидті қолдану туралы деректер шектеулі. Препаратты жүктілік кезінде және контрацепцияны қолданбайтын бала туатын жастағы әйелдерге қолдануға болмайды.

Лактация кезінде қолдану

Тиоколхикозидтің емшек сүтіне енуіне байланысты оны бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды.

Фертильділік

Тиоколхикозид және оның әртүрлі концентрациядағы метаболиттері анеуплоидияны тудыруға қабілетті, бұл адамның фертильділігін төмендетудің қауіп факторы болуы мүмкін.

Арнайы нұсқаулар

Қосымша заттар

ПАНАШ® кремінің құрамында препараттың әр грамында 50 мг пропиленгликоль бар, бұл 50 мг/г-ға баламалы. Пропиленгликоль теріні тітіркендіруі мүмкін.

ПАНАШ® құрамында пропиленгликоль бар болғандықтан, оны ашық жараларға немесе жарақаттанған немесе зақымдалған терінің үлкен бөліктеріне (мысалы, күйік) емдеуші дәрігермен немесе фармацевтпен кеңеспей пайдаланбаңыз.

Препарат құрамында көмекші зат ретінде кастор майы бар, бұл терінің реакциясын тудыруы мүмкін.

Педиатрияда қолдану

Дәрілік зат балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолданылмауы тиіс.

Жүктілік кезінде қолдану

Жүкті әйелдерде тиоколхикозидті қолдану туралы деректер шектеулі. Препаратты жүктілік кезінде және контрацепцияны қолданбайтын бала туатын жастағы әйелдерге қолдануға болмайды.

Лактация кезінде қолдану

Тиоколхикозидтің емшек сүтіне енуіне байланысты оны бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды.

Фертильділік

Тиоколхикозид және оның әртүрлі концентрациядағы метаболиттері анеуплоидияны тудыруға қабілетті, бұл адамның фертильділігін төмендетудің қауіп факторы болуы мүмкін.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектер мен 18 жастағы жасөспірімдерде ПАНАШ® кремі емдеуші дәрігердің бақылауымен күніне 2-3 рет қолданылады. Кремнің жолағын теріге жағады және аздап ысқылайды Қолданылатын препараттың мөлшері ауырсындыратын аймақтың көлеміне байланысты.

Препаратты жаққаннан кейін қолды жуу керек.

Емдеу ұзақтығы көрсетімдер мен емнің тиімділігіне байланысты.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

ПАНАШ® кремін 15 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдану ұсынылмайды.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде препаратты қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректердің жеткілікті саны жоқ.

Бүйрек/бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек/бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде препаратты қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректердің жеткілікті саны жоқ.

Енгізу әдісі мен жолы

ПАНАШ® кремі сыртқа қолданылады.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Симптомдары: жағымсыз әсерлердің күшеюі мүмкін.

Емі: симптоматикалық және демеуші ем.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне консультацияға жүгіну бойынша ұсынымдар

Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.

Артық дозалану

Симптомдары: жағымсыз әсерлердің күшеюі мүмкін.

Емі: симптоматикалық және демеуші ем.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне консультацияға жүгіну бойынша ұсынымдар

Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.

Жанама әсерлері

Сирек

- жанаспалы дерматит, бөртпе, есекжем, бронх демікпесі, ангионевроздық ісіну

- бас айналу, ұйқышылдық

- жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, іш өту

Өте сирек

- анафилаксиялық шок, терінің аллергиялық реакциялары

Шығарылу түрі

30 г препараттан алюминий сықпаларға салады.

1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Мұздатып қатыруға болмайды!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Салмағы

30 г

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыПанаш кремі 0,25% 30 г дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
3400

-ден

Сіздің үнемдеуіңіз: 182

i

Жақсы іздеудің арқасында пайда:

Орташа баға Караганде:

Daribar-дан тапсырыс бергенде:

Сіздің үнемдеуіңіз:

3582

3400

182

Себетке

Құрамы

Тауар туралы қысқашаНұсқаулықСатып алу мәліметтері

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube