Қолдану көрсеткіштері
Диоксидин ® препараты ересек пациенттерді емдеу үшін көрсетілген.
Басқа химиотерапиялық препараттардың тиімсіздігімен немесе олардың нашар төзімділігімен сезімтал микрофлорадан туындаған іріңді бактериялық инфекциялар.
Қуыс ішіне енгізу
кеуде және құрсақ қуыстарының іріңді процестер, іріңді плевритте, плевра эмпиемасында, өкпе абцестерінде, перитониттерде, циститтерде, терең іріңді қуыстары бар жараларда (жұмсақ тіндер абсцестерінде, жамбас шел қабатының флегмоналарында, операциядан кейінгі несеп және өт шығару жолдарының жараларында, іріңді маститте және т. б.)
қуықты катетеризациялаудан кейінгі инфекциялық асқынулардың профилактикасында.
Сыртқа қолдану
орналасуы әртүрлі беткейлік және терең жаралар, ұзақ уақыт жазылмайтын жаралар мен трофикалық ойық жараларда, жұмсақ тіндер флегмоналары, инфекция жұқтырған күйікте, остеомиелит кезіндегі іріңді жараларда.